Зинақорлық неге күнә саналады?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Дәстүрлі діндердің бәрі де некеден тыс жақындықты, яғни зина жасауды үлкен күнә деп айыптайды. Ислам дінінің қасиетті кітабы Құранда зина жасағандарға жүз дүре салу қажеттігі және оны халық көріп тұруы керектігі жайында айтылған аят бар. Осылайша некеден тыс жақындық дәстүрлі діндерде тозаққа түсіретін ауыр күналардың бірі болып саналады. Неге бұлай? Енді осы мәселеге назар аударып көрелік.

Адамды ақылдан айыратын – нәпсі

Адамдардан басқа барлық хайуанаттар мен аң-құста жыныстық жақындыққа қатысты ешқандай да реттеу жоқ. Рас, қолда үйретілген сиыр, қой, жылқы сияқты түліктерде шағылысу табиғи түрде реттеледі. Бұл жануарлар жылдың белгілі бір кезінде күйлеп, шағылысады да, қалған уақытта ондай әрекеттен аулақ болады. Ал шошқа, ит, мысық сияқты хайуандарда шағылысу еш реттелмеген, олар қалаған уақытында, қалаған жерде шағылыса береді.

Осы арада мынадай сұрақ туындайды: дүниеге адам әкелуге қажетті жыныстық жақындық адамдар арасында не үшін күнә болып саналады? Бұны Алла жаратты, ендеше неге жақындыққа тиым салынған?

Көңілінің дерті бар адамдарда туындайтын осындай сауалдардың астарында нәпсіқұмарлық жатқаны анық. Адамдар тойымсыз нәпсіні қанағаттандыру үшін некеден тыс жақындыққа барады және жәй барып қоймай, нәпсінің жетегімен небір арсыз әрекеттер жасайды. Бұның бәрі адамды нәпсінің құлақ кесті құлына айналдырады.

Бһагавад Гита кітабында барлық күнаның бастауы – нәпсі екендігі анық айтылған. Оттың түтінсіз болмайтыны сияқты, кез-келген тіршілік иесі белгілі бір дәрежеде нәпсінің шырмауында болады. Егер адам сол нәпсіге беріліп, оны шектемесе, нәпсінің құлақкесті құлына айналады. Осы орайда, кез-келген дәстүрлі дін нәпсіні реттеудің шарттарын қолданады. Ол – неке институты негізінде жүзеге асырылады.

Неке – бұл жауапкершілік

Ерлі-зайыпты некеге отырған кезде олардың бір-бірінің алдындағы жауапкершілігі мен міндеттері пайда болады. Некеге тұрған ерлі-зайыптылар некеден тыс байланысқа бармаймын, дүниеге келген балаларды асырап-өсіремін, өле-өлгенше жарыма адал болып, өмірдің ащысы мен тұщысын бірге татамын деп уәделеседі. Ал уәдесін орындамау – бұл неке арқылы бекітілген шарттың бұзылуына ұшыратады.

Веда ғылымының түсінігі бойынша ерлі-зайыптылардың ең басты міндеті – бұл дүниеге иманды ұл-қыздарды әкеліп, соларға имандылық тәлім-тәрбие беріп өсіру. Ерлі-зайыптылар жыныстық жақындыққа да тек дүниеге иманды ұрпақ әкелу үшін ғана баруы тиіс, сезімін қанағаттандыру үшін емес. Сонда төсек жақындығы адамның санасын улап, нәпсінің құлы етпейді, керісінше нәпсісін тыятын  ерік-жігерді күшейтіп, жүрегіне имандылықты жинауға көмегін тигізеді.

Нәпсіге еру – құрдымға құлатады

Сіз қай жерде тұрсаңыз да үйсіз-күйсіз қаңғыбастыққа салынған, арақ ішпесе жүре алмайтын БОМЖ деп аталатын пенделерді көріп жүресіз. Олар қазір ауылда да, қалада да бар. Сол БОМЖ-дар нәпсінің құлақ кесті құлдарының классикалық үлгісі іспетті. Олар нәпсілерін тыймай, көңілі қалағанды жасап үйренген. Арақ ішкісі келді екен, күндіз-түні соған салынып ішеді. Отбасын да, туыстарын да, тіпті өзін де ұмытады.

Ал енді сол БОМЖ атанған пенделердің бақыттан бастары айналып жүргенін көрдіңіз бе? Жоқ. Қабақтарынан қар жауып, қашан көрсең де тұнжырап жүреді. Олар арақты қанша ішсе де көңілдері еш көтерілмейді. Яғни, нәпсіге шектен тыс берілу – сезім мүшелері арқылы алатын рахаттың мөлшерін НОЛЬГЕ теңестіреді. Күнде ондаған еркекпен жақындасатын жезөкшелер де сол БОМЖ-дар сияқты жыныс жақындығынан алатын рахаты НОЛЬГЕ айналады. Олар үшін жыныс жақындығы ҚАРА ЖҰМЫС, яғни ақша табудың құралы ғана.

Осылайша, адамдар нәпсіге шексіз берілу арқылы шексіз рахатқа кенеле алмайды, керісінше азын-аулақ алатын рахатынан да қағылып, ҚҰР АЛАҚАН қалады. Қазақша айтқанда «тоқал ешкі Құдайдан мүйіз сұраймын деп жүріп, құлағынан айрылыпты» дегеннің керіне ұшырайды.

Түйін: Алла әр пендеге мына фәниден рахат алудың белгілі бір мөлшерін белгілеп қойған. Ал нәпсі адамды тойымсыздыққа итеріп, неғұрлым көбірек рахат алуға құлшындырады. Бірақ шексіз рахат аламын деген пенде ақырсында арсыздықтың құрдымына құлап, алып жүрген азын-аулақ рахатынан да қағылады. Осылайша адам рахат атаулыдан айрылып, бақытсыз қуыс кеуде тірі өлікке айналады. Тірі өлік болғыңыз келмесе, онда нәпсінің құлы емес, қожасы болуға ұмтылыңыз. Ол үшін нәпсіні реттеп, Алланың бергенін қанағат тұтыңыз. Бақытты болудың жалғыз жолы – осы.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика