1 640 көрілім

9Біз тіршілік ететін Күн жүйесінде 9 планета бар екен. Оған қоса, сол планеталардың айналысында қалқып жүрген серіктері және бар. Жердің жалғыз серігі – Ай болса, алып планета Юпитердің 14 серігі бар екен. Бұл – біз өмір сүріп отырған кішкентай бір жұлдыз жүйесі ғана. Ал, Күн дегеніміздің өзі бізге ең жақын жұлдыз. Мұндай жұлдыздар біз ғұмыр кешіп жатқан Құс жолы деп аталатын галактикада 3 миллиардтан асып жығылады екен. Ал, біздің галактикадан бөлек, басқа жұлдыз шоғырлары да сансыз көп. Міне, сондай сансыз көп аспан денелерінің бірінде болмаса, бірінде жердегідей тіршіліктің дамуы мүмкін ғой? Аспан денелерінің шет-шегін қазіргі ғарыш жылдамдығымен дамып жатқан ғылым білмейді.

Ұшқыш табақшалар – өзге әлемнің хабаршылары ма?

«Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» дейді қазақ. Көкте пайда болып, көрген жұртты таң қалдыратын ұшқыш табақшалар туралы айтылып та, жазылып та жатады. Біреулер оған күмәнмен қараса, енді біреулер бұл өзге әлемнен келген келімсектер деп болжамдайды. Мұндай ұшқыш табақшалар Қазақстанда да әредік бой көрсетіп жүр.

Осыдан біраз жыл бұрын Астанада шығатын «Инфоцес» деп аталатын апталық жарнамалық басылымда Елорда көгінен көрінген белгісіз ұшатын нысан туралы жазылды. Таң алдында ұйқысынан белгісіз себеппен оянған бір Астана тұрғыны терезеден төгілген жарықты көріп, пердені ашып қарайды. Сөйтсе, ол тұратын үйдің төбесінде алып табақша аспанда қалқып тұр екен. Сүттей әппақ сәуле шашқан табақша қараңғы түнді жап-жарық етіп, көкте біраз уақыт қалқып тұрады. Содан кейін кенет биікке көтеріліп, әп сәтте көзден ғайып болады.

Осындай ұшқыш табақша Алматыда да көрініс бергендігі туралы басылымдар жазды. Әредік әржерден көрініп қалатын ұшқыш табақшалардың сыры әзірге адамзат баласына белгісіз болып отыр. Дегенмен, кейбіреулердің айтуынша, олар басқа планетадан келген келімсектердің ғарыш кемелерінде болып, тіпті олар тұратын планетаға барып та қайтқан көрінеді. Мұндай келімсектермен байланысқан контактерлер әлемнің әржерінен көрініс беруде. Ондайлар туралы ақпарат құралдары айтып, жазып жүр.

Бехсет Окел: келімсектермен кездесу

Түркияның орталық провинцияларының бірінде деревнаяда туып өскен Бехсет Окел деген азамат 15 жасында мал бағып жүрып, ұшқыш табақшамен кездеседі. Күндей жарқыраған алып табақша ол мал баққан алқаптың төбесінде қалқып тұрыпты. Бір кезде зәресі ұшқан малшының жанына келіп қонып, одан екі еркек пен бір әйел шығады. Еркектердің бастары тақыр болса, әйелдің ұзын шашы бар екен. Үстеріне жылтыраған комбинезон сияқты киімі бар әлгілер малшыға жақындап келеді.

Зәресі ұшып, қорқыныштан орнынан қозғалуға шамасы жетпей, қалшиып тұрған баланың қасына келген келімсектердің бірі оған қолын ұсынады. Ол әлгінің қолын ұстаған сәтте ток соққандай есінен танып құлап түсіпті. Ата-аансы балаларын ертеңіне таңертең жайылымда ес-түссіз жатқан жерінен табады. Белгісіз аурудан тез жазылған бала бірақ бұл жайында ешкімге ештеңе айтпайды.

Осы оқиғадан кейін Бехсет Окелге олар қайтып келмепті. Бірақ келімсектермен байланыс үзілмейді. Кешкілік ауада қалқыған экран пайда болып, келімсектер сол арқылы бұнымен сөйлесе бастайды. Тумысынан ұялшақ, тұйық өскен бозбала келімсектерге қатысты жайды ешкімге тіс жарып айтпайды.

1977 жылы ол бұл әңгіменің шетін ауылдастарының біріне шығарып, содан қызыққан журналист арнайы келіп, сұрақтар қояды. Бехсет журналистке басынан кешкендерін бүкпесіз баяндап береді.  Ол, тіпті келімсектердің көмегімен әлемнің картасын жасап жатқанын да айтып салады. Сол-ақ екен деревняда тұратын қарапайым жанға деген ғалымдар мен әскерилердің қызығушылығы артады. Дегенмен, Бехсет оларға ештеңе айтпайды. Содан күдер үзген ғалымдар мен әскерилер малшыны жайына қалдырады. 1990 жылы қайтыс болған Бехсет өле өлгенше келімсектер жайныда ешкімге ештеңе айтпапты.

Түйін: Сан жетпейтін шексіз көп планеталар мен жұлдыздарда, аспан денелерінде жердегі сияқты тіршілік жоқ деу, ақылсыздық болар еді. Әлемнің әр өңірінен көрініп қалатын белгісіз ұшатын нысандар — ұшқыш табақшалар сол ғарыш әлемінен келген саналы тіршілік иелері болуы әбден мүмкін. Олармен байланыс орнатып, тіпті келімсектердің озық технологияларын пайдаланып жатқан елдер де бар деген әңгімелер әредік шығып қалады. Дегенмен, оның қаншалықты рас-өтірігі белгісіз. Сондай-ақ, өздерін келімсектер күштеп немесе алдап алып кетіп, тәндерін зертханада зерттегені, тіпті шағылыстырып, ұрпақ алу әрекетін жасағандары жайында әредік әртүрлі адамдар айтып жатады. Бірақ та, олардың әңгімелерінің қаншалықты шындыққа жанасатыны тағы белгісіз. Десек те мына жай анық: біз өмір сүретін Жерден басқа сансыз көп аспан денелерінде саналы тіршілік бар және бізге қарағанда жоғары дамыған саналы тіршілік иелерімен байланыс орнату мүмкіндігі келетін кез де болуы мүмкін. Ол енді, уақыттың еншісіндегі шаруа.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика