935 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

жыртық шалбарБірер жыл болды, жас қыз-келіншектер арасында жыртық шалбар кию сәнге айналды. Әр уақыттың өз сәні, киім үлгісі болады, ол түсінікті. Десе де, киім әрдайым адамның сырт келбеті мен бітімін ашып, көрікті етіп көрсететін және суық пен ыстықтан қорғайтын, жүріп-тұруға кедергісін келтірмейтін ыңғайлы болуы шарт. Киімнің жұрт біліп, онша назар аудара қоймайтын бұдан басқа да функциялары бар…

Бұрын әйелдер неге ұзын көйлек киген?

Ютубтен Вайрагя (бұл оның рухани есімі) деген орыс жігітінің рухани тақырыптағы түрлі видеоларын көріп тұрамын. Бұл жігіттің бойында тылсым қасиет бар, яғни ол жұрт көре алмайтын нәрселерді көреді екен. Медитациямен айналысатын ол өзге тылсым әлем жайында ақпарат алып, соны бөлісіп отырады.

Оның бір видеосында аяқтарын жалаңаштап тастаған қысқа шортық киген қыздардың аяқтарына жабысқан кішкентай қап-қара мақұлықтарды көргендігін, әлгі мақұлықтар қыздардың аяқтарын тырнап, қанын шығарғанын, қан саулап ағып, әзер аяғын ілбіп басып жүргендігін айтады.

90-шы жылдардың ортасында Атбасарда емші Рысты Жексембекова деген кісімен сөйлесіп, сол туралы жазған едім. Ол да адамдарға залалын тигізетін көзге көрінбейтін мақұлықтар жайында айтқан болатын. Бұны дін тілімен жын-пері дейді.

Сонымен, Вайрагья айтады, әлгіндей мақұлықтар қысқа көйлек немесе шортық киген қыз-келіншектердің аяқтарына жабысып, олардың қуаттарын сорып алады дейді. Әлгі ілмиген мақұлықтар әлжуаз келеді дейді ол. Олардан ұзын көйлекпен де қорғануға болады екен. Ертедегі барлық халықтардың әйелдерінің ұзын көйлек киетін себебі осында болса керек. Ал, қазір миниюбка, шортық киген қыздар қуаттарын әлгі мақұлықтарға беріп, түрлі дерттерге ұшырап жатады.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Жартық шалбардың зияны

Енді жоғарыда айтқан жыртық шалбардың залалына келейік. Сіз Брайан Трейси, Джо Витале сияқты әлемге танымал өзін өзі дамыту саласының білгірлерінің атсалысуымен түсірілген «Секрет» фильмін көрдіңіз бе? Көрмесеңіз, міндетті түрде көруге кеңес берер едім. Одан сіз өте көп пайдалы ақпараттар аласыз.

Міне, сол фильмде адамдар кедейлікті өздері магнитше тартып, тұрмыс тауқыметін тартуға өздері себеп болып жатады дейді. Жаман ой, жаман сөз, үйдегі ескі-құсқы заттар мен жыртық, жамау киімдер – бәрі кедейшілік шақырады екен.

Қазақ «жақсы сөз жарым ырыс» дейді. Егер адам әрдайым жақсы сөз айтып, тұрмысына тәубе деп, жақсылықтан, молшылықтан үмітті болса, онда бақуатталыққа міндетті түрде жетеді дейді Трейси. Кедейшілік деген – бұл адамның санасының деңгейі. Кедей адамдар әдетте лас, жұпыны киінеді және сөздерімен айналасындағыларға көңілдері толмай, сынап-мінеп жүреді, ұрыс-керіске жақын болады.

Байлық керісінше тазалықты, ұқыптылықты, көңілі толушылықты, молшылықты, жомарттықты, көркемдікті талап етеді. Соған орай, бақуатты адамдар да тазалыққа, молшылыққа, сән-салтанатқа бейім болады. Олар әдетте сәнді, жақсы киінеді, үйлеріне әдемі, тартымды жихаздарды жинайды, молшылық, бақуаттылық жайында әңгімеге құлықты болады.

Ал, жыртық шалбар – бұл кедейшіліктің айнымас көрінісі. Ертеде ескі жыртық және жамау киімді кедейлер киетін болған және бұл кедейліктің айнымас көрінісі іспетті саналған. Ендеше, сондай кедейшіліктің рәмізі іспетті жыртық шалбар мен жамау кәстөм кию – кедейшілікті магнит сияқты өзіне тартпақ. Яғни, жыртық шалбарды сән деп киген қыз-келіншектер күні ертең қырсықтан көз ашпай, ақшаға жарымай, кедейшілік қамытын қалай кигенін сезбей қалмақ. Жыртық, алба-жұлба шалбардың адамның көркін қашыратыны өз алдына, соылайша кедейшілікті шақырып, игіліктен аулақтатады екен. Сондықтан, сән екен деп өзіңізге залалын тигізетін жаман әдетке үйір болмаңыз.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика