Ұлық болсаң кішік бол

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

iranИранның бұрынғы президенті Махмұд Ахмадинежад бүгінде қой бағып жүр дейді. Ауылда тұратын ол өзінің азын-аулақ қойларын бағып, күн көреді екен. Осыны естігенде, біздегі ұсақ-түйек әкім қаралардың қызметтен кеткен күні «бизнесмен» болып шыға келетіні ойға оралады. Бұның астарында не жатқаны бесіктегі балаға да белгілі.

Адам көзіне көр топырақ құйылғанда ғана «тояды»

Ескендір туралы мынадай аңыз бар. Ол әлемді жаулап алу жорықтары кезінде бір қаланы қоршап, бірақ ала алмапты. Бекінісі мықты қала алдырмай, жиһангерді әбден шаршатады. Содан көп әскерінен айрылып, шаршаған патшаға ақылшысы Аристотель кері қайтуға кеңес береді. Сонша жерден келіп, құр қол кетуге намыстанған патша елші жіберіп, қала басшыларынан ескерткіш болар бірдеңе алғысы келеді.

Патшаның елщісі бір қу сүйек әкеледі. Бұны көріп намыстанған патша: «жарты әлемді жаулап алған мені басынғандары ма, қу сүйек бергендері несі?» дейді. Сонда Аристотель: «бұның астарында сыр болуы керек» деп әлгі сүйекті таразыға салдырып, екінші жағына алтын теңгелерді салады.

Қанша алтын салса да сүйек ауыр тартып, басып кете беріпті. Сасқан патша қызметшілері енді таразыға қару-жарақты да салады. Бірақ оның бәрін шынашақтай сүйек басып кетеді. Мұның мәнін түсінбеген патша Аристотельден себебін сұрайды. Сонда ғұлама былай деп түсіндіріпті.

Мынау адамның көз сүйегі. Адам көзі тірісінде ештеңеге тоймайды. Әлемнің бар байлығын берсең де «аз» дейді. Ол тек өліп, көзіне көр топырақ құйылғанда ғана тояды, — деп таразының екінші басына бір уыс топырақ салғанда, топырақ сүйекті басып кетіпті.

Ақылды адам нәпсінің құлы болмайды

Иранның бұрынғы президентін ДАНЫШПАН десе болады. Өйткені, ол көзіне көр топырақ құйылғанда ғана тойдым дейтін ашкөз нәпсіге ермей, адами қасиетін сақтап жүр. Ал, қазына мүлкін омырып ұрлап, «бизнесмен» болып жатқандар ертең көздеріне көр топырақ құйылғанда ғана «ТОЙДЫМ» дейтін болады.

Бірақ көзге көр топырақ құйылғаннан кейін тойдың ба, тоймадың ба одан саған келер  игілік болмайды. Нәпсінің құлы болғандардың барар орны  ТОЗАҚ. Олар өлгенше нәпсінің жетегінде оны тойдырамын деп азаптанумен болса, өлген соң ТОЗАҚҚА түсіп мәңгі өртенеді.

Ал, енді осы АҚЫЛДЫЛЫҚ па?

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика