Әруақты бұдан артық қорлау бола ма?
Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Қазақ қана емес, жалпы иісі мұсылман елдері үшін Қожа Ахмет Яссауи ұлы тұлға, пайғамбардан кейінгі дін исламның абырой-беделін асқақтатқан әулие-ұстаз. Жарты әлемді жаулап алған, атынан ат үркетін Ақсақ Темірдің өзі әулиеге бас иіп, құрмет көрсетіп, оған әлемде жоқ сәулетті кесене тұрғызғаны тектен тек емес. Міне, сондай ұлы тұлғаның кесенесінің басында нәпсінің құлақ кесті құлына айналған азбан азғын екі әйел ЛГБТ деген адамның жүрегін айнытып, құсқысын келтіретін азғын ұйымның кемпірқосақ туын желбіретіп жарнамалық суретке түскен. Өзіңіз ақылға салып бағамдап қараңызшы: бар өмірін Аллаға құлшылыққа арнаған, 63 жасында дүниені тәркі қылып, жер астына түсіп, қалған ғұмырын Жаратқанға құлшылық етумен өткізген әулиенің қабірінің басына келіп нәпсіге құл болған әйелдердің өздерінің азғын ұйымдарын насихаттап суретке түсуі — бұл енді әруақты қорлаудың ең шектен шыққан үлгісі болса керек.
Әлеуметтік желіде жарияланған осы суретке қатысты ашу-ызаларын білдіріп, пікір жазғандар, бұл бассыздыққа қатысты қылмыстық іс ашып, азғындарды жауапқа тартуды сұраған жандар аз болмады. Десе де, «Еститінін үкіметтің» құлағы бітеліп қалған ба, құқық қорғаушылар жұртшылықтың үніне ләм деп пікір білдірмеді. Егер де, дәл осындай жағдай ислам елдері Иранда немесе Сауд Арабиясында орын алса, әлгі әйелдердің сөзге келмей бастарын кесер еді. Ал Түркия сияқты зайырлы елдерде жасалса, қолдарына кісен салып, түрмеге тоғытар еді. Батыстың жетегіне еріп, ұлттық тілі мен құндылықтарынан безген біздің елдің билігі ЛГБТ дегендерді бетімен есіртіп қойды. Олар кемпірқосақ туларын желбіретіп еліміздің әр өңірінде ойларына келгенді жасап, түрлі жарнамалық шаралар өткізіп жүр. Жыл сайын 8 наурызда гендерлік теңдік дегенді желеу етіп, құқығымыз тапталып жатыр деп ұрандатып шеруге шығады. Олардың арасында жасамыс тартқандары да, кәмелетке толмаған жасөспірімдері де бар.
Ел арасында қызтеке, еркекшора атанып кеткен психологиялық ауытқушылықтан туған осындай дертке ұшырағандар қазақ қоғамында ертеден болған. Дегенмен, олар сирек кездесетін және өздерін жұртқа жарияламақ түгілі, халықтың көзіне түсіп жүруден қымсынатын. Ал қазір Батыс елдерінде гендерлік саясат деген желеумен осындай азғындықты жарияға жар салып тарату, оларға заң жүзінде барлық құқықтар беру белең алды. Еуропа мемлекеттерінің бәрінде дерлік бір жыныс өкілдерінің үйленуі заң жүзінде негізделген, тіпті бірқатар елдерде гейлер мен лесбиан дегендер өз некелерін шіркеуге барып қидырады. ЛГБТ деп аталатын ұйым құрған осындай психикалық ауруға ұшыраған жандардың Батыста көбейіп кеткені сонша, қазір олар халықтың басым тобына айнала бастады. Мәселен, Париж қаласында тұратын әрбір 4-ші еркек гей екен. Германия, Ұлыбритания елдерінде түнгі клубтарда сақалы сапсиған, денесі еңгезердей бұттарына тылтитып миниюбка киген гейлер қаптап жүреді дейді. Екі еркектің құшақтасып, бірін бірі аймалап сүйіп жататын көріністеріне Батыста жұрттың көзі әбден үйреніп кеткен.
«Жаман әдет жұққыш келеді» демекші, сол Батыстан таралған бұл азғындық ауру бізге де келіп, жыл өткен сайын кең таралып барады. Кең таралатыны, қолдаушысы мықты ЛГБТ-ны жарнамалап, насихаттау жұмыстары өте белсенді жүргізіледі. Іргелес Ресейде ЛГБТ-ны насихаттауға тиым салатын, сол үшін қылмыстық жауапқа тартатын арнайы заң бар. Ал біздің елімізде бұл ұйым не істесе де тиым жоқ, соған сүйенген олар өз қатарына жастарды барынша көбірек тартуға күш салуда. Олардың бұл бағыттағы жұмыстары жеміссіз де емес. Қазір гейлердің түнгі клубтары еліміздің ірі қалаларында көптеп ашылуда.
Осыдан бірнеше жыл бұрын қазақстандық бір медиамагнаттың қызтеке ұлы итальяндық бір жігітке тұрмысқа шығып, соны ұзату тойын шетелдік қымбат мейрамханада салтанатпен тойлағаны туралы видео интернетте кең таралды. Еркектің еркекке үйленгені жиіркеніш туғызатын ерсі әрекет, десе де, ұлты қазақ медиамагнаттың отбасы мен туыстары қызтеке балаларын құтты жеріне қондырғандарына қуанып, мәз-мәйрам болғандарын видеодан көргенде азғындықтың елімізге қаншалықты тереңдеп еніп кеткенін бағамдағандай боласың.
Заң жүзінде тиым салынбаған ЛГБТ ұйымын қаржылық қолдап отырған шетелдік демеушілердің барлығы анық. Олар ақшаны оңды-солды шашып, еліміздің әр өңіріне үнемі барып, өздерінің азғындық шараларын өткізіп жатыр. Намысы бар кейбір өңірдің азаматтары олардың шараларын өткізуге кедергі келтірсе, басқалар қолдарын бір сілтеп «күл болмаса, бүл болсын» деп жылы жауып қойған. Соны пайдаланған азғындар енді қазақтың ең қасиетті жері – Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін былғады. Кесене аумағында хан Абылайдан бастап, қазақтың біраз ұлы тұлғаларының зираттары бар. Ол әруақтар азғын әйелдердің әрекетіне қабірлерінде аунап, қиналған да шығар…
Әзірет Сұлтан кесенесінде суретке түсіп, ұлы әруақты қорлаған азғындардың ұйымы осы әрекеттері арқылы «ал бізге не істейсіңдер» деген астамшылық пиғылдарын анық сездіріп отыр. Рухы өліп, өшіп қалған бүгінгі ұрпақ ол азғындарға не істесін және олардың сыртында құдыретті қолдаушылары бар. Ендігі қолдан бар келері «Әруақ атсын, сендерді» деу ғана.