Әділдік салтанат құрған жерде, ел де өркендейді

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазіргі қазақ қоғамы қым-қуыт күндердің қарсаңында, қарбаласқа толы оқиғалардың тоғысында тұр. Кешегі жаңа Үкіметтің жасақталуы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық-әлеуметтік салада өміршең мәселелерді шешу жөніндегі талап-тілектері жаңа бетбұрыс жасауға ықпал ететіні анық.
Осы оқиғаның қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінен мүдделі топ елордаға жиналып, «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорын құруға арналған басқосуға қатысып, ел тұрғындарына үндеу тұрғысындағы манифест құжатқа қол қойдық.
Жаңа қордың негізгі мақсаты – барша қазақстандықтарды толғандырған өзекті мәселелерді түбегейлі шешуге атсалысу, үн қосу. Бұл ретте еңбек адамдарының мүдделері мен құқықтарын қорғау, әлеуметтік және экономикалық бағыттағы түйкіл мәселелерді көтеріп, оны осыған мүдделі құрылымдармен бірлесіп шешу.
Әрине,  тақырыбы да ауқымды, арнасы да кең, әділетті Қазақстанды құру ісінде сырт қалмай, осы келелі іске бәріміздің белсене үлес қосуымызды білдіреді. Мәселен, Ақмола облысын да толғандырған мәселе өте көп. Аталған қордың өңірдегі белсенді өкілдері ретінде осы проблемалардың оңтайлы шешімін табуына жұмыс жасайтын боламыз.

Ең бастысы, «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры аты айтып тұрғандай, әділдікті мұрат етіп, елдің өркендеуі жолында тер төгу, күш-жігерді жұмсау. Қоғамда әділдік салтанат құрған кезде, ел де өркендейді, тұрғындардың мұң-мұқтажы шешіледі.
Баршаңызды бізбен мүдделес болуға шақырамын. Бұл қор құрып, атақ жинаудың емес, сіз бен біздің ортақ ойымыздың түйінін шешудің  бір жолы. Біріксек, алынбайтын қамал жоқ. Бірлігі жарасқан елдің, ынтымағы да, берекесі де көл көсір болары хақ.

Бақыт Смағұл.

ҚОРДЫҢ
ел азаматтарына
ҮНДЕУІ

Құрметті достар!

Біз — «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорын құрушы белсенді топ өкілдеріміз. Біздің қатарымызда — өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмыскерлері, құрылысшылар, түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, мұғалімдер мен дәрігерлер, әртүрлі өңірлердің, қалалар мен ауылдардың тұрғындары бар. Бізді – қуатты әрі әділетті қоғам құруға деген ортақ мақсат біріктіреді. Ол қоғам әрбір азаматқа адал еңбегімен табыс тауып, ұрпақ өсіріп, болашаққа алаңсыз қарауына мүмкіндік береді.
Әділдік біз үшін – даму мен өркендеудің іргетасы. Бұл жалаң сөз емес. Бұл ең алдымен біз ұстанатын, қолдайтын және қоғамдық санаға сіңіретін нақты қағидалар. Олар:

1. ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ.
Біз еңбек адамына лайықты құрмет көрсетуді, жұмыскердің қабілеті мен ортақ іске қосқан үлесіне сай еңбекақы төлеуді, жұмысқа қолайлы жағдай жасауды, жұмыс орынында қауіпсіздікке кепілдік беруді қолдаймыз. Еңбек адамы – ел өркендеуінің негізі және олардың құқығы қатаң қорғалуы қажет.
2. ТАБЫСТЫҢ БӨЛІНУІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК.
Біз әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне мүмкіндік беретін кепілдікті қолдаймыз. Әрбір еңбек адамы өз қабілетіне қарай, кәсіби даярлығына сай еңбек ақы алуға құқылы.
3. ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ТЕҢДІК.
Кез келген азаматтың міндеттері мен құқықтары әлеуметтік дәрежесі мен материалдық жағдайына қарамастан  заң алдында бірдей сақталуы керек. Тек әділетті қоғамда ғана әрбір азамат мемлекеттік билік органдары, сот және құқық қорғау органдары оның құқығын қорғап шығатынына сенімді бола алады.
4. БАРЛЫҚ АЗАМАТҚА ТЕҢ МҮМКІНДІК.
Әрбір азаматтың білім алуына, жұмысқа орналасуына, медициналық қызметке жүгінуіне және өз қабілетін сынап көруіне тең мүмкіндік жасалуы керек. Бірдей мүмкіндік – әділетті және тең дәрежедегі қоғам құруға мүмкіндік тудырады.  
5. ӘР АЗАМАТТЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІН ҚҰРМЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ.
Әділетті қоғам әрбір азаматтың қадір-қасиетін мойындау, өзара құрмет пен ынтымаққа негізделуі тиіс. Ол қоғамда ешкімді кемсітуге немесе біреудің азаматтық және қоғамдық құқығына қол сұғуға жол жоқ.              
6. АЗАМАТТАРДЫҢ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУҒА ЫҚПАЛЫ.
Біз «еститін мемлекет» ұстанымының өте маңызды екенін ерекше атап өтеміз. Әрбір азаматтың құқығын ескеретін әділетті қоғам құру үшін билік ашық болуы керек, халықтың мұң-мұқтажын естіп, біліп отыруы қажет. Біз мемлекеттік органдардың экономикалық, басқару ісі, әлеуметтік салаға және экологияға қатысты шешімдеріне азаматтар ықпал ете алатын түрлі тетіктерді дамытамыз. Біз азаматтарымыздың денсаулығы үшін қоршаған ортаның ластануын төмендететін бастамаларды қолдаймыз.

***
Президент Қасым — Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Әділетті Қазақстанды» құру үшін іргелі реформалар жүріп жатыр. Біздің жол — осы. Біз — кедейлікпен, қымбатшылықпен күресіп, тұрғын үй коммуналдық тарифтерін көтермеуді, зейнеткерлерге қамқорлық көрсетіп, жастарға жаңа жұмыс орындарын ашуды және мұқтаж жандарды әлеуметтік тұрғыда қорғау бағытындағы реформаларды қолдаймыз. Бұл қадам — қала мен ауылдағы ағайынның өмір сүру сапасын, білім дәрежесін жаңа деңгейге көтеруге жол ашатыны анық.
Екі жылда талай іс атқарылды. Алға ұмтылу бар, бірақ әлі де шешілмеген көптеген мәселелердің бар екені анық. Өкінішке қарай, аймақтарда реформалар бәсең жүруде, өзгерістерге әртүрлі деңгейде кедергілер бар, тіпті кей жерлерде ашық қарсылық та аңғарылады. 
Президент бастамаларын толық іске асыру үшін тұтас қоғам мен елдің барлық азаматтарының ауқымды қолдауы керек. 
Біз – Әділетті Қазақстанды құру жолында, мемлекеттің өркендеуіне өз үлесін қосуға ынталы, белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдардың басын біріктіретін «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорын құрмақпыз.
Біз – еңбек қауіпсіздігі мен әділетті жалақы тағайындау жолында еңбек адамының құқығын қорғауды қолдаймыз!
Біз – байлар мен кедей жұрттың арасындағы алшақ жікті қысқартуды, табысы аз азаматтар мен отбасыларды әлеуметтік қолдауды және әлеуметтік кепілдік беруді қолдаймыз.
Біз – Конституцияға сәйкес жер жəне басқа да табиғи ресурстардың халыққа әділ бөлінуін қолдаймыз.
Біз — олигархтардың шетелге шығарған капиталын елге қайтарып, ұлттық байлықтың әділ бөлінуін қолдаймыз. 
Біз — қала мен ауылда бірдей білім сапасын арттыруды, денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің қолжетімділігін қолдаймыз. 
Біз – жастарға жаңа мүмкіндіктер жасап, өмірден өз орнын табуына ат салысамыз.  Ауыл жастарына мемлекеттік қолдау керек. Жаңа жұмыс орындарын ашу, спорт кешендерін салу, баспанамен қамту, тұтас алғанда ауылда өмір сүру сапасын арттыруды қолдаймыз.
Біз – сот жүйесі мен құқық қорғау органдарын реформалауды қолдаймыз.  Бұл салада олигархтар мен қалталылардың мүддесін емес, қарапайым азаматтар мен ұлттық мүддеге қызмет ететін адал, жемқорлықтан қолы таза кадрлар болуы керек. 
Біз – қоғамды рухани әрі мәдени тоқыраудан сақтандыратын мәселелерді бірге талқылап, шешуді қолдаймыз.
Бұл қадамдардың барлығы – Қазақстанның дамуы мен әділетті қоғам құру үшін аса маңызды.  
Біз — осы ұлттық мүдделерді және адами қатынасты қолдайтын азаматтарды біздің қозғалысымызға қосылуға шақырамыз. Біз қуатты әрі әділетті Қазақстан үшін бірге қызмет етуге үндейміз. Біздің құндылықтарымыз – қарапайым да түсінікті. Ең бастысы:
Мемлекет пен ұлт мүддесі. Адал еңбек. Әділдік. Өркендеу.

ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!
ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУ ҮШІН!
ҚАЗАҚСТАН ҮШІН!

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика