73 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Христиандар дүниедегі барлық даналық Інжілде топтастырылған дейді, иудейлер үшін Тәураттан артық даналық жоқ, ислам дінін ұстанушылар Құранды ғана мойындайды және жалғыз қасиетті кітап Құран дейді. Сонда олардың қайссының пікірлері дұрыс? Шындығында Інжіл де, Тәурат пен Құран да әлем, жаратылыс, барша әлемнің Әміршісі Жаратқан туралы толыққанды түсінік бере алмайды. Сонда толыққанды түсінікті біз қайдан аламыз? Ведалық әдебиеттерден. Назарларыңызға бүгінде жойылып кеткен ежелгі тіл саналатын санскрит тілінде жазылған ведалық ілім, оның құрамы мен мазмұны туралы ақпаратты ұсынып отырмыз.

100 мың кітаптан тұратын ілім


Ведалар 100 000 кітаптан тұрады. Ведалар 3 катергорияға бөлінеді:
1. Карма-канда – Ведалық жазбалардың кармалық әрекет жайындағы бөлімі.
2. Гьяна-канда – Хақ Ақиқатты ой өресі арқылы іздену тәсілдері туралы бөлімі.
3. Упасана-канда – жартыкеш құдайлар мен Құдайдың Жоғарғы Тұлғасына табыну туралы айтатын бөлімі.

Шри Вьясадеваның шәкірттері біртұтас Веданы 4520 бөлікке бөлген. Әрқайсысы сол 4520 бөліктің бірін оқып-үйреніп, өз шәкірттеріне беріп отырды

Риг-Веда 21 бөлікке бөлінген.
Сама-Веда 1000 бөлікке бөлінген.
Яджур-Веда 100 бөлікке бөлінген.
Атхарва-Веда 9 бөлікке бөлінген.

Барлығын қосқанда әр Ведада 1130 бөлік бар. Қазіргі таңдағы 4 Веданың барлығы 4520 бөліктен тұрады. Ведалардың әрқайсысы 4 бөлікке бөлінген. Шрила Вьясадеваның төрт шәкірті болған. Бұл шәкірттер Веда білімін өз шәкірттеріне берді, сөйтіп Ведалар бөлінді. Нәтижесінде ұстаздық тізбектің ең соңында тұрғандар Веданың аз ғана бөлігін меңгерген, олардың білімі шамалы.

Төрт Веданың әрқайсысының 4 бөлімі бар: самһиттер, мантралар, браһмандар және араньякалар.
1. Самһиттер Ведалардың бірінші бөлімі болып саналады. Бұл бөлімде ведалық мәтіндердің түпнұсқасы көрсетілген.
2. Мантралар – ведалардың екінші бөлімі.
3. Браһмандар – самһиттердің ішіндегі грихастһалардың, отбасылық адамдардың өмірлеріне байланысты көрсетілген тұстары.
4. Араньяки – дүниеден бас тартқан адамдар үшін арналған бөлім.

Осылайша, самһиттер -1130, мантралар -1130, барһмандар -1130, араньякалар -1130 бөліктен құралды. Қазіргі таңда 11 самһита, 18 браһман, 7 араньяка, 220 мантралар (барлығы 256) бар. Бұл алғашқы Веданың 6 %-ын ғана құрайды.

Веданы оқуға дайындық.

Веданы үйренбес бұрын шәкірттер алдымен Ведангаларды, яғни Ведаларға қосымшаларды үйренулері қажет.
Олар мыналар:
1. Фонетика – шикша – санскриттің вайдика типтес фонетикасы. Бұл фонетиканың негізгі құрастырушысы – Панини.
2. Грамматика – вьякарана. Панини мен Патанджали санскриттің грамматикасын құраған.
3. Сөздердің мағыналары туралы ғылым – нирукти. Нируктидің авторы –Якша.
4. Метрика – санскриттегі метрикалық бөлу өнері (чһанда). Пингала метриканың авторы болып саналады.
5. Астрономия және астрология – джйотиш. Джйотиш трактаттарының авторы Парашара Риши.
6. Негізігі рәсімдер. Рәсімдерді жан-жақты суреттеу –калпа.

Ведалақ шығармалардың үш түрі.

1. Шрути – естіп алынғандар. Шрутиге жататындар: Самһиттер, Мантралар, Араньякилер және Браһмандар.
2. Смрити – есте сақталынғандар. Смритилер – Пурандар, Ведангалар, Махабһарата, Рамаяна, Итиһастар. Олар Ведалардың мағынасын түсіндіруге арналған.
3. Ньяя – бұл логика, Ведалардың дәлелі. Оған Веданта-сутра жатады.

Бастапқыда бір ғана Атһарва Веда болған. Шри Вьяса оны 4-ке бөлді, олар: – Сама-Веда, Атһарва-Веда, Риг-Веда және бастапқы Атһарвадан қалғаны.

Жаһанда бір миллиард ведалық шлокалар (мәтіндір) бар. Оның 500 000 өлеңі былайша бөлінеді: Пурандарда — 400 000 өлең, Махабһаратада — 100 000 өлең.

Жұмақтағыларға Ведалардың бір миллиард өлеңі белгілі.

Ведаларды түсінуді оңайлату үшін Шрила Вьясадева Веданта-сутраны жазған. Ол Веданта-сутрада ведалық нұсқауларды өте қысқа да нұсқа түрде келтірген. Сутраларда зор көлемді ақпарат ең аз сөздермен берілген. Оның үстіне сутралар барлық жерде қолданыста бола алады.

Кейінірек Шри Вьяса Веданта-сутраға бірден-бір түсіндірме қылып Шримад-Бһагаватамды жазып шықты. Веданта-сутраға жасалған түсіндірмелерді бһашья деп атайды. Енді смритилерге келейік. Смритилер мыналар:
1. Пурандар, олардың ішінен 18 үлкен және 16 кіші Пурандарды атауға болады.
2. Итиһасалар – тарихи оқиғалар, Оларға Махабһарата мен Рамайана жатады.
3. Панчаратрика – Хаққа табыну ережелері.

Пурандарда әдетте 5 тақырып қозғалады:
1. Бірінші реттегі жаратылыс –сарга.
2. Екінші реттегі жаратылыс – висарга.
3. Даналар өмірлерінің тарихы.
4. Патшалардың шежіресі.
5. Манвантаралар – Ғалам тіршілігінің кезеңдері

Шримад-Бһагаватамда он тақырып қозғалады. Сондықтан ол үлкен Пураналарға жатады. Барлық Пурандар үшке бөлінеді:
1. Саттвика-Пурандар – ізгілік модусындағы адамдар үшін арналған. Тәңір Вишнуды Құдайдың Жоғарғы Тұлғасы, барша әлемнің қайнар көзі ретінде қарастырып, Оның һарекеттері жайында баяндайды.
2. Раджасика-Пурандар – құмарлық модусындағылар үшін арналған.Тәңір Браһманы осы ғаламның басты Жаратушысы және жартыкеш құдайлардың ішіндегі ең бастысы ретінде қарастырып, оның һәрекеттері жайында баяндайды.
3. Тамасика-Пураналар – надандық модусындағы адамдарға арналған. Бұл жерде ғаламды жоюшы Шиваны басты Құдай ретінде қарастырып, оның һарекеттері жайында баяндайды.

Махабһаратаға қосымша болып, 10 000 өлеңі бар Харивамша жатады.

Алты философия – шад-даршана

1. Ньяя –логика. Гаутама Риши ньяяны мұқият өңдеп шықты. Оның ойынша Құдай жоқ, тек атом ғана барлығының бастау көзі болып табылады.
2. Вайшешика. Канада Мунидің мұқият өңдеген материализм философиясы.
3. Санкһйа – фәни дүниенің элементтері жайындағы ғылым. Бұл фиолософияның авторы – Капила Риши. Құдайдың барын жоққа шығарған. Санкһйада бүткіл фәни күштерді талдамалап зерттеуге орын берілген, себебі бүкіл жаратылыс солардан бастау алады.
4. Йога – бұл трактаттардың авторы — Патанджали. Патанджали Ришидің тезисі бойынша, Құдайды елестете отырып, Хаққа табынуға болады. Мұндай қорытынды ақыр соңында қате болып саналады. Патанджали Құдайдың барлығына енетін болмысы ең маңызды деп санаған.
5. Пурва-мимамса – іс-әрекет барлық жаратылыстың көзі деп санайтын философия. Авторы – Джаймини. Ол іс-әрекет және оның салдарын қарастырады. Егер Құдай бар болса, Ол адамдардың еңбегінің жемісін татқызу керек деп есептеген.
6. Уттара-мимамса – екі түрлі болып келеді (бақи философия) : персонализм – авторы Шрила Вьясадева болып саналады, және имперсонализм – авторы Аштавакра. Шри Вьясадева Хақ Ақиқаттың жоғарғы аспектісі Құдайдың Жоғарғы Тұлғасы және барша тірі жан үшін жоғарғы әрекет – Құдайға табыну және құлшылық ету деп санайды. Аштавакра Риши барлығының көзі Хақ Ақиқаттың тұлғасыз аспектісі – Браһманның нұры деп санаған.

Итиһасалар – тарихи оқиғалар:
1. Махабһарата ( Бһарата ұрпағы туралы ұлы Жыр). Ол жерде Пандавтардың өмірі мен Тәңір Кришна туралы баяндалған.
2. Рамайана – Рамачандра жайындағы Жыр.
3. Кавьи – ведалық пьесалар, оларға Шакунтала, Рагһу-вамша туралы пьесалар жатады.

Ведалық шығармалардың барлығы екі түрге бөлінеді:
1. Пара-видья – бақи шығармалар: Шримад-Бһагаватам, Упанишадтар, Араньякилер, Веданта-сутра
2. Апара-видья – фәни дүние туралы кітаптар, осы дүние жайындағы білім. Бұл шығармалардың мақсаты адамдарды мәңгілік құндылықты біртіндеп қабылдауға дайындау.

Карма-канданы ұстану арқылы адамдар біртіндеп тазарады. Ақыр соңында олар Тәңір Вишну ең жоғарғы табыну объектісі екеніне көздері жетеді. Упанишадтар мен Араньякилер Хақ Ақиқат не емес екендігін айтады. Веданта-сутрада бақи әлем туралы бастамалар бар. Егер адамда Құдай туралы тыңдауға бейімділік пайда болса, ол Кришнаға табынуды бастауға болады.

Пурандардың мақсаты – адамды Пурандардың ең бастысы және маңыздысы -Шримад-Бһагаватамға қарай бағыштау. Веда мәдениетінде біртіндеп беруге арналған қағидат бар, сол бойынша адам біртіндеп барша себептердің басты себебі – Кришнаға табынуға дайындала бастайды. Алдымен адамдарға жартыкеш құдайларға табыну беріледі, осылайша олар күнәлардан тазарады. Алайда бұл процесс өте көп уақытты алады – бірнеше жылдар, тіпті бірнеше өмірлер кетеді.

Ведаларда кемшілік жоқ, себебі тікелей Құдайдың Түптұлғасынан шығады. Ведалар жан-жақты кемел білім. Садһу мен Гурулардың айтуынша да Ведалар – кемел білім. Ведалар тәуелсіз білім, оны дәлелдеуге басқа ешбір білімнің қажеті жоқ.

Сва-ашрайа дегеніміз, Ведалар өздерінің ақиқаттығын өздері дәлелдейді дегенді білдіреді, себебі олар тікелей Хақ Ақиқаттан бастау алады.
Ачарьилер – рухани ұстаздар Ведалардың жан-жақты жетік деп куәландырады. Ачарьилер Ведалардағының бәрін ұғынған. Сондықтан да вайшнавтардың қағидаты бойынша Ведаларды тек ачарьилердің ғана жетекшілігімен түсіне аламыз. Тек осылай ғана Ведалардың қоытындысына келе аламыз.

Хақ Ақиқатты ұғыну

1. Алғашқы Ведалардан сақталып қалған 5 пайызын үйрену арқылы біз Ведалардың мақсатын жете түсінбейміз.
2. Ведалық кітаптарды тек браһмандар ғана оқи алған. Егер адам Ведангилерді өтпеген болса, онда ол Ведаларды оқи алмайды.
3. Ведалар оқуға өте күрделі болып келетін вайдика-санскритте жазылған. Кәдуілгі дүнияуи тілдер лаукика деп аталады. Ведалық санскрит жайында біз ештеме білмейміз. Оларда метрика, мелодика, интонацияны өте қатаң қолданатын тәртіптер бар. Мәтіндегі бір сөзді дұрыс түсінбей қалу, бүкіл мәтінді, тіпті кітапты бұрыс түсінуге әкеліп соғады.
4. Ведалардың аудармашылары оларға әрқайсысы өздігінше түсініктеме береді.
5. Веда саласында нағыз парампара – ұстаздық тізбек жоқ.

Біздің заманымызда Пурандар мынадай ерекшеліктерге ие:
1. Барлық Пурандар біздерге толығымен қолжетімді.
2. Пурандарды түсінуге ерекше біліктілік, қабілет және дайындық қажет емес.
3. Пурандар санскриттің неғұрлым қарапайым тілінде жазылған.
4. Пурандарда Ведалық жазбалардың қорытындылары жайында тікелей айтуы жиі қолданылады.
5. Барлық Пурандардың ішінде Шримад-Бһагаватамның анық парампарасы бар (парампара – мәңгі азаттықтағы маха-бһагаваттардың тізбегі, ұстаздық тізбек)

Шримад-Бһагаватамның құндылығы

1. Шримад-Бһагаватам тұтастай сақталып қалды.
2. Шримад-Бһагаватам барлық философиялық мектептерде мойындалған.
3. Вишну-пурана, Гаруда-пурана және басқа да Пурандар Шримад-Бһагаватамды мадақтайды.
4. Шримад-Бһагаватам Веданың эзотерикалық мағынасын түсіндіреді.
5. Шримад-Бһагаватам Веданта-сутраны толығымен түсіндіреді.
6. Шримад-Бһагаватам – барлық жағынан шоқтығы биік шығарма.
7. Шримад-Бһагаватам гаятри мантраның мағынасын ашады. Гаятри Кришнаның сыбызғысының дыбыстарынан шығады.
8. Шримад-Бһагаватам Веданы толығымен түсіндіреді.
9. Шримад-Бһагаватам Махабһаратаны түсіндіреді.
10. Шримад-Бһагаватамның Шрила Вьясадевадан бастау алатын парампарасы бар.
11. Шримад-Бһагаватамды түсіндіруде әр қилы пікірлердің жоқтығы.
12. Шримад-Бһагаватамды адамдардың барлық таптары мойындайды. Оны Аштавакра, Гаутама, Джаймини, Капила Ниришвара мойындаған.

Шримад-Бһагаватам – бұл 100 000 ведалық кітаптардың бірі.
Шримад-Бһагаватам – бұл Ведалық жазбалардың қаймағы. Ол надандықтың түнегін сейілтеді. Ол- барлық шрутилердің мәні.

#Тылсым ілім

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, мәтінді орыс тілінен қазақшаға аударуға, өз атынан кез-келген тақырыпта кітап жаздыруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика