1 198 көрілім

Кеңес заманында Қазақстанда екі-ақ университет болатын, институттардың сана да онша көп емес-тін. Қазір бір ғана Көкшетауда екі университет пен бір академия, оған қоса бірнеше институт бар. Жоғары оқу орындарының саны барған сйын өсіп барады.
Қазір жоғары оқу орнын ашу – күректеп ақша түсіретін бизнес болып алды. Ондағы білім сапасының қаншалықты екендігі жұрттың бәріне белгілі. Парақорлықтың ең тұнып тұрған жері – оқу орындары. Нарық талабы: сұраныс бар екен, ұсыныс та артады. Яғни, жоғары білім алуға деген сұраныс көп екен, ондай оқу орындары да көбейе бермек.

Әлемдегі ең бай адамдардың жоғары білімдері жоқ.

Сіз білесіз бе, әлемдегі ең бай және сол байлықтарына өз еңбектерімен қол жеткізген Билл Гейтс (Майкрасофт), Марк Цукерберг (Фейсбук), Майкл Соул Делл (Делл), Лоуренс Элисон (Orakle) сияқты алпауыттардың жоғары білімдері жоқ. Соған қарамастан, олар өз еңбектерімен әлемдегі ең бай адамдарға айналды.

Appleкорпорациясының негізін қалаған Стив Джобс мектепте өте нашар оқыпты. Сабақтан жиі қалатын оны үшінші сыныпта мектептен ышғарып жіберген. Содан ата-анасы басқа дәрежесі төмендеу мектепке береді. Оны әупіріммен әзер бітірген бозбала колледжге оқуға түседі. Бірақ, бірнеше ай өтпей жатып оқуды тастап кетеді. Содан кейін болашақ әріптесі Стив Вознякпен кездесіп, алпуыт корпорацияның негізін қалайды.

Фейсбуктің қожайыны Марк Цукерберг атақты Говард университетінде оқиды. Бірақ бірінші курста оқып жүріп академиялық демалыс алады да, содан оқуға қайта оралмайды. Ол жаңа идеясын жүзеге асыруға кіріседі.

Адамға қандай білім керек?

Егер сіз дәрігер болғыңыз келсе, онда міндетті түрде жоғары оқу орнын бітіруіңіз шарт. Ал егер алдыңызға бақуатты кәсіпкер болуды немесе өзіңізді жетілдіріп, белгілі бір салада биіктерге көтерілуді мақсат етіп қойсаңыз, жоғары оқу орнының қажеті жоқ.

Жоғары оқу орындарында сіздің санаңызды қажетті-қажетсіз ақпараттармен толтырады. Оның көбі өмірде пайдаға жарамайды. Ал сіз нақты мақсат қойып, соған тезірек жетемін десеңіз, онда басыңызды қажетсіз ақпараттармен толтырмай, ең керекті деген білімді ғана игеруге көңіл бөліңіз.

Табысқа жеткісі келетін адам өзінің күшті-әлсіз жақтарын жақсы біледі және қай бағытта алға басу қажеттігіне жете назар аударады. Табысқа жеткісі келетін адам керекті білімді ғана алады және оны сол сәтінде нақты іс жүзіне асырып отырады. Табысқа жеткісі келген адам, қателіктен қорықпайды және қателіктерінен сабақ алып, болашақта ондайға жол бермеуге тырысады. Табысқа жеткісі келген аадм, өмір бойы үйреніп, қажетті білімді игерумен өтеді.

Мәселен, Билл Гейтстің жұмыс күні 10-12 сағатты құрайды екен. Жұмыстан кейін ол екі-үш сағат түрлі әдебиеттерді оқып, білімін жетілдіруге көңіл бөліп отырады. Білім алу ол үшін ауыртпалық емес, қайта демалыс саналатын көрінеді. Яғни, ол білімін жетілдіруден рахат алады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика