Қатерлі дерттің күнгей жағы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазір әлемдегі ең басты жаңалық – короновирус дертінің таралу жайы болып отыр. Барша әлемді қамтыған жұқпалы ауру күннен күнге қысып барады. Қазақстанда бүгінгі мәлімет бойынша  229 адамның ауырғаны анықталып, 1 адам қайтыс болған. Алматы, Астана қалалары карантинде. Адамдардың бойында үлкен үрей бар. Дегенмен де, «бір жамандықтың бір жақсылығы болады» демекші, короновирустың жамандықтарымен қоса, жағымды тұстары да бар екендігін айтпай кетуге болмас.

Тойханалар жұмысын тоқтатты

Қазақ үшін қазіргі ең үлкен дерт – той екендігін түсінушілер саны өкінішке орай, өте аз. «Той дегенде қу бас домалайды» деген бұрынғы түсінікті саналарына мықтап сіңірген жандар қарызға белшеден батып кредит алып ұлан-асыр той жасайды. Осыдан бірнеше жыл бұрын шымкенттік бір журналист қалада жүзден астам тойхана бар екендігін, солардың ешқайссының демалыс түгілі, жай күндері бос болмайтынын, жыл сайын шымкенттіктер жүздеген миллиард теңгені тойханаларға тастап кететінін  бір хабарда айтып кеткен еді.

Өкініштісі сол, бұндай жағдай тек Шымкентте ғана емес, еліміздің бар өңіріндегі ахуал осыған ұқсайды. Тойды былай қойып, өлген адамға берілетін асы, қырқы, жылы сияқты шаралар да той сияқтанып өткізілетін болды. Осылайша, қазақты қарызға батырып, кедейшілік құрдымына құлатып жатқан №1 жау – ысырапшылдық, яғни тойшылдық еді. Короновирус осы тойшылдықты әп-сәтте тиып тастады.

Қазіргі төтенше жағдай кезіндегі тойлар 40-50 адамнан аспайтын шағын отырыс түрінде өтуде. Күні кеше Көкшетаудың орталық мешітінің имамымен сөйлестім. Оның айтуынша, жерлегенде ет жақын он-жиырма адам ғана жиналады және үй иесінің қалауынша ас өз үйінде он-жиырма адамға ғана шақтап беріледі екен.

Қашықтан жұмыс істеуге көшті

Көп мекемелер, оның ішінде оқу орындары түгелдей қашықтан жұмыс істеуге көшті. Мұғалім сабақты бейнежазба түрінде түсіріп, оқушыларына жібереді. Оқушылары телефоннан, планшеттен немесе компьютерден сабақты тыңдап, үй тапсырмаларын орындап, мұғалімге вадсап, болмаса электронды поштамен жолдайды.

Бірқатар мекемелер де қашықтан жұмыс істеуге көшіп, қызметкерлері үйлерінде отырып жұмыс істйтін болды. Өзім қызмет ететін облыстық газетте үйлерінде интернетке қосылған компьютерлері  барлар, үйлерінде отырып жұмыс істейді. Қазір ешқандай лездеме өткізілмейді, бұрынғыдай қаптап кеткен жиналыстар, семинар, дөңгелек үстел дегендер жоқ. Ондайлар өтсе де онлайн режимде өтеді.

Қашықтан жұмыс істеудің артықшылығы – адам уақытын қалауынша еркін пайдаланады, таңертең жұмысқа барып, кешке дейін орындықта қадалып отырмайды. Қажетті жұмысын істеп, интернет арқылы нәтижесін жібереді. Қалған уақытта бос. Автобусқа төлейтін ақшасы, түскі тамақта дәмханаға жұмсайтын шығыны да жоқ.

Шынын айтқанда, қазір дамыған елдердің көбінде көптеген мекемелер мен кәсіпорындар қашықтан жұмыс істейді. Мәселен, АҚШ-тың компанияларына әлемнің әр түкпірінде тұратын 15 миллиондай адам қызмет етеді екен. Компанияға бұл өте тиімді, өйткені, қызметкерлерді отырғызатын офистің қажеті жоқ, оларға басқа да өз қызметкерлеріне төлейтін жәрдемақы, еңбек демалысына беретін қосымша сыйақы дегендерді беріп шығынданудың да қажеті болмайды. Алыстан жұмыс істейтіндер шарт бойынша атқарған жұмысы үшін ғана ақы алады. Бұл компанияларға әлдеқайда арзанға түседі.

Короновирус бізді де амалсыз қашықтан жұмыс істеуге мәжбүрлеп отыр. Оның артықшылығын сезінген соң болашақта еліміздің көптеген мекеме, ұйымдары қашықтан жұмыс істеуге түбегейлі көшуі мүмкін. Бұл жұмыс берушіге де, қызметкерге де өте тиімді болмақ.

 Феодализмнің соңғы сарқыншағы

Рулық, тайпалық түсінік – бұл феодалдық қоғамның белгісі екендігін тарихшылар ғана емес, қарапайым жұртшылық та жақсы біледі. Десе де, қазақтар қауымында сақталып қалған осы феодалдық қоғамның сарқыншағы 21-ші ғасырда да жаман шапанын жалпылдатып, өмір кешуде. Қазақ кездескен жерде руын, тегін сұрап жатады. Той жасап, өлген адамға  ас берсе, руластарын түгел шақырады. Сөйтіп, қазақтардың тойына кем дегенде 100-200 адам жиналады. Бұл дегенің қалтаға салмақ түсіретін үлкен шығын.

Короновирус осы рулық-тайпалық түсінікті санадан шығара бастады. Төтенше жағдай кезіндегі тойларға жас жұбайлардың ең ет жақын 15-20-дан аспайтын жақын туыстары ғана жиналады. Ас беруде де сондай. Төтенше жағдай 2-3 ай тұратын болса, қазақ жаңа жағдайға біршама үйреніп, оның тиімділігін іс жүзінде сезініп қалар еді. Содан кейін олар бұрынғыша жүздеген адамды шақырып, ұлан-асыр той жасаудың қажетсіздігін, зияндылығын түсініп, одан мүлдем бас тартып жатса, таңырқауға болмас.

Иә, «бір жамандықтың, бір жақсылығы болады» дегендей, жұқпалы қатерлі дерт қазақ қауымын жаңа заманның қажеттіліктерін түйсініп, соған бейімделуге еріксіз итермелеп жатқан жайы бар. Тек, арты жақсылықпен бітсін деп тілейміз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика