Ысырапшылықты Алла ұнатпайды

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

28Нарық қыспаққа алған қазіргі қоғамда адамдар әрбір тиынын тиімді пайдалануды үйреніп, ысырапшылдықтан аулақ болуы тиіс. Бірақ іс жүзінде жағдай бұлай емес. «Кедей байға, бай құдайға жетсем дейді» деген ысырапшылдықтан бәсеке атам заманнан бері үздіксіз жалғасып келеді.

Кредит алып той жасау

Жалғыз баспанасын кепілге қойып, банктен пәлен пайызбен несие алып, аста-төк той жасайтын әлемдегі жалғыз халық – қазақ шығар. Кеңес заманында үйлену тойы бір-ақ рет өтетін болса, қазір екі той жасалатын болды. Қыз жағы шашылып-шабылып ұзату тойын жасайды, жігіт жағы онан қалыспай және аста-төк той өткізеді.

Онан қалды, құда шақыру, сырға салу сияқты толып жатқан жасамаса болмайтын салт-жоралғылар және бар. Осылайша, той жасау қазақты қарызға белшесінен батырып кетеді. Шағын той өткізсе сүйекке таңба, сондықтан кем дегенде 100, 200, 500 адам шақырып, мейрамхана жалдап тойды дүрілдетіп өткізу қажет. Бұл – қазіргі күнгі жазылмаған айнымас ереже іспетті. Одан ешкім де бас тарта алмайды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын белгілі бір саясаткердің ұлы үйленіп, той өткізуге 150 миллион доллар ақша жұмсапты деп интернетте жұрт жарыса жазды. Әлгі саясаткер тойға шақырумен келген шет елдік бір әнші жұлдыздың бір ән салғаны үшін 3 млн. долларды қалтасына салып беріпті дейді. Енді бұны дарақылық пен ысырапшылдықтың ең керемет үлгісі, яғни СУПЕР-ЫСЫРАПШЫЛДЫҚ десе болар.

Байлар осылай ашылып-шашылып жатқанда кедейлер де олардан қалыспайық деп намысқа тырысып, кредит алып өздерінше дүрілдетіп той жасайды. Той бәсеке осылай жалғасып, тіпті уақыт өткен сайын қызып бара жатқандай. Интернетте дағдарыс келгелі адамдар азық-түліктен басқа ештеңе сатып алмайтын болды, әр тиынын үнемдеуді үйренуде, бірақ соған қарамастан, той-томалақ азаймай, той бизнесі қызып жатыр деп жазды. Яғни, ысырапшылдық дағдарысқа қарамай әлі жалғасып жатқан жайы бар.

Ысырапшылдықтың зияны неде?

Ысырапшылдықты Алла ұнатпайды деген аят бар қасиетті Құранда. Алла ұнатпаса, оның адамдар үшін екі дүниеде де пайдасы жоқтығы анық. Ең алдымен, ысырапшылдық адамға материалдық жағынан үлкен шығын әкеледі. Содан кейінгі залалы, адамдарға психологиялық жағынан кері әсерін тигізетіндігі. Аста-төк той жасағанды көрген басқалар да мен одан қалыспаймын деп тыраштанып бағады.

Үшінші зияны, асып-тасқан мол дастархан (онда арақ-шараптың да ағыл-тегіл болатыны белгілі) адамдарды тойындырып, оның ішінде араққа тойдырып, ақыл-естен айырады. Мұның соңы неше түрлі кикілжіңдерге, ұрыс-керіс, төбелеске айналып жатады. Кезінде «Тамашада» Бауыржан Ибрагимовтың айтатын «Т» образный трезви той жасаймын десем, «П» образный пяный, «Д» образный драка болып кетті» дегені сияқты мұндай аста-төк тойлардың соңы келеңсіз жайларға жиі ұрындыратыны шындық.

Ысырапшылдықтың тағы бір зияны, кредит алып той жасайтындар балаларының отбасылық өмірін қарызбен бастауына жағдай жасап қояды. Қарызбен басталған өмір, қарызбен аяқталуы мүмкін.

Шымкенттегі жағымды жаңалық

«24 кз» телебағдарламасы Шымкентте жаңа үйленген Дария мен Еркебұлан Жолдасовтар аста-төк той жасаудың орнына сол тойға жұмсалатын ақшаға адамдарға тегін тамақ таратқаны туралы хабар көрсетті.

Осының алдында Шымкентте тұратын жас жұбайлар Мейірман мен Сәния Сауранбек тойға ашылып-шашылмай сол ақшаға балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жетімдерге үлкен дастархан жасап беріпті. Сол тұста әлеуметтік желілер осындай қайрымдылық тойын өткізген жас жұбайларды «жылдың ең үздік қосағы», ал тойды «жылдың үздік тойы» деп бағалап, жарыса жазған еді.

Аста-төк той атыңды шығармайды

Жоғарыда айтып кеткен ұлының үйлену тойына 150 млн. доллар жұмсаған саясаткердің бұл әрекеті оның жақсы атын шығармағаны анық. Әлеуметтік желілерде керісінше оның атына осы ысырапшылдығы үшін кекетіп-мұқатқан, ашу-ызаға толы жағымсыз пікірлер өте көп айтылды.

Әлгі саясаткер ұлының үйленуін 150 емес, 1 млн. долларға да жарқыратып өткізуіне болар еді. Ал қалған 149 млн. долларға үйсіз-күйсіз жүрген жас жұбайларға, көп балалы отбасыларға баспана алып берсе, бүкіл өміріне жететін САЯСИ ҰПАЙ алар еді.

Бұл саясаткерге қарағанда аста-төк той жасамай, тойға жұмсалатын ақшаны қайрымдылыққа жұмсаған жас жұбайлар әлдеқайда ақылды, көреген екен. Олар осы әрекеттерімен бір оқпен үш қоянды бірден атып алды. Біріншіден, ақшаларын үнемеді. Екіншіден, қайрымдылық жасау арқылы атақтарын шығарды. Үшіншіден Алланың алдында есепсіз сауап алды.

Ысырапшылдық – дарақы, ақымақ, мақтаншақ етеді және ол кедейшілкке бастар ең төте жол. Керісінше, үнемшілдік байлыққа, берекеге бастап, адамды кішіпейіл, қарапайым, қайрымды етеді. Бұл екі жолдың қайссын таңдау – әркімнің өз еркіндегі іс.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика