1 384 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

стрессБүгінде адамзат үшін ең үлкен қатер болып отырған жүрек қантамыр ауруларының негізі – жүйке жүйесі қызметінің бұзылуынан екендігі белгілі. Жалпы аурулардың 90 пайызы жүйке жүйесіның бұзылуынан орын алады екен. Стресс, депрессия деп аталатын дерт бүгінде жасты да, кәріні де темір құрсауына алып, шарықтап дамыған медицинаға бой бермейтін ауруға айналып барады.

Жүйкеге салмақ салатын қорқыныш

Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қорқыныш атты құбыжықтан жапа шегеді. Қорқыныш адамның көлеңкесі сияқты өле өлгенше қыр соңынан қалмай, азапқа салады. Еш пенде қашып құтыла алмайтын кәріліктен, жалғыздықтан, аурудан қорқудан басқа да қорқыныштар жетерлік.

Жұмыссыз қаламын-ау, кредитімді қалай жабамын, қожайын жалға алған пәтерден шық десе қайда барамын деген сияқты күнделікті кездесетін жайлар бізді үнемі қорқыныш пен үрейде ұстайды. Адамдардың көбі өкінішке орай, қыр соңынан қалмай ішкенін ірің, жегенін желім ететін қорқынышты ауру деп санамайды және психолог дәрігерге көрінуді ойламайды.

Ондайлар ақыл-ойын түгел билеп алып, жүйкесін жүндей түткен үрей мен қорқыныш өздігінен уақыты келгенде таңғажайыптың күшімен жоғалады деп үміттенеді. Осындай жалған үмітке алданған пенделер жүйкесінің жұқарып, депрессия деп аталатын дертке ұшырағанын сезбей қалады.

Жүйкені жұқартудың тағы бір жолы – ұрыс-жанжал

Біреумен ұрыспаса ішкен тамағы бойына дарымайтындай көретіндер бар. Ондайлар әдетте қабағынан қар жауып жүреді және сәл-пәл себеп табылса болды қабаған иттей арпылдай жөнеледі. Автобуста бейтаныс адамның сәл ғана ұнамсыз әрекеті ашу-ызасына тиіп, аузына ақ ит кіріп, көк ит шығатындарды талай көрдім.

Ондайлар сөзге құлақ аспайды. Тек менікі дұрыс деп, шапылдап беттен алады. Ашудан дірілдеп-қалшылдап не айтып, не қойғанын білмейтін күйге түсетіндер бар. Ашу-ызаға бой алдыру, жанжалдасу жүйкені жұқартып, стресс деп аталатын дертке ұрындыратын ең төте жол. Оның нәтижесі: бас ауруы, әлсіздік, қан қысымының жоғарылауы. Мұның ақыры инсульт және ифаркт деп аталатын дерттерге жеткізбек.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Жүйке жұқартудың тағы бір негізі – міндетсіну

Бала-шағасын, жұмысын, тіпті өмір сүріп жүргенін міндетсініп, басқалардан бағынып бойсұнуды, жанашырлықты үнемі талап етіп жүретіндер көп. Ондайлар әдетте «менің пәлен балам бар, пәтер алып беріңдер немесе жалақысы көп жұмысқа орналастырыңдар, жәрдемақы төлеңдер, жеңілдік беріңдер» деген сияқты талаптарын құзырлы органдарға ғана емес, айналасындағы өзі сияқты қарапайым жандарға да айтып жүреді.

Емханаға барғанда дәрігерлерге өзінің ауруы үшін бейне сол кінәлідей шүйлігіп, заңды құқығын алға тарта сөйлейтіндер, әлдене қажет болып банкке, болмаса басқа қызмет көрсету мекемесіне бара қалса кезекке тұрмай, жұрттың алдын орап, айғайлай сөйлеп құқығын алға тартатындар – жүйкелерін жұқартып, ауру шақыратындардың санатынан. Ондайлардың жүзінен күлкі табын ешқашан көре алмайсыз, әзіл-қалжыңға да жоқ, керісінше әкіреңдеп сөйлеу, дөрекілік таныту, ашуға беріліп айқайға басуға дайын тұрады. Бұндай мінез-құлықтың нәтижесі: жүйке жұқарып, ұйқы, тәбет бұзылады, қан қысымы ауытқып, онан әрі жүрек қантамыр ауруына ұшыратады.

Стресстің қайнар көзі – демалыссыз жұмыс істеуде

Бүгінде тәулігіне 10-12 сағат, тіпті онан да көп уақыт жұмыс жасататын мекемелер мен кәсіпорындар көбейді. Күнкөріс үшін амалсыз сондай мекемелерде уақытпен санаспай жұмыс жасайтындар, демалыс дегенді білмейтіндер бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, депрессия деп аталатын дертке ұшырайтындар қалыпты 8 сағаттық, бес күндік жұмыс жасайтындармен салыстырғанда 10-12 сағаттық, 7 күндік жұмыс жасайтындар арасында бес есеге дейін көп екен. Демалыссыз жұмыс жасау адамды шаршатып қана қоймай, қалыпты табиғи биологиялық ырғақтылығын бұзады. Оның нәтижесі: қан қысымы жоғарылап, ұйқының бұзылуына әкеледі. Онан әрі дамыған дерт жүрек қантамыр ауруына ұшыратып, инсульт, инфарктқа жеткізетін жолға салмақ.

Түйін: «Қарамаса әйел, бақпаса мал кетеді» дейді қазақ. Денсаулықты сақтап, өзін өзі күтпесе, ауруға ұшырау оңай. Ал дертке бір бой алдырған соң дертке дерт қосылып, өрши бермек. Бүгінде жыл сайын миллиндаған адамның өмірін жалмап жатқан ең қатерлі дерт саналатын жүрек қантамыр ауруы жүйке жүйесі қызметінің бұзылуынан пайда болады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, жүйкеңізді артық салмақтан қорғап, дертке жол ашпайын десеңіз, өзіңізді күтіп, ашу-ызадан, ұрыс-жанжалдан аулақ боланыңыз жөн. Ең дұрысы, айналаңыздағы барша адаммен жылы қарым-қатынас жасап, ертеңгі күннен жақсылық күтіңіз. Сонда стресс, депрессия деген дерттерден аулақ болып, өміріңіз жеңілдейді, ең бастысы денсаулығыңыз жақсарады.

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика