Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Он литр су сыятын ыдысқа он литрден артық суды сыйғыза алмайсыз. Ол ыдыстың өлшемі сол он литр, одан артықты қабылдамайды. Сол сияқты әр адамның өз ақыл-ой деңгейі болады, сол деңгейінен артық ақпаратты, білімді ол қабылдай алмайды. Сіз оған қанша айтсаңыз да, тіпті құлағына микрофонмен айқайласаңыз да, ол өз ақыл-ой деңгейінен артықты қабылдамайды.
Мен ұзақ жылдар осы ақиқатты түсенбей келдім және менің пайымымша, өзім түсінген, қабылдаған шындықты басқалар да міндетті түрде қабылдай алады, оған қабылет-қарымы жетеді деп түсініп келдім. Біраз жылдардан бері діни пәлсапамен айналысып келемін. Осы саладан біршама білім алдым. Сол білгенімді басқаларға жеткізгім келіп, өзіме әлдеқашан белгілі және дау туғызбас ақиқат болып саналатын жайларды басқаларға айта бастасам, бұл әңгіменің олар үшін мүлдем қызықсыз екендігіне және тіпті, дұрыс деп мені мақұлдап қабылдаған сыңай танытқандарымен оны ұқпайтындарына кейін келе ақырындап көз жеткізе бастадым.
Діни пәлсапаның басқа материалдық дүниәуи ілімдерден ерекшелігі сонда — оны нақты өмірде пайдаланып, игілік табуға болады. Өз басым сол ілімдерді нақты өмірде тәжірибе жүзінде қолданып, нақты нәтижелерін көріп жүрмін. Оның пайдасы өте зор. Міне, сол өмір үшін аса пайдалы жайларды басқаларға түсіндірмек болғанымда, түрлі кедергілерге тап болдым. Біреулер ол ақпаратқа ашық жеккөрінішпен қараса, оған құлақ салмайтын, мүлдем қызықпайтындар да кездесті. Ал енді қызығушылық танытып, тіпті мені мақұлдап, е дұрыс екен дегендердің өздері сәлден соң бәрін ұмытып, мен берген ақпараттарды қоқысқа лақтыра салатынын байқадым.
Осы жайлардың бәрі мені мынадай тұжырымға келуге мәжбүр етті: әр пенде өзінің ақыл-ой деңгейіне сай ілім-білімді ғана игеріп, қабылдай алады, одан артықты, тіпті ол қанша пайдалы болса да мүлдем қабылдамайды. Қабылдағысы келмейді емес, дегенмен де оған жалпақ тілмен айтқанда өресі жетпейді. Сол үшін де ондай жандарға өкпелеп, ренжуге болмайды. Ең бастысы, мына тұжырымды берік ұстанған жөн: ешбір жанға өзің білетін пайдалы ақпараттар мен ілім-білімді қабыл ал деп ұсынба, егер өзі сұрамаса. Діни ілім-білім — бұл аса қымбат құйма алтын немесе брилиант сияқты. Құйма алтын мен брилиантты тек ақшасы бар бай адамдар ғана ала алады. Ал кедейлер оған қарамайды да. Қарамайтыны, қызықпайтыннан емес, сатып алатын ондай ақшаларының жоқтығынан. Сол сияқты діни ілім-білімді алуға қабылетті сана деңгейі жоғары жандар болмаса, қарапайым пенделер оған еш қызықпайды, өйткені сатып алатын, яғни оны игеретін өрелері жоқ.
Міне, осы ақиқатты түсінгендіктен, мен өзім білетін ілім-білім мен өмірге қажетті пайдалы ақпараттарды кім көрінгенге бұрынғыша тықпалап, мынаны ал деп жалбарынбайтын болдым. Алғылары келсе сұрап алсын, ал қызықпаса, онда мен жалбарынып мынаны ала ғой деп айтпаймын.
