Әйелге қорғаныш қажет

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бүгінгі материалистік ғылым әйел мен ер адамның айырмашылығын тек биологиялық өлшемде ғана қарастырып, психологиялық, рухани өлшемдері жайына онша көп мән бермейді. Әйел мен ер адамның бір шаңырақтың астында бақытты өмір кешуі үшін психологиялық, рухани ерекшеліктерін де ескеру қажет. Сонда ғана біз адам деп аталатын тіршілік иесі туралы толыққанды ақпарат аламыз.

Ажырасушылық неге көбейіп барады?

Ақмола облыстық әділет департаментінің деректеріне қарағанда соңғы жылдары ажырасушылар саны үйленгендердің 50 пайызынан асып жығылған. Яғни, әрбір жүз отбасының жартсынан астамы ажырасып жатыр деген сөз. Тағы бір қынжыларлығы, ажырасушылар қатары жыл санап көбейіп және жасарып барады екен.

Кеше ғана дүрілдетіп той жасап отау құрған жастар араға жыл салмай жатып бірін-бірі көрместей болып ажырасып жатуының себебі неде? Шынын айтқанда, бұл қазір адамдардың жеке басы мәселесі емес, мемлекеттік маңызы бар мәселе болып отыр. Өйткені, мемлекет дегеніміздің өзі отбасылардан тұрады. Ал отбасы берекесі болмаса, мемлекеттің де іргесі бүтін болмайтыны анық.

Бүгінде мемлекеттік маңызға ие болып отырған бұл мәселенің түпкі себебін ұғу арқылы біз белең алып бара жатқан келеңсіздіктің алдын алуға, оның салдарын азайтуға мүмкіндік аламыз. Шындығында, бұл мәселе бәрімізге де қатысты. Оның теріс залдары баршамызға тиеді.

Біздің елімізде жылдан жылға көбейіп бара жатқан ажырасушылықтың себебін түсіну үшін, бір миллиардтай халқы бар, ажырасушылық деңгейі 1 пайыздан аспайтын Үндістан халқының жағдайына талдау жасасақ, анық ұғына аламыз. Бір ауыз сөзбен айтқанда, бұл мәселенің себебі мынада: Қазақстанда гендерлік саясат деген үстемдік етеді, әйел мен ер құқығы тең және отбасы құру әр адамның өз еркіндегі шаруа. Ал, үнді елінде ер адамның дәрежесі әйелден жоғары, үйленіп отбасы құру мәселесін қыздың әкесі шешеді. Бар гәп, міне осында.

Әйел қорғанышқа мұқтаж

Веда ілімінің шарттарын ұстанып, сол бойынша өмір сүретін үнді халқында мынадай түсінік бар: әйел мен жас бала әрдайым қорғанышқа мұқтаж. Әйел адам өле-өлгенше ер адамның қорғауында болуы тиіс. Жас кезінде қыз әкесінің қамқорлығында болады. Бойжеткен соң тұрмысқа шығып, күйеуінің қамқорлығына алынады. Ал қартайып, күйеуі қайтыс болған жағдайда, ұл балаларының бірінің қамқорлығына алынады.

Веда өркениетінің ұстанымы бойынша: әйел адам ешқашан өз бетінше өмір сүрмеуі қажет, яғни әрдайым ер адамның қорғауында болуы тиіс. Егер әйел өз бетімен кетсе, кім көрінгеннің жемтігіне айналмақ. Бір сөзбен айтқанда, еркімен кеткен әйел теріс жолға түседі, ал әйел бұзылса, ұлт азады. Оның залалы жалпы ұлтқа, одан қалды мемлекетке тиеді. Сондықтан, ежелгі веда өркениеті бұл мәселеге өте үлкен мән берген.

Үнділердің заңы бойынша, қыз баланы азғырып, аздыру, біреудің әйелін азғырып алып кету – өлім жазасына ұшырататын аса ауыр қылмыс санатына жатады. Үнділерде қызына күйеуді оның әкесі іздейді. Қызына лайықты, оны бақытты етеді деген жас жігітті тауып, онымен келісім жүргізген қыз әкесі қызын жәй бере салмай, жасауы ретінде жас жұбайлардың бірден еш қиындықсыз өмір сүріп кетуіне жеткілікті мал-мүлік береді. Осыған орай, үнділерде қыз баланың оң босағада тұрмысқа шықпай отырып қалуы деген жай мүлдем дерлік болмайды. Оған қоса, ажырасып кетуге де еш орын жоқ.

Ал қазіргі Батыс елдеріне еліктеген қазақ қоғамында ақылы толмаған қыз бала болашақ жарын өзі іздеп табуы тиіс  болады. Осы орайда, өмірлік тәжірибесі жоқ жас қыз шалыс басып, ер адамдардың азғыруына алданып опық жейтін кездері жиі кездесіп жатады. Біздегі ажырасушылықтың белең алуының ең негізгі және бірден бір себебі де  – осында.

Ежелгі қазақ қоғамында да қызына күйеуді әкесі қарастыратын болған. Үнді қоғамынан бір ерекшелігі  — қазақ қоғамында  жігіттің әкесі қалыңдықты таңдап, оған қалың мал барген. Тұрмысқа шығатын қыз күйеуін тек той болғанда ғана көрген. Дегенмен, бұл қазақ отбасыларының шаңырақтарының беріктігіне еш залалын тигізбеген. Қазақ қоғамында ажырасушылық деген атымен болмаған.

Қазір қыз-келіншектерге теңдік бердік деп жүрміз, шындығында бұл теңдік теңсіздікке айналып, табиғатынан нәзік, ер адамның қорғауына мұқтаж қыз-келіншектер өмірдің қиындықтарымен бетпе-бет қалып, ауыртпалыққа шыдамай ажырасып немесе жаман жолға салынып, маскүнемдікке бой ұрып, ақырсында тіпті, өзіне қол салатын күйге жетіп жатады.

Өмірдің қиындығынан қорыққан жас қыздар әкесімен, тіпті атасымен жасты байшыгештерге, лауазымды қызметкерлерге тоқал атанып, шындығында некелерін қимай ашына болып жүретін жайлары көп кездеседі. Бұның астарында қорғаныш іздеген әйелдің шарасыздығы жатқаны анық.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика