186 көрілім

Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:
http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

«Уәде – Алланың аты» деген түсінік бар, яғни уәде еттің бе, бұл Алланың атымен ант еткенмен бірдей. Уәдені бұзу, антты бұзғанмен тең саналады. Өкініштісі сол, көп адамдар уәде деген тек айтыла салған сөз, оны сақтау-сақтамаудың еш мәні жоқ деп түсінеді. Іс жүзінде осындай түсінік адамның өзіне де, айналасындағыларға да үлкен залалын келтіріп жатады.

Абырой ақшадан да қымбат

Қазақта «жақсы болмақ мың күнде, жаман болмақ бір күнде» деген сөз бар. Жақсы атыңды шығару үшін сен үнемі жақсы әрекеттер жасап жүруің қажет болады. Ал осылайша жинаған абыройыңнан бір ғана жаман әрекетіңмен айрылып қалуың оп-оңай. Абыройдан айрылуға уәдесінде тұрмаудың тигізетін залалы да аз емес.

Әр ұлттың өзіне тән жақсы, не жаман қасиеттері болады. Қазақты қонақжай, кеңпейіл, жомарт деп мадақтап жатамыз, оның бәрі дұрыс, бірақ сонымен бірге жаман қасиеттері де аз емес. Сол қазаққа тән жаман қасиеттің бірі – уәдесінде тұрмау. Иә, бұл қазақтың ежелден келе жатқан қанға сіңген қасиеті сияқты.

Қазақты тойға кешкі 7-де шақырсаң, міндетті түрде 1-2, тіпті 3 сағат кешігіп келеді. Қазақ біреуден бір аптада қайтарамын деп қарыз алады да, оны бір жылға созады. Қазақ әлі келсін, келмесін біреулерге мынаны жасап беремін деп үйіп-төгіп уәде береді де, сосын оны әп-сәтте ұмыта салады. Бұндай келеңсіздіктерді одан әрі де тізе беруге болады.

Дегенмен, қазаққа тән қанға сіңген бұл қасиет қазіргі нарық заңына сәйкес келмейді. Оны бірақ ұғып жатқан жұрт жоқ. Көпшілігі сол қанға сіңген әдетпен бұрынғыша жаймашуақ тірлік кешуде. Ал, нарық заңы бойынша сіз біреуден қарыз алып, оны белгіленген уақытта қайтармадыңыз ба, онда сізбен ол адам немесе фирма ешқашанда мәмілелі шаруа жасамайды. «Бір алдаған, он рет те алдайды» деген түсінік бар. Осы орайда, бір рет уәдесінде тұрмаған адаммен басқа кәсіпкерлер ешқашан мәміле жасамайтын болады. Егер сіз кәсіпкерлікпен айналысатын болсаңыз, онда бұдан өзіңіз үлкен залал шегетініңіз сөзсіз.

Уәде бердіңіз бе – орындаңыз

Егер сіз біреуге  уәде беретін болсаңыз, онда соны міндетті түрде орындап үйреніңіз. Бұл – сіздің болашағыңыз үшін қажет. Егер ескі қазақы түсінікпен уәде деген бос сөз ғана емес пе дейтін болсаңыз, онда қазіргі нарық жағдайында сіз өз өміріңізді үлкен қиындыққа ұшыратасыз. Бұл – болмай қоймайтын міндетті түрде алдыңыздан шығатын шындық.

Өткен жылы жазда мені бір танысым мерейтойына шақырған еді. Мерейтойлық шара күндізгі сағат 4-ке белгіленген. Мен сағат 4-ке бес минут қалғанда бардым. Ат шаптырым үлкен мейрамханада 4-5 адам ғана отыр. Содан екі сағаттай күтіп отырдық. Екі сағаттан астам уақытта шақырған адамдар әзер жиналды. Жалпы, бұл қазір үйреншікті құбылыс болып кеткен. Бір қарағанда ұсақ-түйек сияқтанғанымен, шын мәнінде бұның астарында әлгі той иесін сыйламаушылық, уәдесінде тұрмаушылық, жұртты күттіріп қою арқылы өзінің тәкаппарлығын көрсету сияқты жаман қасиеттер жатады.

Уәдені орындауға машықтану үшін кішкентайдан бастаған жөн. Біреуден шағын ақша қарызға алып, бір аптада қайтарамын дедіңіз бе, сол уақытта ақшасын қайтарып, алғысыңызды айтыңыз. Біреу сізді қонаққа белгілі сағатта шақырды ма, сол белгіленген уақыттан кешікпей барыңыз. Міне, осындай әдетті бойыңызға сіңірсеңіз, уәдеде тұру қасиеті  сіздің ажырамас әдетіңізге айналады. Ал одан ұтпасаңыз, еш ұтылмасыңыз анық.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика