Тылсым ілім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

білімМен сізге тылсым ілімнің есігін ашпақпын. Ол сізге не береді? Сіз ақиқатты танып, білетін боласыз және сол арқылы азап пен тауқыметтен көз ашырмайтын бос әурешіліктен құтыласыз. Әрине, егер ол ақиқатты қабылдап, соны жүзеге асыруға ниеттенсеңіз. Ал олай болмаған жағдайда, ешқашан игілікке жеткізбейтін шөл даладағы сағымды су-теңіз деп өкпесі өшкенше жүгіретін киік сияқты күй кешесіз.

Өмірге көзілдіріксіз қараңыз

Адамдардың 99,9 пайызы мына фәни дүниеге түрлі түсті көзілдірік арқылы қарайды. Соған орай, оларға жалған дүние түрлі түсті, өте әдемі және тартымды болып көрінеді. Көзілдірік арқылы көрінген елеске еліккендер жалған дүниеден жоқ бақытты іздеп, аласұрумен күн өткізеді.
Жалған дүниенедегі бақыт деген не? Соған назар аударып көрелік. Ең алдымен, ол ер адам мен әйелдің бір-біріне деген құштарлығы. Шындығында, мына фәни еркектер мен әйелдердің құштарылғына құрылған. Кез-келген жарнаманы алып қараңызшы, жалаңаш әйелдердің суреті. Ал сериалдар мен кинолардың оқиғасының өзегі – ер адам мен әйелдің махаббаты… Осылай жалғаса береді.

Яғни, фәни жалғандағы ең үлкен бақыт – сүйген адамыңмен қосылып, отбасы құру, балалы-шағалы болу. Осыған қолы жеткен адам бақытты деп саналады. Шындығында солай ма? Қазір шүкір, баяғы замандағыдай малға еріксіз сатылатын кез емес. Әйелдер мен ер адамдар өз еркімен, қалауынша бір-біріне қосыла алады. Бірақ онда неге ажырасу деген жыл санап көбейіп барады?

Фәни жалғанның онан кейінгі бақыттары – мансап, атақ-даңқ, байлық сияқты игіліктер. Мұндай игілікке қолы жетпегендер үшін егер соны иеленсе, нағыз бақытқа бөленердей көреді. Ал мансапқа, байлыққа қолы жетіп, атағы алысқа кеткендер бақытты күн кешіп жатыр ма? Байыппен қарап көрсеңіз, олардың бақытынан гөрі, тауқымет-азабының көптігін бағамдайсыз.

Сонымен, шындық мынадай: бұл жалғанның барлық игіліктері адамды жалықтырады, мезі етеді және бәрі өткінші. Сіз күйіп-жанып сүйген ғашығыңызға қосылған соң бірер айдан кейін ыстық-суығыңыз басылып, жалыға бастайсыз. Ақырсында, мезі болып, алғашында байқамаған түрлі кемшіліктерін көрген соң суынасыз. Бұл – шындық. Фәни жалғанның барлық игіліктерінің табиғаты осындай, яғни өткінші. Сіз оған жету үшін көп бейнеттеніп, тауқымет тартуыңызға тура келеді, ал жеткен соң көп ұзамай жалығып, ақыр соңында безіп тынасыз. Адамды ешқашан жалықтырмайтын, мәңгі қуаныш пен бақыт сыйлайтын игілік бар ма? Бар. Менің сізге ашар тылсым ілімім де нақ осының өзі.

Мәңгілік бақыт

Ұлы Абай: «махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй, ол Алланы, жаннан тәтті» дейді. Алланы сүю адамға ешқашан таусылмайтын, жалықтырмайтын және тұрақты бақыт әкеледі. Бұл – ойдан шығарылған ертегі емес, Құран, Інжіл, Бһагавад Гита сияқты қасиетті кітаптардың бәрінде осылай деп атап көрсетілген.

Алланы сүю үшін Жаратқанға жан-тәніңмен берілуің қажет болады. Ал берілу деген, бұл фәни жалғанның бар қызығын тәркі етіп, бар еңбегің мен әрекетіңнің жемісін Аллаға сыйлау деген сөз. Бұл адамға не береді дегенге келейік.

Мен осыдан біраз жыл бұрын Астанада қызмет істедім. Үйім жоқ, сондықтан жатақхананың бөлмесін жалға алып тұрдым. Үш адам ай сайын 6 мың теңгеден төлеп тұрамыз. Ыстық-суық суы, душы, жататын орны мен төсегі бар. Ақшасын төлесең, басқаға басыңды ауыртпайсың.

Ал 2005 жылы Көкшетауға жұмысқа ауыстым да, пәтер сатып алдым. Өз пәтерім болған соң барлық коммуналдық қызмет ақысын төлеуге, үйді жөндеп-күтуге тура келді. Бір күні үстіңгі қабатта тұратын маскүнем көршім жылу батареясынан су алып, содан түні бойы төбеден су тамшылап шықты. Әлгінің есігін қақсам, ашпайды. Тырс-тырс тамған су дәл шекеме тамып жатқандай таң атқанша көз іліндіре алмадым.

Жеке меншік пәтерің боланы жақсы-ау, бірақ тек жалақысын төлеп, басқамен шаруаң болмай еркін жүретін жатақхана деген онан да жақсы екен. Ең бастысы, уайым-қайғы болмайды. Ал жеке пәтер деген уайым-қайғы, тауқыметтің қайнар көзі іспетті.

Мәселен, банкке қарақшы шабуыл жасап, ірі көлемде ақша тонап кетті делік. Кассада отырған адам жанының қалғанына қуанып, мәз болады. Ал, бұл кезде басқа жақта жүрген банктің қожайыны хабарды естігенде жүрегі қысылып, инфаркт ала жаздайды. Өйткені, ол қыруар ақшасынан айрылды. Ал банкте жалданып істейтін кассир үшін миллиондаған қолды болған ақшаның көк тиындық құны жоқ. Сондықтан ол уайымдамайды.

Алладан тілегеннің екі бүйірі шығады

Міне, сондықтан да сіз Аллаға берілсеңіз, онда өзіңізді жатақхананың бөлмесін жалға алған немесе жалданып қызмет етіп жатқан адам сияқты сезінесіз. Егер басыңызға қиындық түсе қалса, оған алаңдамайсыз, ал бақыт құсы қонса, онша қуана қоймайсыз. Өйткені, бәрі Алланыкі екенін жақсы білесіз.

Сіздің үй-жайыңыз, бала-шағаңыз, қызметіңізді былай қойғанда, тәніңіз, тіпті жаныңыз да Алланың меншігі. Сізде түк жоқ. Бәрін Алладан уақытша жалға алғансыз. Ендеше жалға алған, уақытша пайдаланатын нәрсе үшін басыңызды қатырып қайтесіз? Өмірге көзілдіріксіз қараған адам дәл солай ойлайды. Ал түрлі түсті көзілдірік киген пенде жанын да, тәнін де, бала-шағасы мен қызметін, үй-жайын, есепшоттағы ақшасын – бәрін өзімдікі деп санайды.

Сондықтан ондай пенде қолындағы игіліктерінің біріне сәл залал келе қалса, банкісі тоналған қожайын сияқты инфаркт алады. Яғни, азап пен тауқыметке ұшырап, уайым-қайғыға бой алдырады. Ал Аллаға берілген пенде өзінің игіліктерінің бәрінің уақытша екендігін, кезі келгенде бәрінен жұрдай болып айрыларын жақсы біледі. Сондықтан, осындай ұсақ-түйек үшін басын қатырмайды. Уайым-қайғысыз бақытты тірлік кешеді.

Ал енді осы екі түсініктің қайсысын таңдайсыз? Бар игілікті өзімдікі деп санасаңыз, уайым мен қайғыдан, үрей мен қорқыныштан арылмай, бар өміріңіз тауқыметпен өтеді және кезі келгенде, яғни ажал келген кезде бар күш-қуатыңыз бен қабылет-қарымыңызды сарып қылып жиған игіліктеріңізден түгел жұрдай болып айрыласыз. Алланы ұмытып, қарақан басыңыз үшін өмір сүргендіктен, тозаққа түсіп, о дүниенің азабын және тартасыз.

Егер екінші жолды таңдасаңыз, жоғарыда айтқанымыздай бақытты, уайымсыз тірлік кешесіз. Сондай-ақ, о дүниенің игіліктерінен де үмітті боласыз. Мен сізге тылсым ілімді аштым. Оны қалай қабылдап, қалай падаланасыз – ол өз еркіңіздегі шаруа.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика