1 930 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

исламБүгінде халал деген сөзді қосқан тағамдар, қызмет түрлері көбейіп кетті. Кеңес заманында кәмпитке дейін мемлекеттік сапа белгісі қойылатын. Сол сияқты енді халал сөзін кез-келген жерге тықпалайтын болыпты. «Халал проституция», яғни халал жезөкшелік деген де түсінік қалыптасыпты.

Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ

Адамның ойлап таппайтыны жоқ-ау. Католик шіркеуінің қылышынан қан тамып тұрған орта ғасырларда «индульгенция» деген пайда болды. Шіркеу басшысының мөрі басылып, қолы қойылған қағазда сіздің бар күнәңіз кешірілетіндігі жазылады. Осындай қағазды сатып ал да, ойыңа келгенді жасай бер. Оған рұқсат, өйткені индульгенция деген қағаз сіздің бар күнәңізді кешіреді.

Қазір сайтанның жетегіне ілесіп, ақыл-естен айрылған шерменделер заманның талабын жиып қойып, қауға сақал қойып, шолақ дамбал киіп, әйелдеріне пәренжі жауып, орта ғасырларды қайта орнатқандай болып жүр. Ол аз десеңіз, енді «халал жезөкшелік» дегенді ойлап тауып, айды аспаға шығарып отыр.

Халал жезөкшеліктің мәні мынадай: бір еркек әйелге үйленеді де, бірер ай тұрып, құмары қанған соң, оны талақ етеді. Талақ ету үшін үш рет «талақ» деп дауыстасаң болғаны. Содан кейін әлгі әйелді басқа еркек некелеп алады. Ол да құмары қанған соң талақ етіп, ажырайды. Осылайша қыз-келіншектер қолдан қолға өтіп, еркектердің ермегіне айналады. Бірақ бұл – күнә емес дейді «пірадарлар». Бәрі шариғат заңы бойынша жасалады. Яғни, некесі қиылып, үйленеді, содан кейін шариғат бойынша талақ етіледі. Бәрі – заңды. Яғни, күнә емес.

Ислам мемлекетінде өркен жайған жезөкшелік

Алдыңғы Азия елдерін ойрандап, өздерінің «ислам мемлекеті» деп аталатын құрылым құрған әсіре діншілдер жас балалар мен әйелдерді атып, тарихи ескерткіштерді талқандап, ел-жұрттың үрейін алған еді. Сириядан қашқан миллиондаған адамдар Еуропа елдері мен Түркияны сағалап, қаңғыбастық күй кешуде.
Ал өздерін «исламның ұстыны» санайтын жихадшылар енді жария жезөкшелікті кәсіп қылып, «қызықты» өмір кешіп жатқан сияқты. Тіпті, олардың арасында әйелдерді мал сияқты сату және сатып алу да барынша өрістепті. Жасына, кескін-келбетіне қарай әйелдердің бағасы да әртүрлі деседі.
Қызығы сол, интернет арқылы жихадшыларыдң арбауына түсіп, ислам діні үшін бастарын бәйгеге тігіп жат елге барып жатқан қыз-келіншектер де аз емес сияқты. Мәселен, 300-ге жуық қазақстандық Сирияда соғыста жүрсе, олардың жартсынан астамы әйелдер. Жария жезөкшелік өркендеп, әйелдерді күң ретінде сату шарықтаған «ислам мемлекетіне» барып жатқан қыз-келіншектердің не ойлайтындары белгісіз. Таяуда ғана Сирияға аттанып бара жатқан 8 қазақстандық қыз-келіншек кері қайтарылды.

Бұған шариғат не дейді?

Осыдан біраз жыл бұрын Бурабайда шипажайда демалған едім. Сонда дінге жақындау жүретін бір жігіт маған «екі келіншекпен мейрамханаға барайық» деп ұсыныс жасады. Оның діндар екенін білетін мен мұныңыз күнә емес пе дегенімде «әйелдердің еркімен жасалған іс, күнә болмайды, бұны маған бір молда айтқан» деді.

Сол сияқты, көңілінің дерті бар кейбір дүмшелер шариғатты бұрмалап, өздерінше жаңадан шариғат жасап алатын болса керек. Олардың айтатын уәждері: бәрі шариғатқа сай келеді. Осылайша, жаңадан шариғат жасап алған дүмшелер сайтанның құлына айналғандарын сезбейді. «Ислам мемелкетін» құрып жатқандардың бәрі сайтанның қызметшілері. Бұл – АҚИҚАТ.
Ал сайтанға ергендердің қияметте жазаға тартылып, тозаққа құлайтыны анық. Бұл да – АҚИҚАТ.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика