3 717 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

бақытАқыл-есі дұрыс әрбір адамда тілек болады. Тіпті, ақыл-есі әлі толыспаған сәбиде де тілек бар. Ол дауыстап жылап, қарнының ашқанын, тамақтанғысы келетінін сездіреді. Яғни, тілек тілейді. Сәби жылай бастаса-ақ анасы оған әлдененің жетіспейтіндігін сезіп, баланың тілегін қанағаттандыруға асығады.

Өкінішке орай, ересек адамдардың тілектерін қанағаттандыратын ешкім жоқ. Сондықтан ол өз тілегін өзі қанағаттанлдыруы тиіс болады. Бірақ, санамызда жалт етіп көрініп, жан дүниемізді баурап алатын қаптаған тілектердің бәрін қанағаттандыруға күшіміз де, мүмкіндігіміз де жетпейді. Тіпті, жүз тілегіміздің біреуі орындалып жатса, соған да шүкір дейтін жайымыз бар.

Тілектің орындалу, орындалмауы неге байланысты?

Тілек дегеніміз екінші ұғынықтылау сөзбен айтқанда — арман-мақсат. Яғни, біз әлденеге қол жеткізсек немесе әлдебір затқа ие болсақ деп армандаймыз. Сол мақсатымыз орындалса, өзімізді бақыттылау сезінетіндей көреміз. Бірақ тілектеріміздің көбі орындалмай жатады. Бұл өз кезегінде көңіл күйімізге кері әсерін тигізіп, соған орай айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымызды нашарлатады.

Біз тіпті, орындалуы оңай, қолжетімді тілектер тілесек те кезедйсоқ кедергілер тап болып, мақсатымызға жете аламйтын кездеріміз көп. Жалпы, тілектің орындалу, орындалмауы неге байланысты, оны реттейтін заңдылық немесе тетік бар ма? Материалистік ғылым бұған үзілді-кесілді – «жоқ» деп жауап береді. Олардың пікірінше тілектің орындалу, орындалмауы кездейсоқ жайларға байланысты болып жатады.

Ал бұған дәстүрлі діндер не дейді? Тілектің орындалу тетігі де, заңдылықтары да бар дейді дін өкілдері. Мәселен, Құранда Жаратқан адамдардың бұл дүниеге арналған тілектерін де, о дүниеге қатысты тілектерін де орындайтыны туралы аят бар. Бірақ бұл дүниенің тілегін тілеген пендеге о дүниеде несібе жоқ дейді, яғни оның барар орны тозақ болмақ. Сондықтан қасиетті кітапта екі дүниенің де тілегін тілеуге кеңес беріледі.

Тілек қалай орындалады?

Бһагавад Гитада Жаратқан бұл дүниені жаратқанда барша тіршілік иелерімен бірге ягья, яғни құрбандықты қоса жаратқандығы туралы айтылады. Алла пенделеріне «міне құрбандық, сол арқылы сендер барлық тілектеріңе жете аласыңдар, осымен бақытты болыңдар» деп ақ батасын берген дейді.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Құрбандық дегеніміз не? Бұл тек Алланың разылығы үшін малды құрбанға шалу немесе ақша, басқа да материалдық игіліктерді садақа ретінде үлестіру емес, сондай-ақ біздің сол тілегіміздің орындалуы үшін жасаған іс-әрекетіміз, яғни жұмсаған күш-қуатымыз, бөлген уақытымыз – бәрі де құрбандық болып саналады.

Енді Бһагавад Гитаның осы шартына байланысты тілегіміздің орындалуы өлшемін қарастырып көрейік. Жаратқанның үкімі бойынша тілек орындалу үшін құрбандық қажет. Егер біз тілегімізге жету үшін күш-қуатымызды, уақытымызды және ақшамызды сарып қылатын болсақ, бұның бәрі құрбандық болып табылады. Осыған орай, түптің түбінде біз тілегімізге қол жеткізуіміз шарт.

Бүгінгі ғылым тілектің орындалуы туралы не дейді?

Кванттық физиканың дамуымен бірге адамзаттың алдынан жаңа әлем ашылғанадй болды. Кванттық физика материалистік дүниедегі барлық жанды-жансыз заттар бір негізді екендігін, яғни бір бүтіннің бөлшектері екендігін айғақтап отыр. Осы кванттық физиканың заңдылықтарына сүйенген американдық интернет-кәсіпкер Джо Витале «Секрет» фильмін жасады.

Аталмыш фильмде адамның тілектерінің орындалу тетігі ғылыми негізде қарастырылып, тұжырымдалған. Біз бір нәрсені тілесек, кеңістік сол сәтінде «Алладиннің сиқырлы шамындағы» жын сияқты қол қусырып, тілегің орындалады деп үн қатады дейді фильм авторлары.

Яғни, бірінші қадам тілек тілеу. Екінші қадам Кеңістіктің немесе дін тілімен айтқанда Жаратқанның біздің тілегімізді қабыл алуы. Көп адамдар осы екі қадаммен шектеліп қалады екен де, осыдан келіп олардың тілектері орындалмай жататын көрінеді. Тілектің орындалуы үшін үшінші – негізгі қадам жасалуы қажет. Ол – қабылдау деп аталады.

Мәселен, біз сәулетті жайлы коттеджіміз болуын қаладық. Кеңістік немесе Жаратқан бұл тілегімізді тіркеп, қабылдап алды. Енді соңғы – үшінші қадам жасалуы тиіс. Үшінші қадам, яғни қабылдау – біз тараптан жасалады және онда біз сол тілегімізге өзіміздің сай екенімізді ақыл-оймызбен шынайы сезінуміз шарт.

Бұны қарапайым тілмен былайша ұғындыруға болады: егер сіз бір шелек су алу үшін құдыққа екі жүз граммдық пластмасса стақанмен барсаңыз, бір шелек су ала аласыз ба? Жоқ. Бір шелек су алу үшін сіз шелекпен баруыңыз қажет. Сол сияқты бір тілек тіледіңіз екен, енді сіз сол тілегіңізге ақыл-ойыңызбен сай болуыңыз керек.

Бұл негізгі шарт. Осы шарт орындалғанда сіздің тілегіңіз міндетті түрде орындалады дейді «Секрет» фильмінің авторлары.
Тілекке қалай жетуге болады? Бұл туралы кеңірек білгіңіз келсе, «Секрет» фильмін көріңіз және блогымыздағы осы мәселеге арналған мақалаларды оқыңыз.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика