75 көрілім

Алаяқтық неге жыл санап белең алып барады? Неге алаяқтардың құрбаны болған адамдар саны жыл өткен сайын өсе түсуде?  Өкінішке орай, бұндай келеңсіздіктің ең басты себебін, алаяқтық қылмыстың, алаяқтардың көбеюінен емес, адамдардың сондайлардың арбауына түсуге бейім тұратын аңғалдығынан іздеу қажет. Қазақ «қашар көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбес» дейді. Яғни, алаяқтық қылмыс қай жерде адамдар оңай олжа бар дегенге сенітін аңқау болса, сол жерде белең алады.

Жылына 2 пайыздық заим

Мен үш айдан бері ресейлік Лайф из Гуд деген МЛМ компаниясына тіркеліп, жұмыс жасап жатырмын. Компанияның басында Роман Валиленко деген ресейге танымал өте білімді және өз ісін жете білетін білікті кәсіпкер тұр. Ол 2014 жылы Ресейдің жыл адамы атағын алған. Яғни, жұртшылыққа кең танымал тұлға.

Осы компанияның ұсынып отырған екі түрлі өнімі бар: 1-ші – жылына 2 пайыз өсіммен 10 жылға бөліп төлеуге мүмкіндік беретін пәтер сатып алуға арналған тұрғын үй кооперативі; 2-ші – жылына 20 пайыздық валютамен өсім беретін Виста депозиті. Екеуі де халық тарапынан үлкен сұранысқа ие және жұртшылыққа игілік әкелетін өнімдер.

Мен жергілікті басылымға және интернет жарнама тақтасына кооператив туралы хабарландыру берген едім. Біраз адам хабарласты. Солардың көзқарастары мені қайран қалдырды. Олардың көбінің түсінігінше, кооператив 10 жылға жылдық өсімі 2 пайыз зайымды еш кепілсіз, еш құжатсыз мә деп бере салады екен. Бұл кооператив екендігі, оған кіру үшін алдымен сатып алатын үйдің 35 пайызы мөлшерінде алғашқы міндетті жарна төлеу қажеттігі жайында айта бастағанда әлгілер трубканы тастай салады.

Осыған қарап, алаяқтық неге өршіп барады деген сауалға жауап тапқандай болдым. Егер мен «бұл займ 10 жылға еш кепілсіз беріледі, оны алу үшін кооперативке кіруге қажетті  100 мың теңге мүшелік жарна төлесеңіз болғаны, бір айда қажет соманы аласыз» десем, жүз мың теңгені лақтырып тастауға бейім адамдар көп болады екен. Егер мен алаяқ болсам, жүз мыңнан әр адамнан жинап аламын да, із-түзсіз жоғаламын. 100 мың теңге онша көп ақша емес, жәрайды деп жұрттың көбі әуреге түсіп, полицияға хабарласып жатпайды. Міне, алаяқтықтың өршуіне осылайша адамдар өздері себеп болып жатқан сияқты.

Енді ақылға салып көрейік: ау, қазіргі нарық жағдайында жылдық өсімі 2 пайызбен есі дұрыс компания он жылға займ бере ме? Бұл мүмкін бе? Инфляцияның өзі жылына 6-7 пайыз болып отырғанда, осылай жасау ақылға сиымды ма? Бұлай тек есуас адам ғана ойласа керек. Өкінішке орай, оңай жолмен ақша тапқысы келетін аңғал адамдардың көбі дәл осылай ойлайды екен және ондайлар АЛАЯҚТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТТІ ҚҰРБАНДАРЫ болып табылады. Осындай оңай жолмен ақша табуға болады деп соған сенетіндер тұрғанда АЛАЯҚТЫҚ ЕШҚАШАН ЖОҒАЛМАЙДЫ.

Түйін: Алаяқтардың арбауына түспеймін десеңіз, ең алдымен өмірге шынайы көзқараспен қарап үйреніңіз. «Тегін ірімшік қақпанда ғана болады» дейтін орыс нақылын ешқашан естен шығармаңыз. Үйіп-төккен уәдені тек алаяқтар ғана бере алады. Ал шынайы компаниялар сізге ешқашан ондай жалған уәде бермейді және шындықты айтып, сіздің осылай жасау арқылы қандай пайда табатыныңызды нақты түсіндіреді. Яғни, өмірге шынайы көзқараспен қарап үйреніңіз, қиялға берілмеңіз. Сонда алаяқтардан аулақ боласыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика