574 көрілім

тәубеҚұранда «Оларға айт: жан туралы кем ілім берілді. Негізінен бұл Раббыңның әмірінен» деген аят бар. Қасиетті Құранда жан туралы өте аз айтылса, керісінше Бһагавад Гита кітабында жанның сипаты мен табиғаты жан-жақты және егжей-тегжейлі баяндалады.
«Жан еш уақытта тумайды, өлмейді, өткенде жаратылмаған, қазір де, болашақта да жаратылмайды, ешкімнен тумайды, мәңгі-бақи тіршілік етуші, әуел бастан бар және тән өлген кезде өлмейді» -дейді Бһагават Гита.
«Өмірге келген жан міндетті түрде өлімге ұшырайды және өлгеннен кейін қайтадан дүниеге келеді. Бұдан қашып құтылу мүмкін емес» -дейді аталмыш кітапта.

Тәни түсініктің негізі.

Әуел бастан бар және ешқашан өлмейтін жан мен өткінші, фәни жалғанның заңдарына сай жаратылып, содан кейін жойылып отыратын тәннің от пен су сияқты бір жерге симайтын табиғаты мүлдем басқа. Фәни дүниеге келген адам «жалған мен», яғни пракрити деп аталатын қуаттың ықпалына түседі де, өзін анадан туған тән санайды.

Бһагавад Гитада тән – «янтра», яғни машина деп сипатталған. Адам тәні фәни элементтерден құралған машина іспетті. Оның жүргізушісі – жан. Бірақ «жалған меннің» ықпалына түскен пенде өзін тәнмін деп санап, мәңгілік жан екендігін естен шығарады.
Мына фәни жалғандағы адамның көретін азаптары мен тауқыметтерінің қайнар көзі – осы қате түсінікте жатқанын бағамдаймыз. Өзін тәнмін деп санаған адам бес күнгі уақытша тірлікте көбірек қызық көріп, бәрін қамтып қалғысы келіп жанталасады.

Адамдардың бай-кедей болуы, нәпсіге беріліп арсыздықтарға баруы, қылмыс, ұрлық сияқты жаман әдеттер жасауы – бәрі де уақытша өткінші жалғанда көбірек қызық көріп қалайық деген жаңсақ ұғымнан бастау алатыны дау туғызбас шындық. Егер пенде өзінің ешқашан ауырмайтынын, қартайып, өлмейтінін білсе, ешқандай абырой әпермейтін жаман істерге барар ма еді?

Жанның барлығының дәлелі.

Адамдардың өздерін тән деп санауына негіз болған нәрсе, тәннің көзге көрініп тұратындығы, яғни сезім мүшелері арқылы оны сезінуге болатындығында. Ал жанды сезім органдары арқылы сезіну мүмкін емес, тіпті ең жетілген қазіргі заманғы микроскоппен де жанды көруге болмайды.
Бһагавад Гитада жанның көлемі шаштың жіңішкелігінің он мыңнан бір бөлігіндей деп сипатталады. Яғни, жанды сезім органдары арқылы сезіну немесе түрлі материалдық құрылғылар арқылы көру мүмкін емес. Ендеше жанның бар екендігін қалай білеміз?

Күнде бір танысымыз немесе туыс-досымыз өліп жатады. Соларды көре жүре біз неге өзімізді мәңгі өлместей сезінеміз? Бұның себебі, күнде ажалмен тоқайласып жатсақ та, түйсік арқылы өзіміздің мәңгі өлмейтін жан екендігімізді іштей сезінетіндігімізде.

Екінші айғақ, адамның тәні қартайғанына қарамастан, өзін әрдайым жас сезінетіндігінде. Арса-арсасы шыққан мыжырайған шал немесе кемпірден сұрап көріңіз, ол өзін кәрімін деп санай ма екен. Жоқ. Қазақтың «көңіл қартаймайды» деген сөзі де осыған қарап айтылса керек.

Үшінші айғақ — адамның бақытты болуға ұмтылуы. Ет пен сүйектен, түрлі химиялық элементтерден тұратын тәнге бақыт қажет пе? Біреуді сүю, сұлулыққа, жақсылыққа деген іңкәрлік, рахат сезіміне бөленуге деген құлшыныс – осылардың бәрі жанға тән қасиеттер. Ет пен сүйектен, шырыш пен сілекеден, зәр мен нәжістен тұратын тәнге әдемі музыка, театр, табиғаттың сұлулығы, кітап пен кино керек пе?

Төртінші айғақ – тәннің бұзылмай сақталуы. Тәннің ішінде жан болғанда ол бұзылмай, сақталадыда, жан шыққан сәттен бастап іріп-шіріп, иістеніп саси бастайды. Яғни, фәни элементтердің бұзылып кетуіне жол беремй тұрған құдырет – мәңгілік жан.

Өлген адам «қайда кетті»?

Мәселен, өлген адамды жоқтап «бізді тастап, қайда кеттің» деп жақын туыстары жылап жатады. Шындығында ол ешқайда кеткен жоқ. Міне, өлген адамның тәні табытта жатыр. Сонда «жақындарын тастап кеткен кім?». Жан. Тәннен жан шығысымен ол өзінің бұрынғы тартымдылығынан түгел айрылады.

Өлген пенденің тәнінде фәни түсінікпен алғанда бәрі бар: барлық мүшелері, ішек-қарны, жүрегі – бәрі орнында. Соған қарамастан, оны бізге үрейлі, қорқынышты, бөтен етіп көрсететін бірдеңе бар сияқты. Ол – жанның шығып кетуіне байланысты болған құбылыс.

.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика