Қайрымдылықтың қайтарымы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

сурет3Құранда «кімде кім біреуге жақсылық жасаса өз пайдасына, ал жамандық жасаса өз зиянына. Жақсылық жасаған адамға соншалық жақсылық бар, жамандық жасағанға да сонша жамандық тиесілі» -деген аят бар. Бұның астарында «не ексең, соны орасың» деген халық мақалы жатқан сияқты.
Алланың осы заңын білетін және соны өмірде нақты қолданатын адам көп ауыртпалықтардан аулақ болып, екі дүниенің де игілігін табары анық.

Алғаусыз пейілмен жасалған қайрымдылық.

Брайан көлік аз жүретін жолмен келе жатты. Жол жиегінде «Мерседес» көлігі тұр екен. Елсіз далада тұрғанына қарағанда сынған сияқты. Ол «Мерседестің» жанына тоқтап, өзінің ескі «Понтиагінен» түсті. Кабинада отырған орта жастағы әйелдің түрінен қатты абыржығандық сезіледі.

Ол бұл жерде бірнеше сағат тұрған еді. Бір де бір көлік тоқтағмаған. Ал мына жас жігіт не себепті тоқтады, қайрымдылық жасағысы келгендіктен бе, әлде жаман пиғылы бар ма? Осыны ойлап одан сайын абыржыған әйелге машина есігін ашқан жігіт: «мен сізге көмектесемін, сіз менің автокөлігіме кіріп отыра тұрыңыз, онда жылырақ» -деді күлімсірей қарап.
Әйел оның айтқанына үнсіз келісті. Жігіт жалма-жан, машинаның жарылған доңғалағын ауыстыруға кірісті. Бұл жұмысты тез бітірген ол өзінің машинасында отырған әйелге «бәрі дұрыс, енді жүруіңізге болады» -деді. Әйел: «бұл қызметіңіз үшін қанша төлейін?» -деп сұрады.
-Ешқандай ақшаның керегі жоқ. Егер сіз бұл қайрымдылықты қайтарғыңыз келсе, онда қиын жағдайға кездескен бейтанысқа көмегіңізді көрсетіңіз, мұның ақысы сол, менің есімім Брайан Андерсен» -деді.

Қайрымдылық қайтады.

Бейтаныс жігіттің мына қайрымдылығы жүрегін жылытқан әйел оған қатты разы болды. Осындай көтеріңкі көңілмен ол алғаш кездескен елді мекендегі жол жағасындағы дәмханаға тоқтады. Аяғы ауыр жас даяшы келіншек оған күлімсірей қарап, қандай тағамға тапсырыс беретінін сұрады.
Күнұзақ жол бойындағы дәмханада аяғынан тік тұрып жұмыс жасағанына қарамастан, қонағына күлімсірей қарап жылы жүзбен қызмет көрсеткен келіншектің мына қылығы жүрегін жылытып, әйелдің көңіл күйі онан әрі көтеріле түсті.
Тамағын ішіп болан әйелге даяшы келіншек қанша төлейтіндігінің есебін берді. Ол үнсіз мұның қолына 100 долларлық банкнот ұстатты. Келіншек ақшаны ұсатып, артығын әкеліп беремін дегенде, әйелдің орнында жоқ болып шыққанын көрді. Тек үстел үстіндегі сүрткіш қағазда мынадай сөздер жазылған екен: «Сіз маған ештеңе де қарыз емессіз, тек осы қайрымдылық тізбегінің үзіліп қалуына жол бермесеңіз болғаны».
Келіншек жұмсақ сүрткіш қағаздың астында тағы төрт 100 долларлық банкнотты көрді. Тұрмыс тауқыметін тартып, ақшаға мұқтаж болып жүрген келіншекке мынау көктен түскендей ғажайып олжа көрінген.
Кешкілік үйіне шаршап оралған аяғы ауыр келіншек жұмыстан келген күйеуін көңілді жүзбен қарсы алды. Ол күйеуінің мойнына асылып «бәрі де жақсы болады, мен сені сүйемін, Брайан Андерсен» -деді.
Қайрымдылық қайтады. Сондықтан әрдайым қайрымдылық жасауға асығыңыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика