Өмірмен біте қайнасқан йаджна

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бһагавад Гитада айтылған йаджнаға қатысты өлеңді еске түсіріп көрелік: «Барша тірі жанды Жаратушы Ие жаратылыс таңында құрбан шалумен бірге адамдар мен періштелерді жаратып, оларға «Осы йаджнаны (құрбанды) шала отырып бақытқа кенеліңдер, өйткені ол сендердің мұқтажсыз күн көріп, ақыр соңында азат болуларың үшін қажет нәрсенің бәрімен қамтамасыз етеді» деп бата берген».

Жаратылыс таңында, яғни барша тіршілікті жарата бастаған кезеңде Жаратқан тіршілік иелерімен бірге йаджнаны – құрбандықты қоса жаратқан екен. Не үшін бұлай жасалған? Оның астарында барша тіршілік иелері, мейлі ол адам, періште, тіпті жан-жануарлар болсын, йаджна – құрбандықсыз өмір сүре алмайтынын білдіретінін бағамдауға болады. Яғни, құрбандық тіршілік иелерінің өмірімен біте қайнасып кеткен секілді. Құрбандықты сіз қалайсыз ба, қаламайсыз ба, оған сенесіз бе, жоқ па, мойындайсыз ба, болмаса мойындамайсыз ба – соның бәріне қарамастан, йаджна өміріміздің басынан соңына дейін көлеңке сияқты үнемі еріп жүреді.

Мәселен, жан-жануарларға қараңызшы. Бір аңды немесе құс, құрт-құмырсқаны екінші аң-құсқа жем болу, яғни құрбан болуы үшін жаратқан. Аспанда ұшқан торғай нәпақасын тауып жеп, ұрпақ өрбітеді, бірақ күндердің күнінде ажалы жеткенде басқа бір ірі құстың немесе жыланның жемтігіне айналады. Яғни, тәнін құрбандыққа шалады. Ал үй жануарлары қаласа да, қаламаса да қожайынына сүтін, жүнін, ақырсында өмірін қиып, етін береді. Оның төлінің бәрі қожайынның меншігі болып саналады. Үй жануарлары түгел қожайын-адамның меншігі, соның игілігі үшін бар күш-қуаты мен өмірін құрбан етеді, есесіне соның ақысына қожайын жануардың тұратын жылы қорасын салып, жем-шөппен қамтамасыз етеді. Яғни, жануар қожайын берген игіліктер үшін оның ақысы түрінде сүтін, жүнін, етін береді, ал жылқы, есек сияқты жануарлар қожайынның өзін, болмаса арбаға жегіліп түрлі заттарын тасымалдайды, яғни күш-қуатын құрбан етеді.

Йаджнаның адам өміріне қатысты жағына тереңірек тоқтала кетейік. Кеңес заманында адамдардың 99 пайызы дінсіз, атеис болды. Олар ешқашан йаджна – құрбандық дегенді білмеді, сондықтан оған мүлдем көңіл бөлмеді. Бірақ солай екен деп, йаджна кеңес адамдарын айналып өткен жоқ. Дінсіз, атеистер де өле өлгенше йаджнаның ықпалында болады.

Алдымен бала жалпы білім беретін мектепке барады. Қаласа да, қаламаса да он жыл партада отырып, мұғалімнен білім алуға тиіс болады. Ол үшін көп уақытын, күш-қуатын, ақыл-ой қуатын жұмсайды. Міне, бұл – йаджна. Әскер қатарында болып, Отан алдындағы борышын өтеу, жоғары оқу орынына түсіп, бес жыл білім алу, содан кейін еңбекке араласып, жұмыс істеу – бәрі де уақытты, күш-қуатты, көңілі қалаған істерден аулақ болуға мәжбүрлеуді қажет етеді. Жоғары оқу орынында оқитын студент көңілі қаламаса да, таңертең ертерек тұрып, университетке баруға, оқытушының лекциясын тыңдап, конспект жазуға, содан соң уақыты келгенде емтихан тапсыруға мәжбүр. Жұмыс істейтін адам да ерте тұрып, жұмысына баруға, көңілі қаламаса да, еңбек етуге тиіс болады. Оларды бұндай жаны қаламайтын істерге мәжбүрлеу, соны жасату – бәрі йаджнаның негізінде жүзеге асады. Өйткені, мына фәниде бәрі де сатылады, яғни бір игілікті пайдаланғыңыз келді екен, белгіленген мөлшерде ақысын төлеуіңіз қажет болады. Ал ол ақы уақыт, күш-қуат, қарым-қабілет, көңіліңіз қалаған істерден амалсыз бас тарту сияқты құрбандықтар түрінде төленуі мүмкін.

Адамдардың басым көпшілігі үйленіп, отбасы құрады. Не үшін отбасы құрады, деген мәселеге келетін болсақ, бұның астарында ұрпақ өрбітейін, адамзаттың болашағын ұстайтын жас буынды тәрбиелейін деген үлкен идеал жатпағаны жұрттың бәріне белгілі жай. Үйленуге мәжбүрлейтін жалғыз күш – ер мен әйел болып екі жынысқа бөлінген адамзаттың бір-біріне деген табиғи құштарлығы екені айдан анық. Кәмелеттік жасқа толып, жыныстық жағынан толысқан қыз бен жігіт бірінсіз бірі тұра алмайтындай күйге жетеді. Бұның өзі ер мен әйелдің неке арқылы бас қосып, отбасы құруына әкеледі. Ал отбасылық өмір бастан аяқ йаджнаны қажет етеді.

Отбасылық өмірде ерлі-зайыпты бір-бірімен қалағанынша жыныс жақындығына бара алады. Оның үстіне әйелі ерінің тамағын істеп беріп, киім-кешегін жуып, үй тіршілігін жасаса, күйеуі ақша тауып, оны асырауға тиіс болады. Оған қоса, әйел бала тауып, ұрпақ жалғастыруға мүмкіндік береді. Ерлі-зайыптылар осы бір-бірінен алған игіліктері үшін йаджна түрінде оның ақысын төлеуі тиіс болады. Ол қандай ақы? Ең алдымен, ерлі-зайыпты өзгелерге көз салмай, бір-біріне адал болуы тиіс. Мысалы, күйеуінің жұмыстан негізсіз кешігіп келуі, өзге әйелмен байланысуы – ерлі-зайыптылардың арасына сызат түсіреді. Бұл дәстүрлі діндерде де, зайырлы мемлекеттің заңдарында да айыпталатын әрекет болып табылады. Яғни, отбасы құрдың ба, онда жұбайыңа әрдайым адал болып, отбасылық міндетіңді дұрыс орындауға тиіссің. Ал оны сәл-пәл бұзу, үлкен реніш, ұрыс-керіс туғызады.

Сол сияқты бүгінде кең таралып кеткен бақуатты болу үшін бизнеспен айналысқыңыз келсе, онда сол қызметке бар күш-қуатың мен уақытыңды, қарым-қабілетіңді түгел жұмсауға тиіс боласың. Жәй ғана саусақтың ұшын қимылдатып қойып, көңілің қалаған істермен айналыса жүріп бизнес жасау мүмкін емес. Кәсіпкерлікте табысқа жету үшін оған толайым беріліп, бар күш-жігеріңді аямау жұмсауға тиіссің, тек сонда ғана табысқа жетуге болады.

Ал биік мансапқа жетіп немесе атақ-даңқымды шығарамын дейтін болсаңыз, онда да көп жұмыс істеп, уақытыңыз бен күш-қуатыңызды, қарым-қабілетіңізді сарқа жұмсауыңыз керек. Осылардың бәрінен бағамдайтынымыз: сіз мына фәниде қандай игілікке жетіп, соның рахатын көремін десеңіз де, белгілі мөлшерде йаджна – құрбандыққа баруыңыз қажет. Онсыз фәни дүниенің ешқандай игілігі сізге бұйырмақ емес. Адам түгілі, жан-жануарлар, аң-құстар мен құрт-құмырсқа, балық сияқты тіршілік иелері – түгелдей осы Жаратқан әу баста белгілеп берген йаджна – құрбандық шарттарына мәжбүрлі түрде өмір бойы мойынсұнып өтеді.

Қазақта «түйеге жапырақ керек болса, мойнын созады» деген нақыл сөз бар. Яғни, тамағыңызды тойдырғыңыз келе ме, болмаса нәпсіңізді қанағаттандыруды ойлайсыз ба немесе басқа да игілікке қол жеткізіп, соның қызығын көргіңіз келе ме – бәрі үшін тиісті мөлшерде ақысын төлеуіңіз қажет. Осы орайда, материалистік ілімнің негізін салушылардың бірі Карл Маркстің айтқан «өмір дегеніміз мәңгілік қозғалыс» деген сөзінің ақиқаттығын түйсінгендей боласың. Жан-жануарлар, аң-құстар – бәрі де аштан өлмей, азық тауып жеу үшін таң бозынан қас қарайғанша тынбай әрекет етеді, адам да сол сияқты өзінің пайдаланған игіліктері үшін тынбай еңбек етуге мәжбүр. Яғни, барша әлемді қозғалысқа түсіріп, еріксіз әрекетке жегіп қойған құдірет – Йаджна деп аталатын Алланың ереже-шарты болса керек.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика