Уақытын пайдасыз істерге сарып қылатындардың баяны

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

азғындықБолашақ бүгіннен басталады деген сөз бар. Егер сіз бүгінгі күнді пайдалы істермен айналысып өткізсеңіз, онда ертең сол жасаған пайдалы ісіңіздің нәтижесімен қауышасыз. Ал уақытыңызды пайдасыз істерге сарып қылып, босқа өткізсеңіз, онда болашақта сізді күтіп тұрған игілік те болмайды.

Пайдасыз іс деген не?

Мен осыдан үш аптадай бұрын гуглдің «блогер» сервисі арқылы тегін сайт жасап алуды қадамдап түсіндіретін қазақ тіліндегі бейнесабақ түсірдім. Сөйтіп, әлгі бейнесабақты ютубке салып қойдым. Үш аптаның ішінде сол бейнесабақты 42 адам көріпті және бір адам жақсы деп бағалап, лайк басыпты.
Кеше ютубтен «Сайлаубектің айтқаны» деген видеороликті көрдім. Үш аптаның ішінде әлгі видеороликті 140 мыңнан астам адам көріпті.

Соған қарап мен «Сайлаубек деген пайдалы ақпарат айтатын, бір керемет маман болды ғой»деп ойлағанмын. Видеоны қарағанымда, өзі қатарлас жас жігіттердің ортасында араққа тойып алып, аузына келгенді айтып отырған қазақтың жігітін көрдім. Әлгінің айтқандарын тыңдайтындай ештеңе жоқ, кәдімгі күнделікті автобуста, аялдамада кездесетін мас адамдардың сандырағы. Мастың сандырағын 140 мың адам не үшін көріп, тамашалады?

Менің ютубке салған тегін сайт жасап алуды қадамдап түсіндіретін пайдалы ақпаратқа құрылған видеоролигімді үш аптада небары 42 адам көрсе, Сайлаубек деген мас жігіттің сандырағын 140 мың адам тамашалапты. Адамдардың уақыттарын босқа сарып қылуының көзге шыққан сүйелдей анық көрініп тұрған нақты мысалы осы болар. Мас адамның көк мылжыңын көру үшін ютубке кірудің қажеті қанша?!. Ондайлар көшеде толып жүрген жоқ па. Ендеше уақытыңызды сарып қылып, интернет арқылы әлгіндей арзанқол, еш пайдасы жоқ видороликті көрудің қандай жөні бар?

Кедейшіліктің басты негізі – пайдасыз іспен айналысу

Уақытын текке өткізіп, жоғарыда айтқанымыздай мас адамдардың мылжыңын немесе «прикол» деп аталатын күлкілі көріністер мен анекдоттарға негізделген видеоларды сағаттап көру – пайдасыз іспен айналысудың айқын көрінісі. Уақытын текке сарып қылатындардың бәрі әдетте сіңірі шыққан кедей, аурушаң, әлжуаз және жігерсіз, бар бақытсыздығына басқаларды кінәлағыш, өмірге өкпелері қара қазандай болып келеді.

Бұлай деп үзілді-кесілді баға беруге негіз болатын жайлар аз емес. Рас, біздің елімізде 90-шы жылдарда жекешелендіру кезінде кездейсоқ адамдар байып кетті. Дегенмен, қазіргі күні байлыққа қол жеткізу үшін ең алдымен қабілет-қарым және табандылық қажет. Әлемдегі ең бай адамдар Билл Гейтс, Уоррен Баффет дегендер қара табан кедей отбасынан шыққан және бар байлықтарын өз еңбектерімен, қажыр-қайраттарымен тапқан.

Сондай-ақ, денсаулығыңыз мықты болсын десеңіз салауаттылықты ұстаныңыз, ұйықтау мен тамақтану тәртібін сақтаңыз.ныңыз сүйген жақсы іспен анйалысу арқылы жан рахатын алу үшін сол саланың білікті маманы болуыңыз шарт. Интелектуалдық жағынан қаншалықты биік дәрежеге көтерілсеңіз, соншалықты алдыңыздан мүмкіндіктер ашылады. Бұның бәрі еңбекпен, яғни уақытыңызды пайдалы істермен айналысу арқылы келетіні белгілі.

«Бай мен кедейдің арасында бір ғана айырмашылық бар: кедей адам «бәрін біледі», бай адам өле өлгенше оқып, үйренеді» дейді Уоррен Баффет. Уақыттарын текке өткізіп, Сайлаубектің сандырағын тыңдайтындар әдетте ешнәрсе үйренуге, білімін жетілдіруге құлықсыз. Сондықтан, ондайлардың тұрмысы да ешқашан түзелмейді.

Пайдалы іспен айналыс, сонда тұрмысың да, өмірің де жақсарады

Кедейден шығып, миллионер болған Алекс Яновскийдің айтуынша, білім деген бұл – пайдалы ақпаратты іс жүзіне асырып, нәтижеге жету. Ал интернеттен пайдалы ақпаратты қалағаныңша табуға болады. Өз басым сайт жасауды, онымен жұмыс істеуді, видеоролик түсіруді, басқа да инфобизнес үшін қажетті нәрселерді интернет арқылы тегін бейнесабақтардан үйрендім.

Егер сіз таңертең 15 минут дене жаттығуын жасасаңыз – бұл пайдалы іс. Оның нәтижесі ертеңгі күні денсаулығыңыздың жақсаруы түрінде алдыңыздан шығады. Ал қосымша ақша табуға мүмкіндік беретін интернет жобалардың бірін үйреніп, сол бағытта жұмыс жсасаңыз, тұрмысыңызды түзеуге мүмкіндік аласыз. Ағылшын тілін үйренсеңіз, алдыңыздан үлкен мүмкіндіктер ашылады…

Көріп отырғанымыздай, пайдалы істер деген жетерлік. Уақытымызды мас Сайлаубектің мылжың әңгімелерін тыңдауға емес, сондай пайдалы ақпарат беретін бейнесабақтарды көріп және алған ақпаратымызды нақты іске асыруға жұмсасақ, онда болашағымыз жарқын болып, тұрмысымыз жақсарады, интелектуалдық жағынан дамимыз, денсаулығымызды мықтаймыз.

Осы айтылған екі түрлі жолдың қайсысын қалайсыз, яғни уақытыңызды пайдалы іспен немесе пайдасыз іспен айналысуға жұмсайсыз ба, оны таңдау еркі – өзіңізде.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика