1 174 көрілім

діни бұрмалаушылықтарҒылым мен техника шарықтап дамыған 21-ші ғасырда да надандық құрсауында жүрген пенделер жетіп артылады. Білімділік бітірген оқумен, диплом атты қатырма қағазбен немесе ғылыми дәрежемен өлшенбейді. Бірнеше жоғары оқу орнын бітірген, ғылыми дәрежесі бар адамдардың арасында да надандар аз емес.

Надандықтың бір сипаты – фанатизм

Өткен ғасырда Гитлер деген бір қаскүнем немістерге «сендер арий нәсілінің ішіндегі ең таза ұлтсыңдар, сондықтан әлемнің басқа халықтарға немістерге құл болуы керек» деді. Халықтың көбі бұған имандай ұйып, құлай сенді.  Осындай соқыр сенімді санасына сіңірген, яғни фанатизм деп аталатын дертпен ауырған пенделер қолдарына қару алып, әлем халықтарын құлдыққа салуға кірісті.

Оның ақырының не болғанын тарихтан жақсы білеміз. Арий нәсілінің ең тазақанды ұлты – немістер күл-талқан болып жеңіліп,  халықты алдаған көсемдер өздерін құртқанымен қоймай, халқын да құрта жаздады.  Ал жеңістен кейін кешегі арий нәсілінің таза қанды ұлтының әппақ қыздары көмірдей қара американдық солдаттарға тәнін бір үзім нанға сатты. Содан өмірге қарадомалақ балалар қаптап келді.  Әлем халқын құл етеміз дегендерге Алланың ескертуі, тағдырдың тәлкегі деген осы емес пе?

Егер назар аударып тарихымызға қарайтын болсақ, мұндай жағдайлар көп екенін бағамдаймыз. Бірақ та, жады келте екі аяқты пенделер Жаратқанның ескертуін әп-сәтте естерінен шығарып ала береді. Кешегі гилергшіл фашистердің қателігін бүгін ислам экстремистері дегендер айна-қатесіз қайталап жатыр. Олардың айтатындары: «ең таза дін – ислам, сондықтан барша әлем халқы мұсылман болуы керек, болғысы келмесе күшпен болдырамыз».

Осылайша, қолдарына қару алып жихад деп аталатын қантөгіске білек сыбана кіріскен ақыл-естен жұрдай пенделер өздерін де, өзгелерді де аямай қан қақсатып жатыр. Мұның ақыры не болады? Тарихқа ой жүгіртіп қарасақ, ақырының не боларын болжамдау онша  қиын емес.  Яғни, фашистердің  бүгінгі ізбасарлары – ислам экстремистері  «ағаларының» жетістігін қайталап,  түп тұқиянымен жойылып тынбақ. Бұл – АҚИҚАТ.

Надандықтың  тағы бір сипаты – соқыр сенім

Әлеуметтік желіде қазақтың жап-жас жігіті «аспандағы жұлдыздарды Алла көкті әшекейлеу үшін ғана жаратқан, одан басқа еш қызметі жоқ» деп жазды. Рас Құранда аспан денелері көкті безендіреді деген мағнадағы аят бар. Бірақ бұл күн, ай, жұлдыздардың көкті безендіру үшін ғана жаратылғандығын білдірмейді. Оның басқа да қызметтері бар.

Қазір шарықтап дамыған ғылым күн бізге ең жақын жұлдыз екендігін, көктегі әр жұлдыз күн сияқты алып аспан денесі, оның айналасында ондағын, жүздеген планеталар болатынын дәлелдеді. Қазір триллиондаған шақырым жердегі аспан денелерін көре алатын радиотелескоптар бар.

Ал енді әлгі көкірек көзі ашық оқыған қазақ жігітінің пікірінше, аспан денелерін Алла тек көкті безендіру үшін ғана жаратыпты-мыс. Жұлдыз дегендер бейне жаңа жылдық шыршаларды безендірген жалтырауық ойыншықтар сияқты екен. Бұны енді НАДАНДЫҚ демегенде не дейсің.

Таяуда әлеуметтік желілерден Ауғанстанда шалға тұрмысқа беруге қарсы болып,  теңдес жігітпен қашпақ болған қызды шұқырға отырғызып қойып таспен атып өлтіргенін бейнелейтін бейнеролик  көрсетілді. Шариғат заңы бойынша зина жасаған әйелдер мен ер адамды аяусыз жазалау қажеттігі айтылған. Құранда оларға жүз дүре салу керектігі және оны мұсылмандардың бір тобы көріп тұруы қажеттігі  білдірілген.

Бүгінгі әсіре діндарлар шариғат заңын бұрмалап, зина жасаған емес, өзі ұнатқан тедес жігітке қосылғысы келген қызды таспен атып өлтіріп жатыр. Өкініштісі сол, бүгінде ислам дінін ұстанушылар арасында осындай бұрмалаушылықтар өте көп және оның бәрі дін атын жамылып жасалуда.

Кәпірлерге қарсы күресеміз деп жазықсыз жандарды өлтіру, көп әйел алуға рұқсат етілген деген желеумен ондаған, тіпті жүздеген қыз-келіншектерді күңдікке салып, гарем ұстау, талақ ету дегенді арқаланып, ұнатқан қыз-келіншекпен қосылып, құмарын қандырған соң талақ ете салу, құрбандық шалу дегенді малданып құрбан айты кезінде мың-миллиондап малды қырғынға ұшырату, т.б.

Алла адамға неге ақыл-сана берді?

Бүгінгі әсіре діндарлардың әрекетіне қарап, олардың өз бастарымен ештеңе ойланбайтыны, әлдекімдердің айтуымен, жұрт солай жасап жатыр дегенді желеу етіп жасайтынын көруге болады. Ұлы Абайдың «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті НАДАН адамның» деген сөзі осындайларға қарап айтылса керек.

Егер адам ештең ойламай, әлдекімдердің дегенімен, жұрттың жасағанын жасап  өмір кешетін болса, онда Алла адамдарға ақыл-сананы не үшін берді? НАДАНДЫҚТЫҢ ең басты белгісі – өз ақылымен іс жамай, әрдайым басқаларға еліктеу, солардың ізімен жүру тән.

Өткен ғасырдағы өздеріне де, өзгелерге де айтып жеткізгісіз қасірет әкелген сайтанның құлы – Гитлердің ізбасарлары да, бүгінгі Ібілістің малайы – ислам экстремистері де НАДАНДЫҚ құрсауындағы алжасқан пенделер. Олар бұл дүниеде өздеріне де, өзгелерге де үлкен залал жасап, о дүниеде ТОЗАҚТЫҢ отыны болады. Бұл – АҚИҚАТ.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика