Тіршілік бір-ақ рет жаратыла ма

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

жанХристиан дінінің ықпалымен болар, мұсылмандар да рейнкарнация түсінігін мойындамайды. Құранда «Өлі едіңдер тірілтті, содан кейін қайта өлтіреді, кейін тағы тірілесіңдер» деп өлу мен тірілу төрт рет қайталанып тұрса да, мұсылман теологтары өлген адамның қабір өмірінің болатындығын мойындаса да, қиямет сотына тартылып, тозаққа, не жұмаққа енген пенде сонда мәңгі қалады, қайта мына дүниеге келіп, туылмайды деп түсіндіреді.

Рейнкарнация түсінігін алып тастаудың зардабы – ол Алланың шексіздігіне күмән келтіріп, Оның құдыреттілігін төмендетеді. Енді осы жайды жан-жақты талқылап түсіндіруге тырысып көрелік.

Ислам діні де, христиан дінінің ұстанушылары да мына фәни жалғанды барша тіршілік иелерімен қоса Алла жаратты деп санайды. Олар Інжілдегі Көне өсиет пен Құрандағы тіршіліктің жаратылуы жайлы айтылған жайларды басшылыққа алып, фәни жалғанды Алла мыңдаған жылдар бұрын жоқтан бар етіп жаратты. Енді тіршілік мыңдаған жылдар тұрып, содан кейін ақыр заман болады, яғни Алланың еркімен бәрі жойылады. Содан кейін адамдар қиямет сотына тартылып, күнәсі көптер тозаққа, күнәсі аздар жұмаққа еніп, мәңгі қалады. Міне, осымен бәрі бітеді дейді.

Егер осы түсінікті ақиқат деп қабылдайтын болсақ, онда бұдан мынадай тұжырымға келуге болар еді: Алла жоқ нәрседен барша тіршілік иелерін жаратып, олардың жер бетінде қысқа мерзім өмір сүруіне мүмкінді жасады. Осы қысқа мерзім ішінде күнаға батқандар қиямет сотынан кейін мәңгі тозаққа түссе, дін жолымен жүргендер мәңгі жұмаққа еніп, жан рахатына кенелмек. Сонымен бәрі бітеді. Осы арада мынадай сұрақ туындайды: Сонда Алла жоқтан бар етіп, адамдардың бір тобын тозаққа мәңгі салып, екіншілерін жұмаққа мәңгі енгізу үшін ғана тіршілікті жаратты ма? Тіршіліктің бар мәні осы ғана ма? Тозаққа еніп, мәңгі отқа өртеніп азап шеккенше, байғұс адамдар жаратылмай, жоқ болып қала бермеді ме?

Інжілде де, Құранда да алғашқы жаратылған адам – Адам ата мен Хауа ана алдымен жұмақта еш қайғысыз өмір сүріпті дейді. Содан кейін сайтанның азғыруымен Алла тиым салған жемісті жегендіктен, жерге қуылған. Бұл аңыздан мынадай жайды тұжырымдауға болады: Яғни, жер деген планета Адам ата жаратылмай тұрған кезде де болған сияқты, өйткені Алла қуылған Адам ата үшін жаңа планета жаратқандығы айтылмайды. Сондай-ақ, Құранда адамды Алла кепкен топырақтан жасағандығы, оған үріп рухын енгізгендігі, барлық періштелерге сәжде қылғызғандығы, тәкаппарлыққа салынып, сәжде жасамаған Ібілісті қарғағандығы баяндалады. Осыған қарап, топырақтан жаратылған адамнан басқа оттан жаратылған періште және жын деген саналы тіршілік иелерінің де болғандығын аңғарамыз. Олардың бәрі жұмақты мекен еткен. Қарғысқа ұшыраған Ібіліс те адаммен бірге жерге түседі.

Енді осыдан тұжырым жасап көрейік: Яғни, жұмақ деп аталатын мәңгілік мекен бар, онда періштелер мен жындар мәңгі тірлік кешеді. Жерде тіршілік мәңгілік емес. Құранда періштелердің түрі өте көп екендігі айтылады. Олардың санының қанша екендігін және жұмақтың көлемінің қаншалықты екендігі де бізге белгісіз. Бірақ, біз Жер планетасының диаметрі 12700 шақырым екендігін жақсы беліміз. Жерде бүгінгі күні 7 миллиардтай адам тіршілік етеді. Ақшаңыз болса, ұшаққа отырып алып, 12-14 сағатта Жерді түгел айналып шыға аласыз. Яғни, бұл анау айтқандай үлкен планета емес және адамдардың саны да шектеулі.

Бүгінгі ислам және христиан діні өкілдерінің тұжырымдарынша, бар тіршілік жерде ғана бар, басқа планеталар өлі. Мұсылмандардың ұғымынша, жұлдыз деген жаңа жылдық шыршаға әшекей үшін жапсыратын жанатын ойыншық сияқты, яғни көкті әшекейлеп тұрған жылтырауық шамдар ғана. Бұдан ұғарымыз: Алланың жаратқан бар тіршілігі осы алақандай жерде ғана екен. Олардың өзі қиямет қайым болып, күнакарлармен тақуалар айрылған соң мәңгіге жойылмақ. Сөйтіп, Алланың иелігінде тек жұмақ қана қалады. Онда періштелер мен күнасы аз болғандықтан жұмаққа барған адам және жын нәсілдерінің өкілдері болмақ. Адамдардың санын долбарлап, соңғы екі мың жылдықтағыны алып,  10-15 миллиардтай болады деп айтуға болар. Оған қоса, періштелер мен жын бар. Жә олар да бір 40-50 миллиард болсын делік. Сонымен бірге, тозаққа кірген күнакарлар мен жындардың өкілдері де бар екенін естен шығармауымыз керек. Олардың санын да 100 миллиардың деңгейінде деп алсақ, сонда аумағы 160-170 миллиардтай тіршілік иесі болады екен.

Енді осыған қарап отырып, мұсылмандардың «Алла шексіз, Оның құдыреті де шексіз» деген ұғымын қалай түсініге болады? Ау, Алла жаратқан жер шектеулі, адам саны шектеулі, олардың өмірі шектеулі – сонда Алла қалай шектеусіз болмақ? Ол шектеусіз болуы үшін жаратқан тіршілік иелерінің саны да шектеусіз, Ол билік жүргізген аумақ та шектеусіз болуы тиіс емес пе. Біз бұл арада ислам және христиан теологтарының өз пікірлеріне өздерінің қайшы келіп тұрғандығын көреміз. Ең алдымен, тіршіліктің жаратылуынан бастап, оның жойылуына дейінгі түсінікте Алланың шектеулілігі көзге шыққан сүйелдей анық көрініп тұрған жоқ па. Інжіл мен Құранда айтылғандай Алла жер мен көкті осыдан мыңдаған, жә миллиондаған-ақ болсын, жыл бұрын жаратыпты. Содан кейін ақыр заман болып, бәрін жояды. Әрі қарай жаратылыс болмайды. Сонымен бәрі тоқталады. Бұның өзі шексіздік заңына, түсінігіне қайшы болып тұрған жоқ па? Алла бар тіршілікті бір-ақ рет жаратты, бір-ақ рет жойды, сонымен бәрі бітті. Бұндай түсініктің  шектеулі болып тұрғандығы ақыл-есі дұрыс әрбір пендеге аян.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика