1 307 көрілім

Бүгінде әлемде жүрек қан тамыр ауралары жыл сайын қырық миллионнан астам адамның өмірін жалмап жатады екен. Қазақстанның халқы 17 миллион екендігін ескерсек, жыл сайын біздің еліміздей екі мемлекеттің халқы осы дерттен қайтыс болады. Жүрек қан тамыр аурулары жыл санап өршіп барады. Әзірге медицинаның оны ауыздықтауға қауқары жоқ.

Қан қысымы неге ауытқиды?

Қан қысымым жоғары немесе төмен деп шағынатындар көп. Олардың арасында жасамыстар да, жастар да аз емес. «Давлением көтеріліп, басым сынып тұр» деп күнара мазасы қашып жүретіндерді қай-қайсымыз да көріп, естіп жүреміз. Бұл адамды төсекке таңып қоятын дерт болмаса да, қан қысымының ауытқуы әліңді құртып, басыңды ауырлатып, дел-сал күйге түсіреді. Мұндайда жұмыс істемек түгілі, жәй отырып демалу да мүмкін болмай қалады.

Қан қысымының ауытқуын бүгінгі медицина нақты тұжырымдап дәл себебін айтып бере алмайды. Бұның себебін «Секрет» фильмінің жалғасынан тапқандай болдым. Квантты физиканың дамуы соңғы кезде материалдық әлем туралы ой-пікірімізді түбегейлі өзгертіп жатыр. Айналамыздағы жанды-жансыз заттардың бәрі үнемі діріл қағып тұратын қуаттан басқа ештеңе емес екен.

Адам да, хайуан да, тас та – бәрі үнемі діріл қағып тұратын (вибрация) біртекті қуат деп түсіндіреді квантты физика. Бұны кәдімгі механикалық сағаттың маятнигімен салыстыруға болатындай. Әлемдік материалдық қуат біртекті және бір-бірімен ажырамастай бүтінді құрайды. Дегенмен, осындай әлемдік қуаттың ажырамас бөлшегі екендігіне қарамастан, адам өзін әлемнен бөлек сезінеді және тәні арқылы оқшау тірлік кешеді.

Үнемі діріл қағып тұратын әлемдік біркелкі қуаттың өзіне тән ырғақтылығы бар. Адамның ағзаларының жұмысы да сол ырғақтылықтың ықпалында болады. Егер біздің ағзаларымыз әлемдік біркелкі қуат ырғақтылығымен сәкес болса, өзімізді жақсы, сергек сезінеміз, ал ырғақтылық бұзылса, түрлі дерттер пайда болады. Қан қысымының ауытқушылығы сол ырғақтылықтың бұзылуына тікелей байланысты екен.

Екінші тыныс деген не?

Ертеректе бір жазушының «Екінші тыныс» деген әңгімесін оқығаным бар. Айдалада Уазик автокөлігімен жүйткітіп келе жатқан жолаушылар кенет машинамен жарысқа түскен киікті көреді. Қызығы сол, киік машинадан қалмай қатарласа шапқылайды. Осындай жарыс біраз уақытқа созылады. Содан кейін кенет ойлы-қырлы жер кездесіп, машина жүрісін сәл тежеген кезде, киік алға озады. Сол –ақ екен түз тағысы жылдамдығын күрт арттырып, жүтйкіте жөнеледі. Автоөклік жылдамдығын қанша артырғанымен киік әп-сәтте ұзап, көрінбей кетеді.

Бұның сырын жолаушылардың бірі киіктің екінші тынысының ашылуымен түсіндіреді. Машинадан оза алмай, қажып келе жатқан киік сәл алға озған кезінде, екінші тынысы ашылып, содан соң шабысына шабыс қосып, ұзап кеткен.

Сіздің екінші тынысыңыздың ашылған кезі болды ма? Мұндай жағдай бала кезімде болғаны есімде. Жаздың қапырық ыстығында фудбол ойнап жүрдік. Қатты шаршап, әрең жүгіріп жүрген мен бір кезде тынысым ашылып, сергіп сала бердім. Содан кейін-ақ шаршау дегенді ұмытып, бір сағаттан астам доп қуаладым.

Екінші тыныс деген адам ағзаларының жұмыс ырғақтылығының әлемдік біркелкі қуат ырғақтылығымен сәкестенуі. Мұндай жағдайда адам шаршау дегенді ұмытып, еш қажымай жұмыс жасайды, не жүгіреді. Алыс қашықтыққа жүгіретін спортшыларда бұндай қасиет бар.

Әлемдік ырғақтылықтың ықпалында.

Қазір мен күнде таңертең 40-45 минуттай ағзаларыма қатты салмақ түсіріп дене жаттғуларын жасаймын. Сол жаттығу барысында алған серпіліс бір тәулікке жетеді. Өзімді сергек, жақсы  сезініп жүремін. Ал кейде бір жағдайларға байланысты екі-үш күн дене жаттығуын жасамасам, бойым ауыр тартып, қан қысымым көтеріле бастайды. Яғни, ырғақтылық бұзылды деген сөз.

Егер сізде қан қысымыңыз ауытқуы болса, онда ағзаларыңызға қатты салмақ түсіріп дене жаттығуын жасаңыз, жүгіріңіз. Дәрігердің сөзін тыңдап «қан қысымым жоғары, сондықтан жүгіруге, қатты қозғалуға болмайды, көк шәй ішіп жату керек» деген түсінікті санаңыздан шығарыңыз. Бұлай деп сеніммен айтуымның себебі, менің де қан қысымым бар, бірақ дене жаттығуларын жасап, ағзаларымның жұмыс ырғақтылығын жақсарту арқылы одан құлан таза айықтым. Егер дәрігердің айтқанын істеп, көк шәй ішіп, төсекте қозғалмай жататын болсам, жүрек қан тамыры ауруы мойныма мініп алар еді.

Мен сізге аурудан айығудың қарапайым және сенімді тәсілі туралы айттым. Оны қабылдайсыз ба, жоқ па – ерік өзіңізде.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика