1 689 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Ертеде ел кезіп, қайыр сұраумен күн кешкен дәруіш өмір сүріпті. Ол үнемі Алланың атын зікір етіп, Жаратқанды есіне алып жүретін. Мына жалған дүниенің қызығын баз кешкен тақуа дәруіш күндердің күнінде бір бай саудагердің сарайына келді. Алыс жолдан қатты қалжыраған дәруіш аш еді.

Сәулетті сарайдың алдындағы бақшада мамық төсекте маужырап жатқан саудагерді қызметшісі желпуішпен желпіп тұр. Аш дәруіш бай үйден өзегін жалғар бірдеңе табылар деген үмітпен саудагерге жақындап келіп Алланың атын айтып сәлем берді. Көзін сығырайта ашып, оған тәкаппарлана қараған бай мезіреті етіп сәлемін де алмады. Бірақ дорба асынған сақалы желбіреген дәруішке қарап, бәлкім бұл тылсым ілімді меңгерген әулие шығар, онда мен бұдан болашағымды сұрап көрсем қайтеді деген ой келді.

Байлық адамның ақылын тұмандандырады.

Ол басын көтеріп, мамық жастыққа шынтақтай жатты. Содан кейін дәруішке қарап, «байқаймын сен құдай жолында жүрген тақуа адам сияқтысың» деді.

-Иә, мәртебелім, бар өмірімді Жаратқанға құлшылық етуге бағыштаумен келемін, -деді дәруіш.

-Онда сен маған мынаны айтшы, менің болашағым қандай болады?

-Жақсы болады, мәртебелім. Бала-шағаңыз бен мол дәулетіңіздің қызығын көріп, ұзақ ғұмыр кешесіз.

-Жақсы, -деді көңілі толған саудагер.

-Ал о дүниедегі ахуалым қандай болмақ, сол туралы не айтасың?

Саудагердің ниетін түсінген дәруіш «Жақсы болады, мәртебелім, о дүниедегі ахуалыңыз да тамаша болады. Жұмаққа барасыз, жан рахатына бөленесіз. Бірақ…» деп арғы жағын айтпай мүдіріп қалды.

Бар байлығың адыра қалады.

-Иә, айтсаңшы, не бірағы бар, -деді саудагер оған түсінбегендей тағатсыздана қарап.

-Жәй, түкке тұрғысыз бір ұсақ нәрсе, -деген дәруішке ол «не нәрсе ол, айтсаңшы енді» -деп қадала сұрады.

-Тіпті, назар аударуға болмайтын ұсақ нәрсе, -деген дәруіш саудагер қадала сұраған соң, -түнде ұйықтап жатққан кезіңізде бір маса келіп ұйқыңызды бұзып, мазаңызды алмақ.

-Сол ғана ма? –деп дәруіштің мына сөзін естіп көңілі орныққан саудагер «өй, ол масаны мен мыжып өлтіріп тастай салмаймын ба» -деді соны да әңгіме етіп дегендей масайрай сөйлеп.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

-Жоқ, дегенмен, оны өлтіргеніңізбен, сәлден кейін тағы бір маса құлағыңыздың дәл түбіне ызыңдап келіп, ұйқыңызды бұзады…

-Сол да сөз болып па, мен онда масахана құрып алмаймын ба? –деген саудагер енді не уәж айтасың дегенедй дәруішке көзін сығырайта қулана қарады.

-Дұрыс қой мәртебелім, бірақ та әлгі масахананың бір бұрышында кішкентай тесік болады да, содан кірген маса құлағыңыздың дәл түбіне келіп ызыңдап ұйқыңызды бұзады…

-Ей, ондай тесік болса, оны тігіп алмаймын ба? –дегенде қожасының тапқырлығына сүйсінген қызметшісі де «иә, өте дұрыс айтасыз» деп елпілдей іліп әкеткен. Енді қандай уәж айтар екенсің дегендей бай дәруішке менменси қарады.

-Дұрыс қой мәртебелім, бірақ та жұмақта ине, жіп деген мүлдем болмайды, -деді дәруіш.

Шыдамы таусылған саудагер осы арада тарыс жарылды. «Не оттап тұрсың өзің. Жұмақта маса болады, ине-жіп болмайды дегенің не сөз? Өзің ақылыңнан алжасқанбысың?» -деді ол жеп жіберердей шүйлігіп.

Бірақ ол күткендей дәруіш саудагерден қаймықпады да, сөзден де тосылмады.

-Мен емес ақылынан алжасқан, мына сізсіз, -деді дәруіш оған тайсалмай қасқая қарап. –Сіз мені асып-тасқан байлығым бар деп менменсіп, адам ғұрлы қабылдамадыңыз. Жасымды, сақалымды сыйлап алыстан келген мүсәпір ғой деп бір үзім нан мен қара су да бермедіңіз. Асып-тасқан байлығыңызға мастанып, өзіңізді осы дүниеде мәңгі қалардай сезінесіз. Егер о дүниеге сабақты ине де әкете алмайтын болсаңыз, она асып-тасқан дәулетіңізден қандай пайда? Осыған ақылыңғыз жетпесе, кемелмін деп қалай айта аласыз?

Алтын алма, алғыс ал.

Дүниесіне мастанып, көзін шел басқан саудагерден күдер үзген аш дәруіш орнынан тұрып, сәулетті сарайдан ұзай берді. Оның күтпеген сөзі санасына терең бойлай қоймаса да, қарсы уәж айтуға жарамаған бай тосылып үнсіз қалды.

Уа, пенде, мына бес күнгі ғұмырда қол жеткен жетістік пен байлығыңа мастанба, ертең ажал келгенде бәрінен де айрылып, о дүниеге сабақты ине де әкете алмай, қараңғы көрге жалғыз және жалаңаш түсесің.  Жалған дүниеден байлар да, патшалар да, батырлар да өткен. Олардың ешқайсы о дүниеге сабақты ине әкеткен жоқ. Мына фәниде адыра қалар байлық емес, иман жина.

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика