Тіршілік қалай пайда болды

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

20Бүгінде бірқатар мұсылман мемлекеттерінен басқа елдердің бәрінде мектептерде тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік ғылыми түсінік оқытылады. Дарвиннің эволюциялық теориясы бойынша тіршілік алдымен суда белоктан пайда болып, бір клеткалы қарапайым түрден, күрделі тіршілікке қарай дамыған.

Тіршілік туралы ғылыми түсініктің қисынсыздығы

Кеңес заманында құдайға сену әлсіздіктің, надандықтың белгісі саналып, оқыған өзін силайтын әр адам атеист, яғни дінсіз болуы шарт болатын. Мектептегі биология пәнінің мұғалімі Дарвиннің теориясын түсіндіру барысында діни түсінікті келекелеп «Алла барша әлемді бір-ақ күнде жаратты дейді» дегені есімде.

Сол тұста шынында да барша әлемнің бір сәтте жаратылуы ақылға сиымсыз сияқты көрінетін. Ал кеңестік темір шымылдық алынып, шет елдерден түрлі ақпараттар ағылған қазіргі кезде енді адамның маймылдан жаратылуы ақылға сиымсыз есуастық сияқты сезіледі.

Ғылым дамыған сайын Дарвиннің теориясын теріске шыаратын жайлар көбейе түсуде. Эволюциялық теория бойынша адам осыдан 1-1,5 миллион жылдай бұрын пайда болған. Ол кездегі адамдар үстерін түк басқан жартылай маймыл сияқты еді деп түсіндіріледі. Қазіргі адам, яғни хомо-сапиенс 100 мың жылдай бұрын пайда болған көрінеді.

Дегенмен, осы теорияны теріске шығаратын археологиялық нақты деректер қазір аз емес. Майкл Кремо деген американдық археолог «Адамзаттың құпия тарихы» деген кітабында 200-500 миллион жыл бұрын да дәл қазіргідей адамдардың болғандығын айғақтайтын археологиялық деректерді алға тартады. Динозаврлармен бірге өмір сүрген қазіргі заман адамдарының қаңқалары жер-жерден көптеп табылып жатыр.

Материалистік түсініктің тағы бір жетімсіздігі – әлі күнге дейін тіршіліктің өздігінен пайда болғандығын ғылыми тәжірибе негізінде дәлелдей алмауы. Осыдан бірнеше жыл бұрын шет елдік ғалымдар қолдан алғашқы тіршілік жаратылғандай қоймалжың «сорпа» жасап, зертханада бір клеткалы қарапайым тіршілікті жаратқылары келіп жанталасқан. Бірақ қанша әрекеттенсе де бұларынан ештеңе шығара алмады. Осылайша, материалситік ғалымдардың тіршілік суда кездейсоқ және өздігінен пайда болып, даму арқылы жетілді деген теориясының негізсіздігі анық көрінді.

Эволюциялық теория – есуастардың теориясы

Молекулярлық биология, кванттық физика сияқты қазіргі заманғы ғылым түрлері дамыған кезде ғалымдар әр клеткада жазылған ақпараттық кодтардың болатынын анықтады. Ол кодта әлгі тіршілік иесінің кескін келбеті, өмір жасы, бойындағы аурулар туралы да нақты ақпараттар жазылады екен. Ақпараттық кодтың күрделілігі сонша бұл жай көптеген материалист ғалымдардың өз көзқарастарын өзгертулеріне мәжбүр етті.

Мұндай күрделі және аса қатаң тәртіп пен реттілік негізінде жазылған ақпараттық код өздігінен кездейсоқ пайда болды дегенге ақыл-есі дұрыс адамның сенбейтіні анық. Бұны тек есуас, жалпақ тілмен айтқанда жынды ғана дұрыс деп қабылдайды. Содан болар, ақыл-есі дұрыс ғалымдар енді әлем өздігінен жаратылған жоқ, оның сыртында белгісіз сана иесі – Жоғары сана бар деген тұжырымға келе бастаған.

Кездейсоқтық пен заңдылықтың арасы аспан мен жердей. Егер Дарвиннің теориясы рас десек, онда қоймалжың сұйықтан пайда болған бір клеткалы тіршілік көп клеткалыға, онан балыққа айналып, су тартыла бастағанда балықтар қабыршағын тастап бауырмен жорғалаушыға айналуы, ақырсында аяқ бітіп, аңға, содан кейін қанат бітіп құсқа айналуы және мұның бәрі үнемі қайталанып отыратын кездейсоқтықтардың салдарынан екендігі – шынын айтқанда ақыл-есі бүтін адам сенбейтін қиял-ғажайып ертегі сияқты.

Дарвиннің теориясындағы кездейсоқтықтардың көптігі және өте жиі қайталанатыны сонша, оларды кездейсоқтық дегеннен гөрі, үнемі қайталанып отыратын заңдылық деген шындыққа жанасады. Мәселен азығын жерден теріп жейтін төрт аяқтап жүретін маймылдар табиғаттың күрт өзгеруіне байланысты кенет азықтың тек биік ағаштардың басында болуы себепті алдыңғы аяқтарын созып тіктелуге мәжбүр болыпты-мыс. Осылай мыңдаған жылдар ағаш басынан азық табуға мәжбүрленген маймыл енді ақырындап екі аяқпен жүретін адамға айналыпты-мыс.

Кездейсоқтық пен заңдылық

Қызығы сол, миллиондаған жылдар бұрын бар маймыл қазір де бар. Адамдар да миллиондаған жылдар бұрын қазіргідей адам қалпында болған. Мұны археологиялық деректер айғақтайды.
Материалистік түсініктің тағы бір осал тұсы – жаратылыста үнемі қайталанып отырылатын заңдылықтардың қалай пайда болатындығын түсіндіре алмауы. Күн мен түн ауысады, көктем, жаз, күз қыс келіп, жыл мерзімдері үнемі қайталанып тұрады. Бәрі қатал заңдылықтар мен реттіліктерге бағынған. Тіпті, ғалымдарымыз ертең күннің қай сағат, қай минут, секундта шығатынын да дәл анықтай алады. Өйткені, уақыт үлкен дәлдікпен қайталанып отырады.

Ал енді осындай дәлдікпен жұмыс істейтін және үнемі қайталанатын заңдылықтар кездейсоқ өздігінен пайда бола салды ма? Сондай-ақ, адамдар мен жан-жануарлардың өмір сүруіне қажетті жылылық, ауа, ылғалдылық, ауа қысымы – бәрі сонша дәлдікпен орналасқан. Адам тіршілігі үшін орта есеппен 20-30 градус жылылық пен суықтық қажет болса, ол сақталып тұр. Кездейсоқтық салдарынан кенет ауа температурасы 1000 градус ыстық, не суық болып ктесе не болар еді? Ақыр заман. Бірақ олай емес қой.

Бір сөзбен айтқанда, ғылым дамыған сайын материалистік түсініктің жаңсақтығы көзге шыққан сүйелдей анық көрінсе, керісінше, діни түсініктің ақиқаттығы дәлелдене түсуде. Өкініштісі сол, соның бәріне қарамастан әлі күнге дейін мектептерде адам маймылдан жаралған дейтін Дарвиннің эволюциялық сандырағы балаларға оқытылып жатыр.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика