1 091 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

кармаБіздің дәуіріміздің үшінші ғасырында Рим империясының императоры Константин әртүрлі тілде сөйлейтін және әртүрлі дінді ұстанатын алып мемлекетті басқару үшін ортақ бір діннің болуының игі ықпалы тиетінін біліп, сол тұста халық арасына кең тараған және бір ғана құдайға табынатын христиан дінін ресми мемлекеттік дін етіп алмақ болды. Ол христиан қоғамы өкілдерімен кездесіп, келіссөз жүргізді.

Император Константиннің дінді өзгертуі

Император христиан дінін мемлекетті басқаруға тиімді құрал ретінде пайдалануды ойлағандықтан, ондағы бірқатар ұстанымдарды өзгертуді талап етті. Осыған орай арнайы шақырылған соборда бұл мәселе талқыланып, императордың өтінішімен бірқатар негізгі ұстанымдар өзгертілді.

Алғашқы кезде онша залалсыз сияқты сезілгенмен, кейін келе бұл өзгерістер христиан дінінің бұрмаланып, адамдарды имандылыққа бастаудың орнына, ат төбеліндей аз шіркеу қызметкерлерін байытып, қарапайым жұртшылықты діннен аулақтатуға әсерін тигізді. Оның ақыры, орта ғасырлардың соңында христиан дінінің жетекшілік рөлден айрылып, қоғамдағы көшбасшылыққа ғылымның келуіне жағдай жасалды.

Рейнкарнация неге алынып тасталды?

Христиан дініндегі ең үлкен бұрмалаушылық – бұл реинакрнация, яғни өлген соң қайта жаратылу процесінің үзбей жүргізілетіндігіне деген сенім еді. Иса пайғамбар небары үш жылдай ғана пайғамбарлық құрып, шәкірттеріне қысқа мерзім ішінде өз ілімінің ең негізгі ұстанымдарын ғана түсіндіруге күш салған болатын. Сондықтан, христиан ілімі қысқа да, нұсқа және ықшамдалған ілім болды.

Бүгінге дейін жеткен төрт Евангелие, яғни ізгі хабарда рейнкарнация түсінігі бернеше жерде ғана жәй елеусіз түрде айтылады. Мәселен, шоқындырушы Жақия пайғамбар туралы «Ол Илия пайғамбар еді, бірақ оны адамдар танымады» деп айтылады. Яғни, бұдан Жақия пайғамбар бұған дейін ертеде Илия деген есіммен келген пайғамбар екендігін көреміз. Сондай-ақ, туабітті соқырды жазғанда шәкірттері одан «бұған кім кінәлі, өзі ме, әлде ата-анасы ма?» деп сұрайды.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Бүгінгі христиан түсінігі бойынша туабітті соқыр ма немесе басқа жағынан кемтар болып туа ма, бәрі Жаратқанның еркімен болған іс, яғни тағдыр жолы осындай болған деп түсіндіріледі. Иса пайғамбардың шәкірттерінің мына сауалынан рейнкарнация түсінігі көрініс беріп тұр. Туабітті соқыр болуына рейнкарнация заңы бойынша, әр адамның өзі айыпты. Яғни, ол өткен өмірінде теріс әрекеттер жасап, соның салдарынан енді кемтар тән алып отыр.

Рейнкарнация түсінігін христиандар өз ілімдерінен неге алып тастады? Бұл сауалға сол тұстағы тарихи жағдайларға назар аудара отырып, жауап беруге болады. Император Константиннің христиан дінін қырық құрау Рим халқының басын біріктіреді деген үмітпен ресми дінге айналдырғаны белгілі. Халық арасында қылмыс, зинақорлық, басқа да арсыздықтар, маскүнемдік белең алып кеткен еді.

Христиан дініндегі өлген соң адамдар сотқа тартылып, жақсы-жаман әрекеттеріне сай жұмаққа, не тозаққа барады деген түсінік арқылы шектен шығып кеткен пенделерді қорқытып, тәртіпке салуды ойлаған император рейнкарнация туралы түсінік адамдардың өлгеннен кейінгі қиямет соты, тозақ азаптары жайындағы қорқынышын жойып, «е, өлген соң қайта тіріліп, содан кейін қайта өліп, туу мен өлім шеңберінде шыр көбелек айналып жүре беретін болсақ, онда бес күнгі тірлікте күнадан қорқып, нәпсіні тыюдың қажет бар ма, дін жолын ұстануға кейін де үлгіремін ғой» деп ойлауына жол береді деп күдіктенген еді.

Ал, рейнкарнацияны алып тастаса, онда өлген соң бір-ақ рет тіріліп, қиямет сотына тартылып, күнәсі ауыр болса мәңгі тозаққа түсіп азап шексе, күнәсі аздар мәңгі рахатқа батыратын жұмаққа енеді деген түсінік қалыптаспақ. Бұның өзі адамдардың мына қысқа өмірде шектен шығып кетпей, тәртіпке мойынсұнып, нәпсіге ерік бермей түзу жүруіне ықпалын тигізетін еді.  Христиан дініндегі негізгі түсінік саналатын рейнкарнацияның алынып тасталуына осы жағдай себеп болды.

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика