Терроризммен қалай тиімді күресуге болады?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бүгінгі ғылым мен технологияның дамыған заманында баршамызға ақпарат тарату құралдарының кең тараған түрі – ғаламтор желілері. Мұның пайдалану үрдістері де әртүрлі. Өйткені, бүгінгі жастардың санасы мен психологиясы һәм тұрмыс-тіршілігі ғаламтор әлемімен тығыз байланысты екені белгілі. Осы ретте отандық дін ғалымдары ғылым мен білім, тағылым жолында іс жүзінде мешіт-медреселерде және өзге де діни орындарда уағыз-насихат жұмыстарын жүргізген уақытта радикалдық топтар ғаламтор желілері арқылы дәстүрлі емес, экстремистік идеологияларын таратуға кірісті. Жастарымыздың бір бөлігінің ғаламтор желілері арқылы теріс идеологиялардың арбауына тез ілініп, қолшоқпары болып кеткені де рас.

Осы орайда, жат ағымдардың интернет желілерін пайдалану тәсілдеріне тоқталғанымыз жөн. Күнделікті тұрмыста тепсе темір үзетін жастарымыз жаңа заман технологиясын жаппай пайдалануда. Тіпті, 8-9 жастағы бүлдіршіндердің өзі компютер, смартфон т.б. құралдарды ата-анасынан да жақсы біліп, меңгеріп алған. Бүгінгі жастар  интернет әлеміне емін-еркін кіреді, жеке аккаунттарын ашып, кез келген ақпаратқа қол жеткізе алады. Міне, осы кезде діни сауаты, таным-түсінігі қалыптасып үлгермеген буынның  теріс пиғылды топтардың тұзағына түсіп қалуы да оп-оңай.

Соңғы жылдары Таяу Шығыста белең алған лаңкестік әрекеттермен танылған «ДАЙШ» содырларының да жастарды арбау әрекеттері осы ғаламтор ресурстары арқылы, соның ішінде әлеуметтік желілерде жүзеге асырылуда. Олар ғаламтор кеңістігін тиімді пайдалана отырып, жалған ұрандарымен дінді бұрмалап, жастарға ықпал етудің түрлі жолдарын жасайды. Радикалды ағымдар жастарды арбауда көбінесе «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники» т.б. осы тектес желілерді қолданады. Экстремистер әлеуметтік желілерде күндіз-түні жастарды аңдып, олардың өмірлік көзқарастары мен дүниетанымдарын зерттеу келе өз айла-тәсілдерімен саналарын сан түрлі жолмен арбауға тырысып бағады. Дегенмен, әлеуметтік желілердегі жат ағымдардың айласымен таныс болған соң, әрбір ата-ананың ойына келетіні – мұндай келеңсіздіктерге тосқауыл қоюға қамдану.  

 Баланы қадағалау немесе әлеуметтік желілерге шектеу қою қалай жүзеге асады? 1)  Әрбір ата-ана алдымен ғаламтор желілерін өзі пайдаланып, әрдайым баласымен тығыз байланыста болуы керек; 2)  Баласынан әлеуметтік желідегі жеке аккаунтының құпия сөзі мен логинін алып, әрдайым кіріп қадағалап тұрғаны дұрыс; 3)  Баланың парақшасына әрдайым кіріп, жазбаларына қарап, рухани дүниетанымын үнемі қадағалаған абзал; 4)  Парақшасында экстремистік және террористік жазбалар болса, дереу психолог немесе дін маманымен хабарласу қажет; 5)  Баланың тіркелген бірлестіктерін қадағалау керек. Әдетте, жат ағымдар бірлестіктерге жастарды тіркеу арқылы идеологияларын таратады; 6)  Дін істері комитеті («Е-ислам») және ҚМДБ – («муфтият.кз») қарамағындағы сенімді сайттар мен бірлестіктерге тіркеліп, ресми мекемелермен тығыз байланыс орнатқанның да артықшылықтары мол;

 7)  Дін мәселесінде сұрақтар туындаса, сенімсіз бірлестіктерден, яки, радикалды бағыттағы арбаушылардан сақтану керек; 8)  Отандық ғалымдар, мамандар мен сарапшылармен байланыс орнатқан жөн; 9)  Тек сенімді бірлестіктерге тіркелу қажет; 10) Кез-келген күдік туғызған сұрақтарды «Фатуа.кз», «Е-ислам» ресми сайттарына жолдап немесе 114 қауырт желісіне қоңырау шалып, анық жауабына көз жеткізген дұрыс. Тағы да айта кетейік, ғаламтордағы, әлеуметтік желілердегі ақпараттарға өте мұқият болып, кез келген мәселенің дұрыс-бұрысын анықтауда дін мамандарынан сұрауларыңызды,өтінеміз!

Жарқын Ақжол,  

Әл-Фәрәби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 Философия және Саясаттану факульттетінің

 Дінтану мамандығының 2- курс студанті

Эдвайзер: Мұқан Нұрзат

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика