796 көрілім

медитация-1Иога туралы түсінік алғаш рет елімізге өткен ғасырдың ортасына қарай келе бастады. 1980 жылы «Наука и жизнь» журналында Воронин дегеннің хатха иога туралы сериалы мақалалары жарияланды. Сол тұста хатха иога туралы деректі фильм аударылып, одақ кинотеатрларында көрсетілді. Алғашында жұрт хатха иога деген дененің түрлі мүмкіндіктерін ашатын гимнастикалық жаттығу сияқты көріп жүрсе, кейін келе оның адамның денсаулығын жақсартуға зор ықпалы тиетінін түйсіне бастады.

Хатха иоганың түпкі отаны – Индия, бірақ оның қай заманнан бастау алатыны және кім ойлап шығарғаны белгісіз. Хатха иоганың мыңнан астам жаттығулары бар екен. Қызығы сол, ол жаттығулардың бәрі де адамның белгілі бір ағзасының жұмысын жақсартып, денсаулығын нығайтуға игі ықпалын тигізеді. Денсаулықты нығайту хатха иоганың бір бағыты ғана, екінші бағыты адам бойындағы прана деп аталатын қуаттың еркін ағып, бойыңды тік ұстап ұзақ уақыт отыруға, яғни медитациямен айналысуға мүмкіндік жасау.

Мықты денсаулық кепілі.

Иогамен айналысатындар әдетте жаттығудан кейін өздерін өте сергек, бойларына күш құйылғандай тың сезініп, көңіл күйлері жақсара түсетінін айтады. Мұның себебі неде? Иог данышпандардың айтуынша, адамның бойында прана деп аталатын қуат ағыны бар. Прана немесе тіршілік қуаты ағзаларға толық барып, оның қалыпты жақсы қызмет етуіне жағдай жасап отырса, адам сергек, күшті сезініп, көңіл күйі көтеріңкі болмақ.

Дегенмен көп адамдардың қуат ағыны бұзылған. Кейбір ағзаларымызға тіршілік қуаты дұрыс бармайды. Осыдан тәннің жұмыс ырғақтылығы бұзылып, түрлі аурулар пайда болады, әлсіздік билеп, көңіл күй де түседі. Хатха иога жаттығуларын жасау ағзаларымызға тіршілік нәрінің толыққанды баруына жағдай жасайды. Қуат толық барған кезде ағзаларымыздың жұмысы жақсарып қана қоймай, ырғақтылық бұзылудан туындаған аурулардан айығамыз және көңіл күйіміз де көтеріледі.

Ішіп-жеген тамағымыз арқылы тәнімізге берілетін қуаттан басқа, ауа арқылы келетін қуаттың барлығын, тәніміздің астында нәзік астральды тән деп аталатын қабық бар екендігін, онда қуат ағатын каналдар мен қуат орталықтары – чакралар болатындығын бүгін ғылым да ақырындап мойындап келеді.

Мәселен, қытайлық у-шу шеберлері сол тіршілік қуатын пайдалана отырып, тәнін тіпті оқ өтпейтін саутқа айналдыра алады немесе саусағының ұшын жәй тигізу арқылы ғана дұшпанын жер жастандырады. Олар мұндай «кереметтерді» тіршілік қуаты – прананың көмегімен жасайды.

Иогамен айналысқыңыз келсе білікті шебердің көмегіне сүйеніңіз.

Егер денсаулығым мықты, көңіл күйім көтеріңкі болсын, ұзақ жасайын десеңіз иогамен, оның ішінде хатха иогамен айналысыңыз. Бүгінде хатха иога туралы кітаптар баршылық. Бірақ та, оларды оқи отырып, соны басшылыққа алып өз бетімше айналысамын деу қателік қана емес, қатер де. Хатха иоганы жетік меңгерген шебердің көмегімен айналыспасаңыз, денсаулығыңызды жақсартпақ түгілі, өміріңізге қатер төндіріп аласыз.

Сонау 1983 жылы «Наука и жизнь» журналынан хатха иога туралы мақаланы оқып, өз бетімше айналыспақ болған едім. Бірақ одан ештеңе шықпады. Біраздан кейін, тіпті өзімді әлсіз сезініп, басым айналып, көзім қарауытатын болды. Содан «аш пәледен қаш пәле» деп жаттығуды тастадым.
Хатха иогамен айналысатын орталықтар еліміздің үлкен қалаларының біразында бар. Өз басым Алматыдағы иога орталығында болып көрдім. Онда иогамен айналысып, жақсы нәтижелерге жеткен шеберлер аз емес.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика