Христиан дініндегі ағымдар

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

40Дерек көздеріне назар аударып қарасақ, қазіргі күні христиан дінінде үш мыңға тарта ағымдар бар екен.  Яғни, христиан діні сонша ағымдарға жіктеліп кеткен. Сорақылығы сол, бұл ағымдардың арасында негізгі христиан ағымдарын мүлдем мойындамайтын және осы дінге онша сәйкес келмейтін жоралғыларды жасайтындары да кездеседі. Олардың кейбіреулері тіпті, христиандардың басты қасиетті кітабы – Інжілді де өз қалауларынша өзгертіп, басқа нұсқасын шығарып алған.

Мәселен, Иегов куәгерлері деген әлемнің барлық елдеріне кең таралған христиан ағымы Інжілді өз талаптарына сай өзгертіп, басқа нұсқасын жасап алған. Бұл ұйым назар салып қарасаң, діни ұйымнан гөрі, ақша табуға негізделген бизнес компания сияқты әсер қалдырады. Олардың миллиондаған дана болып шығатын «Күзет мұнарасы» деген журналын қоғам мүшелері үй-үйді жағалап жүріп таратады. Иегов куәгерлері күн сайын бірнеше адамға уағыз айтып, сол жайында есеп беріп отруы тиіс екен. Бұл қоғамның мүшелері қан тапсырмайды, жас жігіттері әскерге  бармайды. Христиан дініндегі өлгеннен кейін адамдар қиямет қайымда қайта тіріледі, күнакарларға сот болады деген тұжырымды Иегов куәгерлері бұрмалап, өз беттерінше түсіндіреді. Олардың түсінігі бойынша, Қайрымды құдай қияметте адамдардың бәрін тірілтіп, күнакарлардың жанын қинамай бірден өлтіреді-міс (олар одан кейін ешқашан қайта тірілмейді), ал Иегов куәгерлері осы жердің бетінде мәңгі жұмақта өмір кешеді-міс.

Басқа христиандар сияқты шошқаның етін жемейтін Адвентистер құдайға қалаған уақытында, қалағанынша дұға оқиды. Оларда діни рәсім деген атымен жоқ, діни жоралғыларды әркім өз қалауынша жасайды, құлшылық ете ме, жоқ па өзі біледі. Адвентистер жиындарында міндетті түрде ақша салатын жәшікке  хал-қадерінше садақа салуы тиіс. Бұлардың тағы бір ерекшелігі: шоқынбайды.

Христиан ағымдарының өкілдері өте белсенді түрде уағыз жүргізіп, жұртты ағымдарына шақырып жатады. Осыған орай, баптистердің, адвентистердің, Иегов куәгерлерінің қатары уақыт өткен сайын жаңа адамдармен толығуда. Сондай бір ағымдардың бірі Қазақстанда он жылдың ішінде мыңдаған храм ашып, миллиондаған адамды шоқындырамыз деген мақсат қойып, соны орындауға білек сыбана кіріскені туралы жергілікті БАҚ айтып, жазған еді.

Ұлы Абайдың «бас басына би болған өңкей қиқым, мінекей, алған жоқ па елдің сиқын» дегені қырық құрау болып бөлшектеніп, әрқайссы өз бетінше түйе айдап кеткен христиан ағымдарына қарап айтылған сияқты ма дерсің. Бұрмаланғаны аздай, қиқымдалып бөлшектенген және бір-бірін мойындамайтын христиан ағымдары бір кезде адамзат баласына нұр болып берілген Иса пайғамбар әкелген қасиетті діннің қадірін қашырып, абырой-беделінен жұрдай етті және өзгелерге жеккөрінішті етіп көрсетуде.

Христиан діні өкілдерінің өзге дәстүрлі діндерге деген көзқарастары да оңып тұрған жоқ. Бірнеше жыл бұрын бір священник халықтың, журналистердің  көз алдында мұсылмандар үшін қасиетті кітап саналатын Құранды жыртып, өртеп жіберді. Француздарыдң бір журналы Мұхаммед пайғамдарды мазақтап, сайқымазақ сурет салуы мұсылмандардың жаппай наразылығын туғызған еді.

Таяуда ютубте салынған бір видеодан православ священниктің индустардың дінін қаралап, пұтқа табынушылық дегенін және олардың вегетериандық болуын кіналап, ет жемеу күнә деп салғанын естідім. Сөйтіп, әлгі священниктің айтуынша, ет жемеу үлкен күнә болып саналады екен. Бұл туралы Інжілде бір ауыз айтылмағанымен жұмысы жоқ, дін қызметкерінің бет-аузы бүлк етпей өтірікті соғып жібергені қайран қалдырады. Осыдан екі-үш жыл бұрын Ресейде православ шіркеуі белсенділерінің дем беруімен индустарыдң қасиетті кітабы Бһагавад Гитаны сотқа тартты (о заманда бұ заман қасиетті кітапты сотқа тарту дегенді естімеппіз). Олардың айтуынша, кітапта соғысқа, күш қолдануға шақыратын елдің конституциясына қайшы жайлар бар-мыс. Халық арасында шу шығарған бұл дауға сол тұста Индияның елшілігінің өкілдері, онан қалды Индияның мемлекет басшыларына дейін наразылық білдіріп, ақырсоңында бұл іс жабылды. Осылайша, православие шіркеуі бір миллиардтай адам ұстанатын индуизм дініне қара күйе жағып, оларды қорламақ болды.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика