Жеңіске жетушінің күнделігі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өзін жетілдіруАдам өз өмір жолын өзі жазып, тағдырын өзгерте алады дейді өзін өзі жетілдіру курсының авторы Алекс Яновский. Егер пенде өмір жолын өзгерте алатын болса, өз тағдырының қожасы болса, онда жолы болмайтын, қырсықтан көз ашпай, тағдыр тауқыметін тартып жүретін адамдар қайдан шығады?

Тағдырға мойынсұну – өзіңді құрдымға құлату деген сөз

Адамдардың көбі, әсіресе жолы болмайтын, тағдыр тауқыметіне ұшыраған жандар өз тағдырларына мойынсұнып, осылай болу әу бастан маңдайыма жазылған екен, оны енді өзгерту еш мүмкін емес, қолдан бар келері жазмышқа мойынсұнып, көну дегенді саналарына сіңіріп алады. Ондайларды өміріңді өзгертуге болады дегенге сендіру де қиын.

Олардың түсінігі әдетте мынадай болып келеді: мен өмірімді өзгертемін деп талпынып көрдім, бірақ одан ешнәрсе шықпады, қырсық қыр соңымнан қалмай қойды, мұның өзі о баста маңдайыма жазылған тағдыр жолы болса керек, сондықтан оны өзгерту еш мүмкін емес. Осылай ойлап, өз тағдырына мойынсұнып, өмірін өзгертуге болмайды деген түсінікті санасына терең сіңіріп алған пенде өзі құлаған шұқырдан ешқашан шыға алмай, өле-өлгенше тауқыметтен көз ашпай өтеді.

Алдымен, өзіңді сыйлап үйрен

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында Ресейден АҚШ-қа қоныс аударған Алекс Яновскийдің айтуынша, ағылшын тілін білмейтін, анау айтқан мамандығы жоқ жігіт алғашында мейремханаға даяшы болып орналасады. Тапқан табысы тамағынан артыла қоймай, кедейшілікте тірлік кешеді. Тіл білмейтін, табысты күреп табуға мүмкіндік берер сирек мамандық иесі емес қарапайым жігіт көп ұзамай тағдырдың жазғанына мойынсұнып, өзін шет елде кедейшіліктен ешқашан құтыла алмайтын екінші сортты адам деп санап, өз жағдайына көндіге бастайды.

Дегенмен, көп ұзамай оның өміріне күрт өзгеріс әкелген оқиға болады. Ол өзіндік даму саласы бойынша үлкен жетістіктерге жеткен халыққа танымал Тони Роббинсон дегеннің сабағына қатысу  мүмкіндігіне ие болады. Ақылы сабаққа қалтасындағы соңғы тиындарын беріп бара салған жігітке Робинсонның айтқандары қатты әсер етеді. Содан кейін-ақ ол тәлімгердің сабақтарына мүмкіндігінше қатысып жүреді. Сөйтіп, сол сабақтардың әсерімен көзқарасы өзгере бастайды. Бүгінде ол миллионер. Миллиардтаған доллар табысы бар үлкен компанияның директорлар кеңесінің мүшесі.

Яновскийдің айтуынша, ең алдымен өзіңді сыйлап үйрену қажет. «Мен қырсық шалған бақытсыз адаммын, маңдайыма кедейлік пен тауқымет жазылып қойылған» деген сияқты жаман ойлардан аулақ болып, өзіңе, болашағыңа сеніммен қарауды үйрену қажет деп санайды ол.

Жеңіске жетудің кілті

Миллиондаған доллар ақшасы бар, материалдық жағынан өзін өзі толық қамтамасыз еткен Яновский өмірін өзгелерге қалай бақытты болу қажеттігін үйретуге арнап, өзін өзі дамыту курстарын өткізіп жүр. Оның айтуынша, табысқа жетудің ең сенімді жолы – жеңіске жетушінің күнделігі деп аталатын тәсіл.

Енді осы тәсілге кеңірек тоқтала кетейік. Адамдардың көбі ақыл-саналарын жаман ойларға толтырып, соған қарай шоғырлап жүреді. Ондайлармен сөйлесе қалсаң, елімізде бәрі жаман, жалақы аз, баға қымбат, үкімет халықтың қамын ойламайды, жаппай жұмыссыздық, енді қалай күн көруге болады деген сияқты әңгімелерді естисің. Ондайлардың ақыл-санасы әдетте сондай жаман ойларға толы болады. Осылайша, бұл пенделер өз өмір жолдарын өздері жазып, жамандық пен тауқыметті, қырсықты өздері шақырып жататынын түсінбейді дейді Яновский.

Адам компьютер сияқты. Компьютерге қандай бағдарламаны жүктесеңғіз, сол бағдарлама бойынша жұмыс жасайды. Сол сияқты санасын жаман ойлармен толтырып алған пенделердің өмірлері де ауыртпалыққа, қиындыққа толы болады. Одан құтылудың жалғыз жолы – ол санаңа жағымды ойларды сіңіру.

Жеңіске жетушінің күнделігі – сананы жағымды ойларға толтырудың қолайлы және тиімді тәсілі. Оның мәні мынада: сіз күн сайын кешкілік қағазға, болмаса компьютерге немесе планшет, телефоныңызға сол күні атқарған 3 жақсы ісіңізді жазып отырыңыз.

Мәселен: бүгін мен ерте тұрып, дене жаттығуын жасадым немесе көптен бітпей жүрген бір ісімді бітірдім, болмаса кешкілік телесериал көрудің орнына пайдалы ақпарат беретін кітап оқыдым, т.б. осындай өзіңізге пайда әкелетін жақсы әрекеттеріңізді жазып отырыңыз. Және күндізгі уақытта кеше күнделікке жазған жағымды әрекеттеріңізді есіңізге түсіруге тырысыңыз.

Егер сіздің басыңызға қиындық түссе, болмаса көңіліңізге қаяу түсіретін жайлар болса, өзіңізге деген сеніміңіз азайып, еңсеңізді бойкүйездік басса, онда жазған күнделігіңізді оқып, өткенді есіңізге алыңыз. Сонда сіз өзіңіздің жақсы істер жасап, пайдалы әрекеттер атқаруға, сол арқылы өзіңізге де, айналаңызға да пайдаңызды тигізе алатыныңызға көзіңізді жеткізесіз. Бұл сіздің көңіл күйіңізді өзгертіп, өзіңізге деген сеніміңізді арттырады.

Жеңіске жетушінің күнделігін жүргізуді тұрақты әдетке анйладырып алсаңыз, көп ұзамай санаңыз өзгере бастағанын көресіз. Енді сіз бұрынғыша  «мен қырсық шалған бақытсыз адаммын, өле өлгенше қор болып өту маңдайыма жазылған, бұдан құтылу мүмкін емес» деген сияқты жаман ойлардан аулақ болып, ертеңгі күнге сенім пайда бола бастайды. Бұл сенім сізді жеңістерге құлшындырып, биіктерге көтереді.

Түйін: жеңіске жетушінің күнделігін жүргізу оншалықты қиын шаруа емес. Оған көп болса күнде кешкілік 5-6 минут уақытыңыз кетеді. Оның есесіне сіз өзіңізге деген сенімді арттырып, өмір жолыңызды өзгертетін құдыретті тетікті іске қосасыз. Оның нәтижесі көп ұзамай анық көріне бастайды. Сонымен, іске сәт, оқырман.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика