Өлген адамға дұға бағыштаудың қаншалықты пайдасы бар?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ислам, христиан, иудеизм  сияқты дәстүрлі діндермен бірге буддизм және индуизм діндерінде де өлген адамға дұға бағыштау рәсімі бар. Буддизм дінінде кісі өлген соң оның үйіне келіп, өлікті шығару рәсімін жасаған монах өлген адамның келесі өмірінде  тән алауы үшін қажетті дұғаларды 49 күн оқиды. Буддизм дінінде «Өлілер кітабы» деген кітап бар, міне, сол кітапты монах белгілі бір күндерде дауыстап оқып отырады. Бұның өзін мұсылмандардың өлген адамның әруағына Құран бағыштауына ұқсатуға болады. Буддашылардың түсінігінше, өлген адамның жаны 49 күндік «бардо» деп аталатын кезеңнен өтеді. Онда сан түрлі кедергілер мен қиындықтар ұшырасады. «Өлілер кітабын» дауыстап оқыған монахтың үнін жаны қысылған кезде өлген адамның әруағы естіп, соған сай әрекет жасайды екен.

Индуизм дінінде өлгеннен кейін 9, 40,100 күннен кейін орындалатын «шрадха» деп аталатын рәсім бар. Өлген адамның балалары сол күні әкелеріне арнап тамақ дайындап, арнайы дұғаны оқып, дастархан басында тамақты қалдырады. Индустардың түсінігінше, өлген адамның жаны алыс сапарға шығады, жолда түрлі кедергілер көп кездеседі. Арып-ашып шаршайды. Ал «шрадха» рәсімі бойынша ұсынылған тағамды жеген өлген адамның рухы қуат алып, ары қарай қиналмай жүруіне мүмкіндік туады.

Ислам дінінде де өлген адамға арнап Құран бағыштау және жетісі, қырқы, жылы өткен кезде дұға бағыштау рәсімдері жасалады. Бұның бәрі өлген адамның рухына көмектеседі деген түсінік бар.

Өлген адамның келесі өмірінде қандай жағдайда болуы оған бағыштап оқылған дұғаға немесе түрлі діни шараларға байланысты болмайтынын айғақтайтын қасиетті кітаптарда аяттар аз емес. Бұл арада мына жағдай анық: әр адам өзінің болашағын тірі күнінде өз қолымен жасайды, өлген соң оқылған дұғаның азды-көпті көмегі тигенімен, жағдайын толыққанды өзгерте алмайды. Сондықтан, әр адам тірі кезінде өзінің болашағы үшін иманды, сауапты істер жасап, сауапты молынан жиауға күш салуы қажет.

Ислам дінінің түсінігінше, өлген адамға сауап әкелетін жағдайлардың қатарында мыналар бар: егер адам тірі кезінде өзгелерді имандылыққа уағыздайтын  кітап жазса, ол кітапты оқыған адам содан ғибрат алса, оның сауабы міндетті түрде тиеді. Мыңдаған жылдар бұрын қайтыс болған ислам дінін ұстанған әулие-ғұламалардың кітаптары әлі күнге дейін мәнін жоймай, сан мыңдаған адамдар оқитын кітап болып отыр. Бұл кітаптар әлгі ғұламаға үнемі сауап әпереді.

Өлген адамға сауап әперетін екінші жағдай: егер ол тірі күнінде халыққа арнап көпір, монша сияқты нысандар салса, ол қашан сынып, қирап қалғанша оны салдырған адамның әруағына сауап әкеліп тұрады. Сондай-ақ, егер өлген адам тірі күнінде мұқтаж жандарға көмектесіп, жақсылық жасаған болса, оның көмегін көрген адам «маған осындай жақсылық жасап еді, жаны жәннатта болсын» деп есіне алып жатса, оның сауабы болмақ. Сонымен бірге, өлген адамның ұрпағы әкелеріне, аталарына арнап дұға бағыштатып отырса, оның да сауабы тиеді. Міне, осындай төрт түрлі әрекеттің өлген адамға сауабы тиеді дейді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика