Хоопонопоно

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

хопонопоноҚарапайым төрт ауыз сөзді күн сайын кез-келген жерде қайталай жүріп, сіз өмір жолыңызды ашуға, қыр соңыңыздан қалмаған қырсықтан арылып, еңсеңізді басқан ауыртпалықтардан құтылуыңызға, түрлі дерттерден айығуыңызға болады. Тамыры тереңге кеткен ғасырлар бойы гавай халықтары пайдаланып келген осы қарапайым тәсілді бүгінгі ғылым да мойындап, тіпті бизнес, медицина салаларында пайдаланып, жақсы жетістіктерге жетіп жатқандар аз емес.

Сыйқырлы тәсілдің шығу тарихы

Хоопонопоно тәсілі гавай аралдарында тұратын аборигендердің ертеден пайдаланып келе жатқан тәсілі екен. Бұрынғы аралды мекендеген тағылардың қазіргі ұрпақтары ғылыми жетістіктерге жетіп, әлемнің дамыған елдері санатына қосылғанымен, ата-бабадан келе жатқан ескі дәстүрлі ұстанатындар да кездеседі. Дегенмен, бұл адам психикасына үлкен әсер ететін таңғажайып тәсіл ұзақ жылдар бойы Батыс елдеріне беймәлім болып келген еді.

Бұл тәсілді алғаш рет Гавай еліндегі емханада қызмет еткен Хью Лин қолданып көреді. Өркениеттен аулақтау шалғай елді мекендерде тұратын жергілікті халық өкілдері ұстанатын осы тәсілді ол өзі қызмет ететін психикалық ауруларды емдейтін емханада пайдаланып көруге бел байлайды. Халық арасында жындыхана атанып кеткен мұндай емханалардың тұрғындарының арасында дерттерінен айығып кететіндері некен-саяқ болатын.

Сөйтіп, осы тәсілді қолданған доктор Хью Линнің пасциенттерінің төрттен үші дерттерінен айығады. Доктордың бітіретін бар шаруасы күнұзақ аурулардың тарихы жазылған жеке кітапшаларын алып қарап, өзінің жан дүниесіне үңілу болады. Әрине, ол да пациенттеріне бүгінгі медицинада қолданылатын емдеу амалдарын, түрлі дәрі-дәрмекті пайдаланады. Бірақ, басқа әріптестерінен өзгеше, ол емдеген науқастардың тоқсан пайыздайы дерттерінен айығып жатады.

Адам жолын ашатын қуатты тәсіл

Енді айықпас ауруларды емдеуге жәрдемдескен гавайлықтардың ежелгі тәсіліне толығырақ тоқталатын кез келгендей. Бұл тәсілдің негізі: төрт ауыз сөзді іштей және аздап дауыс шығарып үнемі қайталап жүру, жәй қайталап қоймай оның мәнін жүрекпен сезінуге тырысу. Енді осы төрт ауыз сөзге тоқталайық.

Мен бұған өкінемін

Бұндай сөзді адам қандай сәттерде айтатынын есіңізге алыңыз. Бір қателік  жасағанда немесе біреуді ренжіткенде, өзгелерге ұнамайтын жаман әрекеттер жасаған кездерде осындай сөз айтылады. Яғни, адам осы сөзді айта отырып, істеген теріс ісіне өкініш білдіреді немесе тәубесіне түседі. Бұны дін тілімен тәубеге келу десе де болады.

Мен саған алғысымды айтамын

Бұндай сөз адамның аузынан біреу өзіне жақсылық жасағанда, жылы сөз айтып, тілек білдіргенде, біреулердің жылы ықыласы мен пейілдеріне риза болғанда айтылады. Қандай жағдайда айтылмасын, бұл сөз оны тыңдаушыларды ризалық сезіміне бөлейді. Қазақтың «жақсы сөз жарым ырыс» дегені де осындайға қарап айтылса керек.

Мен сені сүйемін

Бұл бозбаланың бойжеткенге ынтық көңілін білдіру үшін айтыла салатын жеңіл-желпі  сөз емес. Оның астарында шынайы сезім, үлкен сүйіспеншілік, ыстық ықыласты пейіл жатыр. Шындығында біреуге деген шынайы сезімін адамдар көп жағдайда сыртқа шығарып айта қоймайды. Сондықтан да, ол тылсым, адам жанындағы тамаша таза сезім күйі болып табылады.

Мархабат етіп, кешір мені

Бұндай сөз біреуді қатты ренжітіп алған кездерде, одан бас иіп шынайы пейілмен кешерім сұрағанда шығады. Оның астарында өз ісіне деген өкініш пен әлгі адамнан осы жаман әрекетін қалайда кешіруін тілеген адами пейіл жатады.

Құрметті оқырман: «Өзін өзі жетілдіру» айдарымен сериалдық мақалалар жазып, болашақта жеке кітап етіп жарияласам деген жоспарым бар. Мынау оқыған мақалаларыңыз сол кітаптың бастауы болып табылады. Блогымда оның жалғасын аракідік жариялап отырмақпын. Сондықтан жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика