Өлім деген не?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ажалӨзекті жанға бір өлім деген сөз бар қазақта. Өлмейтін пенде жоқ. Біреуге ерте, біреуге кеш келетін ажал тірі жанның бәрін жалмайтын тойымды білмейтін тажал сияқты. Бес күндік ғұмырында тірі пенде ажалды еске алмай мәңгі жасардай сезініп, еш қаперсіз күн кешеді. Ал өткен әрбір күніміз ажал атты аяушылықты білмейтін қатыгез жендетті жақындата түспек. Өлімді ойламау, өлімнен құтқармайды. Сондықтан, өлім атты еш пенде қашып құтыла алмайтын және түптің түбінде келмей қоймайтын құбылыс туралы толымды біліміміз болғанда ғана ажал алдындағы қорқыныштан арылып, ажалдан кейінгі беймәлім әлемге дайындық жасай алмақпыз.

Өлім өмірдің мәңгі өшіп жоғалуы ма?

Кеңес заманында туып өскен атеистік тәлім-тәрбие алған бүгінгі аға ұрпақ өкілдерінің көбі өлім деген мәңгі ұйқы іспетті, тәннің өлуімен бірге өмір де мәңгі өшіп жоғалады деп түсінеді. Ал дәстүрлі діндерді ұстанатындар ажалдан кейін қабір өмірі басталып, онан әрі пенде қиямет сотына тартылады, күнәсінің аз-көптігіне қарай жұмаққа, болмаса тозаққа барады деп түйсінеді.

Бұл түсініктің екеуі де өлімнен кейін адамның тірі кезіндегідей ерікті бола алмасына негізделген. Мәселен, тірі адам ойына келгенді жасап, қайда тұрғысы, не істегісі келсе соны жасауына мүмкіндігі бар. Ал өлгеннен кейін ғылыми түсінікке сай біз санамызды жоғалтып, мәңгі ұйқыға кетсек, діни түсінік бойынша бар еркімізден айрылып, құдыретті күштің ықпалына түспекпіз.

Ғылыми түсінік адамды бес күнгі мына жалғанда ойына келгенді жасап, еш жауапкершілікті сезінбей нәпсінің құлы болуға итермелейді. Діни түсінік те ажалдан кейін не күтіп тұрғанын нақты болжамдауға мүмкіндік бермей, бәрі Жаратқанның еркінде дегізіп, екіұдай күйге түсірмек. Жалпы, өлімнен кейін не күтіп тұрғанын нақты біліп, соған орай белгілі әрекеттер жасау арқылы бақи дүниедегі жағдайымызды, нақты орнымызды табуға мүмкіндік бар ма? Яғни, осы өмірдегі жағдайымызды өзіміз анықтайтын сияқты, о дүниедегі ахуалымызды да өзіміз анықтай алатын мүмкіндік жоқ па?

Тірі өлік

2002 жылдың 10 қыркүйегінде Бурятияның бір топ буддашы діндарлары өткен ғасырдың басында қайтыс болған хамбо лама, яғни осы өңірдің буддашыларын басқарған Итигэловтың қабірін ашты. Биік жәшікке тікесінен молдасын құрғызып отырызып жерленген хамбо ламаның тәні қызығы сол, еш бұзылмапты.

Қабірді ашқанда діндарлармен бірге ғалымдар да болған. Бұл жай, тіпті бейнекамераға түсіріп алынған. 1927 жылы қайтыс болан хамбо ламаның тәні сол қалпы бұзылмай сақталған.
12-ші хамбо лама атанған Итигэлов 1852 жылы Бурятияның Улзы Добо елді мекенінде дүниеге келген. Кедей отбасынан шыққан ол бала кезінде жалданып, біреудің малын бағады. Бірде ол қожайынына өскен соң өзінің буддашыларды басқаратын хамбо лама болатынын айтады. Баланың мына сөзі мал иесінің күлкісін туғызыпты.

Мінажатханада білім алған Итигэлов алғырлығымен көзге түседі. Сөйтіп ол шынында да Бурятияның діндарларының көшбасшысы болады. 1917 жылғы большевиктердің төңкерісі елдегі жағдайды өзгертіп, діндарлар қуғын-сүргінге ұшырайды. Өзіне де көп ұзамай кезек келерін түсінген Итигэлов 1927 жылы жақын шәкірттерін жинап, өзінің мәңгілік мекенге кететінін айтады.

Дені сау, денсаулығы мығым 75 жастағы хамбо ламаның мына сөзі діндарларды қайран қалдырыпты. Содан ол ізбасарларымен қоштасып, лотос позасында, яғни молдасын құрып отырып, медитацияға беріледі. Ол осылай 7 күн отырады. Жетінші күні хамбо ламаның басы бір жағына қарай қисаяды. Міне, сол кезде шәкірттері ұстазының мәңгі мекенге жеткенін, нирвана күйге енгенін түсінеді.

Осыдан кейін ізбасарлары оның өсиетін орындап, тік ағаш жәшікке молдасын құрып отырған қалпында жерлейді. Ол кетерінде шәкірттеріне арада 30 жыл өткенде қабірін ашып қарауды тапсырады.

Шәкірттері ұстаздарының айтқанын орындап, 1957 жылы күзде қабірді ашады. Хамбо лама сол жерлеген кездегі бейнесінде молдасын құрып жәшікте отыр екен. Денесі еш бұзылмаған. Содан шәкірттері оның киімін ауыстырып, қайта жерлейді. Содан кейін 1973 жылы ашып көреді.
2002 жылы күзде Бурятияның буддашы діндарлары 1998 жылы табылған хамбо ламаның өсиет хатына сәйкес қабірін ашады. Оған ғалымдар және журналистер қатысып, көріп тұрады. Итигэловтың жерленгеніне 75 жыл өткеннен кейінгі денесі сол қалпында сақталғанын көріп, қатысушылар қайран қалады.

Бүгінде хамбо ламаның тәні Иволгин дацанында сақталуда. Ғалымдар оның шашын, тәнінің бір кесіндісін лабороторияда зерттеп, тірі адамнан еш айырмасы жоқтығын анықтаған. Сондай-ақ, Итигэловтың тәні жылы күндерде кәдімгідей терлейді екен.

Далай ламаның өтінішін орындап

Қытай басқыншыларының жаулап алуынан кейін туған елдерін тастап кетуге мәжбүр болған Тибет буддашыларының басшысы далай лама ескі діни ғұрыпты сақтап, жастарға жеткізуші бір ұстаздың бақи әлемге кеткелі жатқанын естіп, арнайы барады. Ол кезде алпыстан асқан әлгі буддашы монахтың денсаулығы жақсы, тәні қуатқа толы екен.

Далай лама оған жастарды діни дәстүрге үйретіп, тәрбиелеу үшін әлі де біраз жыл жүре тұруын өтінеді. Дін басшысының сөзін жерге тастамаған ол 100 жасқа дейін өмір сүретінін айтып, далай ламаның сөзіне келісім беріпті.

Буддашылардың түсінігі бойынша өмір дегеніміз өлімге дайындалу. Дүниені тәркі қылып, күндіз-түні медитациямен айналысатын діндар буддашы қай уақытта, тәнін қалай тастап кететінін өзі шешеді және қызығы сол келесі өмірінде қандай тәнге ие боларын да өз қалауымен жасайды екен. Бұл жәй ойдан шығарылған ертегі емес, мысал ретінде нақты дәлелденген шындық.

Буддашылардың арасында тәнін қалаған кезінде тастап кеткендер аз болмаған. Бір ұстаздың бақи дүниеге кеткенін естіп, оның досы қоштасуға келіпті. Ұстазды сынамақ болды ма, әлгі өліп жатқан досының мүрдесіне қарап: «сен ана дүниеге баратын жолды білесің, ал кері қайтатын жолды білесің бе?» депті. Сонда өліп жатқан ұстаз көзін ашып, «менің жайымды ойлап қам жемей-ақ қой, өз жайыңды ойла» деп қайтадан ана дүниеге аттанып кетіпті.

Иогамен айналысатындардың өз қалауымен тәнін тастап, келесі өмірін де анықтай алатыны туралы әңгімелер көп. Осыған қарап, өлім деген біз ойлағандай мүлдем беймәлім және қорқынышты құбылыс емес, оны біліп, түйсіну арқылы бақылауға, тіпті басқаруға да болатынын аңғарғандай боласыз. Әрине, бәрі Алланың қолында. Дегенмен, Алла адамдарға сана, ақыл беріп, білімді меңгеруге және сол білімді пайдалану арқылы бұл дүниедегі, оған қоса о дүниедегі жағдайын жақсартуға да мүмкіндік берген жоқ па?…

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика