Қиял биіктерге бастайды

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Әрнәрсені армандап, қиялға берілетін адамды жұрт «қияли» деп ұнатпай жатады. Шындығында қиялшылдық адамды өмірде биіктерге жетелеп, әрдайым алға ұмтылдыратын құдыретті күш. Адамның хайуаннан бір артықшылығы да – осы қиялдана білуінде. Қазіргі қолымыз жеткен ғылыми-техникалық жетістіктердің бәрі қиялдың жемісі екендігі дау туғызбас шындық.

Қиял күші

Мен бала кезімде кітап оқуды, оның ішінде ертегілер мен фантастикалық жанрдағы кітаптарды оқуды өте жақсы көретінмін. Жюль Верннің айға  сапар туралы бір қияли романы бар. Шығарманың кейіпкері зеңбіректің снарядына отырып алып, айға ұшып барады. Жазушы өмір сүрген кезде Айға ұшу деген бірен-саран қиялшылдардың  орындалмас арманы  ғана болғаны белгілі.  Жазушының осы қиялы арада бірер ғасыр өткен соң шындыққа айналып, американдық екі астронавт Айға барып қонды.

Ғылыммен айналысатын ғалымдардың ізденісіне сондай қиялгер жазушылардың шығармаларының әсері болып жататынын теріске шығара алмаймыз. Егер адам қиялданбаса, онда Айға ұшу сияқты ақылға сиымсыз іспен айналысуға ешкім бармас еді. Ол кезде реактивті двигатель арқылы ұшатын  құрылғы жасалмас еді, ешкім көкке көтеріліп ұшпас еді. Міне, қиял күші.

Қиял адамды алдымен ақылға сиымсыз істерге жетелейді. Оны санасына сіңірген пенде күндіз-түні соны ойлай жүріп, ақырсында әлгі қиялын жүзеге асырудың амал-тәсілдерін ойластыра бастайды.  Ол кезде қиял-арман нақты мақсатқа, одан әрі жоспарға айналып, ақырсында нақты өмірде жүзеге асып тынады. Ұлы істерді атқарған ұлы ойшылардың бәрі жетістікке осылай жеткен.

Көкке ұшатын құрылғы жасаймыз деген ағайынды Райтерлер балалардың аспанға ұшыратын батпырауығына ұқсас құрылғы жасайды.  Ол кезде аспанға құстан басқа ешкім ұшпайтын. Аспанға ұшу ертегілерде айтылатын ұшқыш кілем түріндегі қиял-ғажайып болып саналатын. Райтерлер сол ертегіде айтылатын қиял-ғажайыпты нақты өмірде жүзеге асыруды армандады. Әрине, арман деген де қиялдың жемісі. Арман мен қиял ағайынды іспетті.

Содан ағайынды Райтерлер  батпырауыққа ұқсас құрылғы жасап көкке көтерілмек болады. Бірақ әр жасаған әрекеттерінің бәрі сәтсіздікке ұшырап, көкке көтеріле алмайды. Дегенмен, алған беттерінен қайтпаған ағайынды жігіттер 365 рет жасаған сәтсіздіктерінен соң 366-шы рет көкке әупіріммен көтеріледі. Бұл – аспанға ұшатын ұшақ жасаудың алғашқы қадамы болған еді.

Қиялсыз адам қанатсыз құс сияқты

Қанаты жоқ құс –  кемтар құс.  Құстың табиғаты көкте самғау болса да, қанаты жоқ құс ешқашанда көкке көтеріле алмайды, оның маңдайына өле өлгенше шоқақтап жер бауырлап жүру жазылған. Қиялдана алмайтын адамдар да сондай қанатсыз құс сияқты өле өлгенше жер бауырлап  қор тірлік кешеді.

Қиял сізді күнделікті өзіңіз көріп, куәсі болып жүрген үйреншікті тірліктің ауқымынан шығарып, басқа әлемге жетелейді. Мысалы, сіз кедей отбасында туып өстіңіз делік. Күнделікті көретініңіз жұпыны үй, жұпыны тірлік. Ата-анаңыз, туыстарыңыз да өздері сияқты тұрмысы нашарлау жандармен араласады, олардың айтатындары, істейтін шаруалары да ұқсас. Жалақы жетпейді, заттар қымбаттап барады, кредитті қалай жабамыз, т.б.

Егер сіз қиялдана білмесеңіз, осы сүреңсіз көрініс пен жұпыны тірлікті санаңызға мықтап сіңіріп аласыз да, қанаты жоқ құс сияқты ержетіп үлкен өмірге қадам басқан соң да сол жербауырлаған қалпыңызда қаласыз. Ал егер қиялдана білетін болсаңыз, онда ой-қиялмен бақуатты тірлік кешуді армандап, сондай сәулетті  сәнді үйде тұрсам, табысым мол болса, шетелдерде демалып, қымбат көлік мінсем деп армандайсыз. Ол арман-қиял санаңызға терең сіңген сайын,  ақыл-ойыңызды билеп алып, ақырсында сізді сол арманды жүзеге асыру тәсілін іздеуге жетелейді. Ал қазақта «іздеген жетер мұратқа» деген сөз бар. Егер сіз әлденені жасауға талпынатын болсаңыз және оған біраз күшіңіз бен уақытыңызды жұмсасаңыз, міндетті түрде нәтижеге жетесіз.

Қиял қуатын қайдан аласыз?

Қиялдану әр пенденің маңдайына жазылмаған несібе. Егер қиялдана алмайтын болсаңыз не істеу керек? Кітап оқыңыз. Иә, қиял қуатын тек кітаптан алуға болады. Жәй кітап емес, ертегі, фантастикалық шығармаларды оқыңыз. Ондай кітаптар сіздің бойыңызға қиял қуатын ақырындап енгізіп, молайта түседі. Қиял қуаты молайған сайын сіздің ақыл-ойыңыз күнделікті өмірдің тар ауқымынан шығып, көкке самғаған құстай өзге әлемдерге жетелейді. Биікке ұмтылудың жалғыз жолы да осы.

Түйін: Егер сіздің бойыңызда қиялдану қабылеті болмаса, онда көбірек кітап оқыңыз, қиял қуатын бойыңызға жинаңыз. Қандай салада болмасын, биік жетістіктерге жетудің жалғыз жолы қиял қуатына сүйену. Өйткені, алдымен қиял-арман болады, содан кейін барып нақты мақсат пен жоспар туады. Қиял-арман үйдің іргетасы іспетті. Іргетасы жоқ үй құлап қалады. Сол сияқты қиялсыз адам ешқашан биіктерге жете алмайды. 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика