Өлім қорқынышты ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өлім«Өзекті жанға бір өлім» деген сөз тірі пенденің ешқашан ажалдан қашып құтыла алмайтынын анық аңғартқандай. Дегенмен де, түптің түбінде келмей қоймайтын сол ажалды адамдардың көбі еш қаперіне алмай алаңсыз тірлік кешеді. Ондайлар ажалды тек өлім сәтінде ғана есіне алып, болмай қоймайтын бұл құбылысты еш дайындықсыз, бейхабар күйде қарсы алады.

Өлімнен кейін не бар?

Адам маймылдан жаратылған деген Дарвиннің жалған ілімін санасына сіңірген аға ұрпақ өкілдерінің көбі өлімнен кейін де өмір барлығына сенбейді. Олар жалғыз шынайы тірлік осы дүниеде деп түсініп, ажалды ауызға алудан да қорқады. Өйткені ажалды еске алу тірліктің өткіншілігін еске түсіріп, бойларына қорқыныш ұялатпақ.

Таныс бір жігіттің келіншегі өлім туралы айтыла қалса-ақ «айтпашы, ондайды» деп азар да безер болып құлағын баса қашатын. Адамдардың көбі сол сияқты ажал жайында мүлдем ойламай, ол туралы әңгімеден қашып, ойсыз тірлік кешеді. Осылай жасау арқылы олар ажалдан қашып құтылмақ болады. Бірақ, бұл қатерден басын құмға тығып құтылғысы келетін түйеқұстың әрекеті сияқты еш пайдасыз амал.

Дәстүрлі діндердің бәрінде ажалдан кейінгі қабір өмірі болатынын, онан әрі пенде қиямет сотына тартылып, күнәсінің аз-көптігіне орай жұмаққа, не тозаққа түсетінін айтады. Бірақ та, дәстүрлі діндерде өлімнен кейінгі өмір жайында оншалықты көп және нақты айтыла қоймайды. Өлімнен кейінгі өмірге ең көп көңіл бөлетін дін – буддизм діні. Буддашылардың «өмір дегеніміз өлімге дайындалу» деген қағидасы бар екен.

Өлім ахуалы

Буддашы монах және дінтанушы Барри Керзиннің айтуынша, өлген адам сегіз сатылы ахуалды бастан кешеді. Ол сатылар мына материалистік дүниенің негізі саналатын 8 элементке сәйкес болатын сияқты. Барша әлем 5 дөрекі элементтен: жер, от, су, ауа және эфирден (кеңістік), 3 нәзік элементтен: ақыл (ум), зерде (разум), жалған эго (аханкара) тұрады.

Өлім ахуалындағы адам ең алдымен денесінің ауырлағанын сезінбек. Бұл жер элементіне байланысты болса керек. Денесі ауырлағаны сонша адам қолын көтере алмайды. Бұдан кейін екінші саты: су элементінің ықпалы келеді. Бұл кезде адамның бойындағы су (сілекей, шырыш, зәр, т.б) кеуіп кетеді. Адам енді қатты шөлірекеп, шөлдейді. Өлер сәтте адамның су сұрайтыны осыдан сияқты. Екінші сатының белгісі сол – адамның бойындағы барлық ылғал кетіп, көз шарасын ұстап тұрған сұйық кепкен соң, көз шарасы ұясынан шығып кетеді.

Үшінші саты адамның бойындағы от элементінің кетуімен жалғасады. Бұл кезде ажал ахуалындағы пенде қатты жаурап, тіпті үстіне бірнеше қабат көрпе жапса да тоңады. Төртінші сатыда ауа ағымы тоқталады. Яғни, өкпе жұмысын тоқтатып, ауаны сорып, шығармайды. Ауа ағымы тоқтаған соң, қан айналымы да тоқтайды. Осыған байланысты адамның жүрек соғысы тоқтап, тәні жұмысын толық тоқтатады. Осы сәт дәрігер адам өлді деп тұжырым жасайды. Буддашылардың түсінігінше, бұл әлі өлім емес.

Онан әрі де адам 4 сатыдан өтеді. Бесінші сатыда (эфир немесе кеңістік) өлім халіндегі адам қараңғы түндегі ай сәулесі сияқты бұлыңғыр салқын сәулені көріп, сезінеді. Алтыншы сатыда адамның сезімдері жұмыс істеуден қалады. Ол ештеңе көрмейді, естімейді, сезбейді. Барри Керзин бұл сатыда адамның көз алдына батып бара жатқан күн елестейді, шындығында пенде өзін батқан күн сияқты сезінеді деп түсіндіреді.

Жетінші сатыда ақыл онан әрі нәзіктеніп, адам қараңғылықты түйсінеді. Оның көз алдына өшкелі тұрған өлімсіреген шырақ елсетейді дейді Керзин. Ал соңғы сегізінші сатыға жеткенде пенде анық және бар санасын билеген жарқыраған әппақ сәулені түйсінбек.

Сегіз сатыдан адам үш тәулікте немесе 72 сағатта өтеді дейді Барри Керзин. Кейбіреулерде ол жылдамырақ жүріп, ерте бітуі мүмкін. Осыған орай, буддашылар адамды үш күн өткен соң ғана жерлейді екен.

Өлімге дайындық адамға не береді?

Мына жалғанда кез келген жетістікке жету үшін дайындық жасау қажет болады. Мысалы, сіз жақсы өнім алу үшін көктемде жер теліміңізге егін егіп, жаздай оны күтіп, суару, арам шөбін жұлу сияқты жұмыстар жасауыңыз шарт. Сонда ғана жақсы өнім аламын деп үміттенуге болады. Ал егер егін екпей, оны суарып, күтпесеңіз, онда ешқандай өнім де алмайтын боласыз. Бұл – ақиқат.

Сол сияқты өлімге дайындалған адам мен дайындалмай ажалды қаперіне алмай алаңсыз тірлік кешкен пенде тең болмайды. Өлімге дайындық деген тек ажал туралы ойлап, өлім ахуалында адам бастан не кешетінін есіне алумен шектелмейді. Өйткені, барлық дәстүрлі діндердің түсінігіне сай, ол дүниедегі адамның ахуалы осы жалғанда жасаған жақсы-жаман істеріне байланысты болмақ.

Буддашылар өлген адам 49 күнде аралық кезең немесе бардо деп аталатын ахуалды бастан кешеді деп түсіндіреді. Мұсылмандар мұны барзах немесе қабірдегі өмір деп атайды. Өлген адам қабірінде алаңсыз тыныш жата алмайды екен. Осы дүниеде жасаған жақсы-жаман істеріне байланысты қабірдегі өмірі тыныш немесе азапты болуы мүмкін.

Өлген адам о дүниеге 2 нәрсе ғана әкетеді: 1-сі осы дүниеде жасаған жақсы амалдары (діни парыздарын орындауы, адамдарға жасаған жақсылықтары, берген қайыр-садақасы), 2-сі жасаған күнәлары (діни парыздарын орындамау, шариғатқа қайшы келетін нәрселер жасау; зина жасау, арақ ішу, өтірік айту, ұрлық істеу, т.б).

Өлімге дайындық деген, о дүниеге қажетті жақсы сауапты істерді көбірек жасау, күнәдан аулақ болу. Әрдайым Алланы, ажалды есіңізге алыңыз. Мына фәниде мәңгі жасайтын ешкім жоқ. Ажал бәрімізге келеді және ол біздің жасаған жақсы-жаман істерімізді таразыға салады. Алланы алдау мүмкін емес. Сондықтан ақыл-есі түзу әрбір пенде міндетті түрде келмей қоймайтын ажалды әрдайым есіне алып, өлімнен кейінгі мәңгі өмірі үшін қажетті сауапты істерді жасауға ынталы болуы тиіс.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика