Халық емінің қандай артықшылықтары бар

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

денсаулыкБүгінде медицина шарықтап дамып кетті. Қазіргі заманғы ең соңғы ғылым жетістіктерінің бәрі де медицина саласында қолданылады. Соған қарамастан, медицина дәрменсіз болып отырған емі жоқ аурулар саны азаяр емес және науқастар қатары да жыл санап өсіп барады.
Қаазіргі нарық жағдайдында емделу қалтаға салмақ түсіретін қымбат шара болып табылады. БАҚ арқылы шетелге барып емделуге қажетті ақша сұрап, алақан жаюшылар қатары көбеюде.

Халық емі арзан және тиімділігі де жоғары.

Қымбат бағалы құрылғылар мен дәрі-дәрмекке сүйенетін қазіргі медицинамен салыстырғанда халық емі әлдеқайда арзан. Көп жағдайларда халық емін қабылдау дәрігердің емінен біршама тиімді болып жатады. Әрине, халық емшісінің атын жамылып, ақша табуды ойлап, оның абырой-беділіне нұқсан келтіріп жататын жайлар да аз кездеспейді.

Блогымызда «халық емі» айдарын ашудағы мақсатымыз, халық емін өз бетінше пайдаланғысы келетіндерге бағыт-бағдар беру. Жеке өз басыма келсем, мен емші емеспін, сондықтан былай жасаңыз деп ешкімге ақыл айта алмаймын. Дегенмен, тәжірибе жүзінде сыналған жекелеген дәстүрлі емес емделу тәсілдері жайлы жазып, ақпарат беруге болады деп ойлаймын.

Блогымыздан пайдалы ақпарат тауып, соны нақты жүзеге асыру арқылы нәтижесін көріп жатқан жандар болса, ең үлкен қуаныш сол. Біз бүгін әлемнің әр елдерінен миллиондаған адам қолданып, жазылмас дерттерінен жазылып, нақты пайдасын көрген, тәжірибеден өткен жапондық ғалым Кацудзо Нишидің емдеу тәсілі жайлы сериалық мақалаларымызды бастамақпыз.

Алғашқы апта: қимыл арқылы емделу.

Ниши тәсілін пайдалану адам ағзасына кері әсерін тигізбейді. Оны үзбей және тұрақты жасау арқылы нақты нәтижеге жете аласыз. Сонымен алғашқы аптада айналысатын жаттығуларыңыз – күнге бейімделу; қан тамырларын қалпына келтіру; омыртқаны қалпына келтіру; ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіру жаттығулары; Кацудзо Ниши тәсілінің алтын ережесі.

Күнге бейімделу жаттығуы.

Апта бойы таңертең ұйқыдан оянған кезде төсекте жатқан бойыңызда керіліп, барлық бұлшық еттеріңізді сезінуге тырысыңыз, содан кейін бұлшық еттеріңізді сығымдап, кейін босатыңыз, көзіңізді жұмып жатқан қалпыңызда мынаны іштей қайталаңыз:

  • Мен өз ғазаларыме сенемін;
  • Менің ақылды және таңғажайып ағзаларым менің игілігім үшін жұмыс жасайды;
  • Ағзаларымдағы барлық жұмыстар дерттен айықтыруға қызмет етеді;
  • Менің ойларым, сезімім, ниетім мен әрекеттерім түгелдей дерттен айықтыруға қызмет етеді;
  • Күні бойы басымнан өткен жайлардың бәрі де маған игілік әкелуге ықпалын тигізеді;
  • Өзімнің ағзаларым үшін жасаған барлық әрекеттерім түгелдей науқастан айығуға бағытталған;
  • Денсаулығым темірдей болып, ауырмай өмір сүруге лайықпын;
  • Күн өткен сайын өзімді жақсы сезініп келемін;
  • Әрбір қимылым маған жастық пен сергектік әкеледі;
  • Емделу әрекетінен барлық ағзаларымның клеткалары дерттен айығып, жасаруда;
  • Маған денсаулық, бақыт және жастық әкелген бүгінгі күнге зор алғысмымды білдіремін;
  • Ішіме тартқан әрбір дем арқылы өмір қуаты тәнімді толтырып, денсаулығымды нығайта түседі;
  • Тәнімнің әрбір клеткасы қуатқа толығып, денсаулыққа бейімделуде.

Осындай сөздерді іштей қайталап болған соң, денеңізді босатыңыз. Содан кейін денеңізді керіп, ағзаларыңызда сергектік, денсаулық және қуат серіппедей серпіліп жатқандығын сезінуге тырысыңыз. Енді сіз ұйқыңыздан толық ояндыңыз, жаңа күнге жаңа сеніммен қадам басуыңызға болады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика