Қашықтан жұмыс істеу

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қыркүйек айының соңында елімізге ресейден әскерге шақырудан қашқан жас жігіттер мен қыз-келіншектер ағылып келді. Сол тұста пәтерды жалға беру, такис бағасы шарықтап өсіп, жұртшылықтың біраз абыржушылығын туғызған еді. Әскерге шақырудан қашып, елімізге келген ресейліктердің бәрі дерлік жақсы мамандық алған, жоғары табыс табатын жастар болды.

Интернет мамандықтың артықшылығы

Бір қаладан екінші қалаға, бір өңірден екінші өңірге қоныс аудару қазіргі заманда біраз ауыртпалық әкелетіні ешкімге құпия емес. Ал бір мемлекеттен екінші мемлекетке қоныс аударуға екінің бірінің шамасы жетпейтіні түсінікті. Бұндай қадамға біраз ақша қорын жасаған және нарықта сұранысқа ие мамандық алған адамдар ғана бара алады. Еліміздегі бағаның шарықтап өсуіне келген ресейліктердің қалталы болуының әсері тигені анық.

Қазіргі жұмыссыздық белең алған заманда шетелден келген адамдардың бөтен елде жұмысқа орналасуы өте қиын болатыны белгілі. Дегенмен, қоныс аударған ресейліктердің көбі жаңа ортаға бірден сіңісіп кетті. Неге? Өйткені, олар сирек кездесетін еңбек нарығында сұранысқа ие интернет мамандық иелері еді.

Ресейден келе сала Алматыдан  айына 450 мың теңгеге пәтер жалдап алып, жұмысқа кіріскен ерлі-зайыпты блогерлер жаңа ортадағы өмірі туралы видеоны ютубке салған екен.  Ерлі-зайыптылар  бизнес және экология тақырыптары бойынша ютубте өз блогтарын жүргізумен айналысқан. Олар бұл жұмыстарын Қазақстанда да бірден жалғастырып, еш қиналмастан табыс табуға кірісіп кеткен.

Жалпы, интернет мамандық алған адамдардың басқалардан артықшылығы сонда, олар кез-келген ортада, кез-келген ажғдайда еш қиналмастан жұмыс істеп, табыс таба алады. Интернетке қосылған компьютер немесе наудбук болса болғаны. Олар жұмыс іздеп, біреулердің табалдырығын тоздырып әуреге түспейді. Интернет мамандығына сай жұмысты кез-келген жерде жалғастыра алады.

Интернет мамандықты қалай алуға болады?

Қазір 4-5 жыл көз майын тауысып және ақша жұмсап жеке меншік, болмаса мемелкеттік жоғары оқу орындарында оқудың еш қажеттігі жоқ. Интернет арқылы 1 айдан бастап 1 немесе 2 жылға дейінгі мерзімге арналған интернет мамандық беретін арнайы курстарды сатып алып оқуға болады. Олардың көбі қашықтан оқытады. Ақшасын төлеңіз де, бірден ақуға кірісіңіз.

Өз басым бірқатар ақылы интернет курстарында оқыдым. Өте қолайлы және ыңғайлы. Ақшасын төлеген соң  оқу курсының материалдарына жол ашылады. Алғашқы сабақтан бастап оқи бастайсың. Ешкім бақыламайды, өз еркіңмен, мүмкіндігіңе қарай оқисың. Әр сабақтан соң міндетті түрде үй тапсырмасы болады, оны орындамасаң, келесі сабаққа жіберілмейсің. Сондықтан, сабақты жақсылап тыңдап, үй тапсырмасын ұқыпты орындау қажет.

Курсты аяқтаған кезіңде тек теориялық білім ғана алып қоймай, үй тапсырмаларын орындай жүріп практикалық білімді де меңгересің. Осылайша, белгілі уақыт өткен кезде курсты аяқтап, жақсы білім және мамандық алып шығасың. Кәрс аранйы сертификат береді және соған орай мамандығыңа сай жұмысқа жеңіл орналасуға болады.

Интернетте қандай мамандықтар алуға болады?  Интернет мамандықтар өте көп, мысалы,  тапсырыспен сайттарға мақала жазатын копирайтер, түрлі қызметтер көрсететін фрилансер, интернет арқылы жарнама баруге мақшықтанған маркетолог,  өз сайтыңды жасап, сол арқылы ақша табатын веб-мастер, т.б. мамандықтар алуға болады. Бұл мамандықтарға деген сұраныс жоғары және табысы да өте жақсы. Ең бастысы, осындай мамандық алсаң, ешкімге тәуелді болмай, кез-келген жерде жүріп жұмыс істеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика