Жаңа технологияға жете көңіл бөлінеді

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бүгінде   ІТ саласының болашағы зор, қарыштап дамып келе жатқаны белгілі.          Осы орайда, елімізде қабылданған «Цифрлы Қазақстан» сынды бағдарламаның орны ерекше.  Бұл саланың маңыздылығын ұққан көптеген дамушы елдер  кеткен еселерін түгендеу үшін қаржысын да, ресурсын да аяп жатқан жоқ.

Жалпы, цифрлық технологиялардың біздің қоғамға берер артықшылықтары зор. Атап айтатын болсақ, біріншіден, сандық технологияларды Үкімет органдарының қызметіне енгізсек, қызмет көрсету сапасы мен жеделдігі артып, бұдан қарапайым халық та ұтатыны анық. Екіншіден,  тұрғындардың сандық технологияларды меңгеруі жоғарылаған сайын қажетті ақпаратқа қол жеткізу, Үкіметпен байланыс орнату жағында елеулі алға басушылықтың орын алары сөзсіз. Үшіншіден, ақпаратты алмасу мен сақтауда да біраз жетістіктерге қол жеткізерімізге күмән жоқ. Мысалы, сымсыз телефондар, желілік телеарна және т.б. осының жемісі.

Көпшілікті елең еткізіп, қоғамда біраз талқылауға түсіп оң көзқараспен қабылданған «Цифрлы Қазақстан» бағарламасының алдына қойған өзіндік мақсаттары баршылық. Олар:    Біріншіден, бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға жеткізу. Екіншіден, тұрғындардың 95 пайызын цифрлы xабар таратумен қамтамасыз ету. Үшіншіден, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында айтарлықтай шаруалар атқарылуда. Осының бір айғағы ретінде таяуда өткен  білім беру үдерісін, педагогикалық белсенділікті арттыру және оқу-әдістемелік, оқу үдерісін  ақпараттық-технологиялық қамтамасыздандыру, жаңа білім бағдарламаларын жоғары сапалы оқу ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында «Үздік  цифрлық білім беру ресурсы» конкурсын атап өтуге болады.

Аталмыш шараға  20 кафедраның  50 оқытушысы қатысып, олардың  авторлығымен 40 оқу-әдістемелік басылым электронды форматта ұсынылды.           Соның ішінде 9 оқытушы жоғары нәтижеге қол жеткізіп,  жүлделі орындарға ие болды. Жалпы алғанда, университетімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға орайластырып жүргізілетін көпшілік шаралар жиі өткізіліп тұрады. Ондай шараларға оқытушылар да, студенттеріміз де белсене қатысып, өздерінің білімдері мен біліктіліктерін көрсетіп жатады.   IT саласын ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бәріміз үшін де маңызы зор екендігін өмір тәжірибесі анық көрсетіп отыр.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика