Қазақ еліне мүлдем қатысы жоқ Державинді әспеттеу кімге керек?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Державин деген кім және оның қазақ еліне,  астаналық облыстың іргелі қаласына есімін беріп әспеттейтіндей қандай еңбегі сіңген? Уикипедияны қарасақ, Державин Гаврил Романович Екатерина патшаның заманында өмір кешкен ақын және патша билігінің шенеунігі болғанын білеміз. Ол өмір бойы  патшаға  адал қызмет етіпті. Әскер қатарында болып, офицер атағын алған. Кейін сенатор болып сайланып, тіпті бірнеше жыл әділет министрі де болыпты. Оның ақ патшаға сіңірген ең елеулі еңбегі  —  Пугачев көтерілісін басып-жаншуға көмектескені екен.  Қызығы сол, халық көтерілісін басқарған Емелян Пугачевты кеңес заманында коммунистер халық батыры атады, ал сол көтерілісті басуға белсене қатысқан ақ патшаның офицері Державинді ақын ретінде құрмет тұтып, есімін ел есінде сақтауға жағдай жасаулары сол көзқарастарына кереғар болып тұрған жоқ па.

Державиннің өмірбаяны мен қызметтеріне қанша үңілсек те, қазақ еліне, қазақ халқына қатысты бір түйір дерек таппадық. Яғни, Державин деген адамның қазақ еліне мүлдем қатысы жоқ. Міне, осындай жанға тың өлкесіндегі іргелі қаланың  атын беру ақылға сиымсыз іс. Бұның бәрі тың игеру жылдарында аннан-мұннан қашқан тың игеруге келгендердің өздері билеп-төстеп жасаған шаруалары екені анық. Ол кезде жергілікті қазақ халқынан ешкім, ештеңе сұраған жоқ. Елді мекен, оның көшелерінің атын сырттан келген келімсектер  ешкімнің сұрауынсыз өздері қойып жатты. Соның нәтижесінде солтүстік өңірде қаптаған орыс тілді елді мекендердің атауы мен көше атаулары қалды.

Тағы бір қызығы, бір кезде қазақ халқынан сұрамастан, сырттан қойған сол атауларды  өзгертіп, байырғы атауын беруге келгенде, заң өзгеріп шыға келді. Енді елді мекендер мен көше атауларын өзгерту үшін сол өңірде тұратын тұрғындардың  көзқарасы міндетті түрде ескерілуі тиіс. Осындай заңға сүйенген солтүстікте әлі күнге дейін басым көпшілік болып отырған орыс ұлтының өкілдері  қит етсе «тарихымызды бұрмалап жатыр, оған жол бермейміз» -деп ұрандап шыға келеді. Осының салдарынан көптеген елді мекендердің атаулары сол баяғы кеңес заманындағыдай орысша аталып келеді.

Державин қаласына қатысты мәселеге қайта оралайық. Қаланың бірқатар қазақ тұрғындары бастама көтеріп, жиын өткізіп, қала атауын Кенесары деп өзгерту жөнінде ұсыныс жасағанда, сол жиынға қатысқандардың басым көпшілігі жақтап дауыс береді. Бұл жиынға негізінен осыны ұйымдастырған қазақтар келгендіктен, жиынға қатысқан азшылық болып қалған орыс ұлтының өкілдері қатты наразылық танытып, «бұл әділетсіздік, тарихқа қиянат» деп ашына сөйлегендерін сол шара туралы видеодан көрдік. Десе де, көпшілік  ұсынысты жақтап дауыс берді ғой, енді сең қозғалған екен деген қуанышымыз, өкінішке орай көп ұзамай су сепкендей басылды. Жиыннан ашуға булығып, ашынып шыққан біраз орыс ұлтының өкілдері дереу үй-үйді жағалап, қала атауын өзгертуге қарсы дауыс жинауға кіріседі. Және олар бұл міндетті өте жақсы орындап, бес жүзге тарта адамның қолын жинайды. Осы  тізімді белсенді әйелдер қала әкімдігіне апарып тапсырып, «біз қала атауын өзгертуге үзілді-кесілді қарсымыз» деп шегелеп айтады. Олардың мына әрекеті қала әкімдігінің қала атауын өзгертеміз деген ниетін су сепкендей басып тастайды.

Осы мәселеге қатысты Азаттық радиосы тілшісінің түсірген видеохабарында  қала әкімдігінің  бұл мәселенің жуық арада шешілмейтіндігін, асықпау керектігін айтқанын естідік. Осылайша, жақсы  бастама орта жолдан шорт үзілді. «Азаттықтың» тілшісіне берген сұхбаттарында қала атауын өзгертуге қарсы шыққан белсенділер «қала тұрған жер бұрын иесіз жатқан құладүз дала еді, оған тыңгерлер келіп қала салды, сондықтан бұл біздің тарихымыз, қала атауын сол тарихтан бөліп қарауға болмайды» деген уәждерін айтады.  Осы өңірде туып өскен, қазақша бір ауыз сөз білмейтін, қазақтың мәдениеті мен тарихынан да хабарсыз әлгі белсенділердің  тәуелсіздік алғанына отыз жылдан асқан  Қазақстан мемлекетінде тұрып жатқандығын сезінбейтіні қайран қалдырады. Бұл өңірдің тарихы тың игерумен басталмайды, оған дейін де тарих болған және бұл иесіз жатқан жер емес, қазақтардың ежелден келе жатқан атақонысы. Осы жер үшін, қазақтардың бостандығы үшін бар өмірін күреске арнаған қазақты соңғы ханы Кенесарының атын да, затын да білмейтін әлгі белсенділер осы әрекеттері арқылы  қазақ халқын да силамайтынын анық көрсетіп берді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Чешенстанға  саяхатқа барған қазақ балаларын тікелей өзі қарсы алып, қабылдаған елдің  басшысы Рамзан Қадыров өзінің қазақ елінде туып өскендігін, ата-анасы соғыс жылдарында жер ауып барғанда қазақтардың жарты нанын бөліп беріп, көмектескенін, қазақ халқына борыштар екенін  айтып ағынан жарылған еді. Ақкөл қаласында туып өскен, кейінірек Германияға қоныс аударған бір  неміс жігітінің күнде таңертең өзінің жеке меншік үйінің ауласында Қазақстанның туын көтеріп, әнұранын ойнатып қоятынын түсірген видео көпшілік тарапынан үлкен ризалық сезімін  туғызды, ал Оңтүстік Кореяға қоныс аударған, қазақ елінде туып өскен кәріс әйелдің «Менің Отаным Қазақстан, оны ешқашан ұмытпаймын» деп көзіне жас алып толқи сөйлегені  де жұртшылықты бей-жай қалдырмаған еді.

Өкініштісі сол, қазақ елінде туып өскен өзге ұлттың өкілдері  Қазақстанды өз Отанымыз деп санап, оған жылы лебіздерін білдіріп жатқанда ұлы орыс халқының өкілдерінің әрдайым бүйректен сирақ шығарып, Солтүстік Қазақстан ресейдің атақонысы, ол ресейге қосылуы керек деген сыңаржақ теріс пиғылдарын айтып қалып жүретіні, өз елінде, өз жерінде тұратын қазақтардан орыс тілінде сөйлеуді талап ететіндері, ақырсында елді мекен, көше атауларын қазақыландыруға жаппай қарсы шағатындары – сонау патша заманынан қалған санадағы ұлтшыл шовинистік ескі көзқарастың қалдықтарынан арыла алмай жүргендерін көрсетсе керек. Бүгінгі күні мыңдаған адамдардың өмірін қиған Украинадағы соғысқа да орыс ұлты өкілдерінің осындай шовинистік теріс көзқарастарының үлкен әсері болғаны кім кімге де құпия емес.

Тарихқа зер салып қарасақ, өзгелерден өздерін артық санаған ұлттар мен халықтардың сол астам пиғылдары үшін әрдайым залал шегіп, теріс көзқарастан арылуға мәжбүр болып жататынын бағамдаймыз. Арилердің ішіндегі ең таза ұлтпыз, сондықтан барша әлемді билеуіміз керек деген ақылға сиымсыз көзқарасты санаға сіңірген фашистік ұстаным неміс халқына өте қымбатқа түсті. Бір ұлттан, екінші ұлттың еш артықшылығы жоқ. Тәуелсіз қазақ елінде тұрдың ба, сол елдің тілін, дәстүрін, мәдениеті мен тарихын сыйла. Сонда түсінбестік те, бүгінгідей, Жарқайыңда орын алып жатқандай текетірес те болмайды.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика