405 көрілім

40Феодализмнің орнына келген капиталистік қоғам билік басындағы ақсүйектерді де, шіркеуді де ығыстырып, ақша билеген  тексіз қоғамды билік басына әкелді. Нарық барша әлем халықтарын мидай араластырып, материалистік түсініккке негізделген ғылымды бірінші орынға шығарды. Шіркеудің құлдыраған беделі онан әрі түсіп, христиан елдері арасында атеистік, яғни құдайсыздық түсінік белең алды.  Дарвиннің эволюциялық теориясы дінге аса ауыр соққы болып тиді. Ол өзінің теориясында тіршілік кездейсоқ пайда болып, тіршілік үшін күрестің негізінде қарапайымнан күрделіге қарай эволюциялық жолмен дамыған деп тұжырымдаған еді. Бұл ғылыми түсінік енді барлық мектептерде, оқу орындарында оқытылып, дінді онан әрі қоғамнан ығыстыра түсті.

1960-шы жылдардың ортасында АҚШ-қа вайшнавизмді насихаттау үшін барған үнді теологы Шрила Прабхупада өзінің кітабында католик шіркеулерінің қаңырап босап қалғандығын, оған ешкім бармайтындығын, даңғарадай ғимаратты ұстау қиын болғандықтан шіркеулерді арзан бағаға сату жаппай белең алғандығын жазады. Мұндай жағдай Батыс елдерінің бәрінде орын алды. Орта ғасырларда қаптап салынған зәулім шіркеулер адам бармай қаңырап босап қалды. Олардың көбі жеке қолдарға өтіп, мұражайға, кітапханаға немесе байлардың тұрғынүйлеріне айналды.

Өздерінің құлдырап кеткен халық алдындағы беделін қалпына келтіру үшін шіркеу қолдан келгеннің бәрін жасап бақты. Дегенмен, жоғалтып алған сенімді қайта қалпына келтіру қиын ғана емес, тіпті мүмкін де болмай қалғандай екен. Рас, Батыс елдерінде әлі де атадан қалған дәстүр бойынша шіркеуге бару, священниктің уағызын тыңдау, анда-санда тәубесіне келіп тұру сияқты діни жоралғыларды жасайтында жетерлік. Дегенмен, адамдардың көбі бұндай жоралғыларды жәй сырт көз үшін немесе жолым ашылар деген үмітпен жасап жатады. Алғашқы христиан дәуіріндегідей Аллаға деген нық сенім қазір мүлдем дерлік жоғалған. Жаратқанға шын ниетімен сеніп, құлшылық ететіндер шалғай ауылдарда, монастырлерде бірлі-жарым кездесуі мүмкін екендігін теріске шығаруға болмас. Дегенмен, Жаратқанға сенімде жасандылық басым. Бұның айғағы ретінде христиан әлемінде жылдан жылға көбейіп бара жатқан түрлі арсыздықтар мен естір құлаққа ерсі күнакарлықтардың етек алуын келтіруге болады.

Мәселен, жалғыз АҚШ елінде ғана католик монахтарының кәмелетке толмаған ер балаларды зорлауына қатысты қылмыстық істер бойынша жыл сайын миллиард доллардан артық айыппұл төлеу жөнінде сот шешімдері шығады екен. Монахтардың арасындағы мұндай арсыздықтардың белең алып кеткені сонша, бұрын бұның бәрін өсек-аяң деп ескермей келген Рим папасының өзі оны мойындап, бұл арсыздықты тыюға қарсы шара қабылдауды тапсырған.

Осыдан бірер жыл бұрын Мәскеудің діни университетінің профессоры Кураев дегеннің БАҚ арқылы айтқан мәлімдемесі сол тұста біраз шу туғызған еді. Профессордың айтуынша, православие шіркеулерінде дін қызметкерлері арасында жыныс жақындығына мәжбүрлеу оқиғалары белең алып кеткенге ұқсайды. Әсіресе, семинарияда оқитын жасөспірімдер дін қызметкерлерінің құрбандығына жиі айналады екен.

Ютубте Рим папасының храмдағы жұртшылықпен бірге жасаған құлшылығы жайындағы бейнетүсірілім көрсетілді.  Латын тілінде жұрттың бәрін ұйытып, әндетіп тұрған дін қызметкерінің сөздерінің мағынасын аударған осы бейнетүсірілімді салушының айтуынша, бұл Аллаға емес, Құдайдың қарғысына ұшырап, адамзаттың жауы саналатын Ібіліске арналған дұға екен. Дұғада «О, күн келбетті Люцифер, саған табынып, саған құлшылық етеміз» деген сияқты сөздер бар. Рим папасынан бастап, біраз епсикоптар, басқа да діни лауазым иелерінің дұғаны ұйып тыңдағандарына қарағанда, олар сол Ібіліске шынымен де табынатын сияқты әсер қалдырады.

Интернетті шарлап кеткен тағы бір суретте Рим папасы Фрациск миллиардер алпауыт Рокфеллердің қолын сүйіп тұрғандығы бейнеленіпті. Осыны көргенде бүгінгі католик дінінің ахуалын, бетбейнесін танығындай боласың. Православие шіркеуі де католиктерден қалыспай, неше түрлі сұмдықтарды жасап жатқандығы жайында БАҚ айтып, жазуда. Ресейдің бас патриархы тұратын сәулетті сарай, мен оның бағасы бас айналдырар қымбат көлігі – құдайдың құлына тән емес, байлыққа шектен тыс құмар адам екендігін көсрететіндей. Ал, православие шіркеуінің қолшоқпары қызметін атқарып, деструктивті деп аталынған діни ағымдармен күресуде ерекше көзге түсіп жүрген профессор Дворкин дегеннің ғылыми атағы түгілі, жоғары білімі де жоқ екендігі, бір кезде Мәскеудің пединститутынан үлгірімінің төмендігіне орай шығып қалғандығы жайында нақты деректермен тұжырымдалған видеоролик интернетте кең тарап кетті. Шіркеуге бар ақшасы мен пәтерін беріп, ақырсында далада қаңғып қалған монах әйелдің басынан кешкен жайы құдай атын жамылған дін қызметкерлерінің ақша үшін ештеңеден тайынбайтын ашкөздігін көрсеткендей. Тізе берсең, мұндай мысалдар өте көп. Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мынадай: христиан діні қазір құлдырап, тоқырау кезеңін бастан кешіріп жатыр, орта ғасырларда белең алып, бүгінге дейін жалғасқан діндегі бұрмалаушылықтар Иса пайғамбар негізін салған христиан дінінің ішіне түскен жегі құрттай мүжіп құртуға айналғандай.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика