Құрбан айты күндеріндегі қайрымдылық шаралары

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкілі, Науан хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит мұсылмандар үшін қасиетті мереке – Құрбан айты қарсаңында жергілікті ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, баспасөз мәслихатын өткізді.

Бас имам алдымен бұл ұлық мерекенің тағылымы мен тарихы жайында айтып, мерекенің басты рәсімі – құрбан шалудың ереже-шарттары жайында әңгімеледі. Облыс орталығының тұрғындары үшін «Бижан» және «Әз» мал базарлары мал сою қызметін көрсетуді ұсынып отыр. Биыл Құрбан айт мерекесі тамыздың 21-нен басталып үш күнге созылмақшы. 20 тымыз Арафа күні. Бұл күні иісі мұсылман қауым күнұзақ тағат ибадат жасап, Алланы естеріне алулары қажет. Тағы бір айта кетерлік жай, Степногорск қаласы мен Ақсу кентінен 15 адам алтын кен орындары кәсіпорындарының қолдауымен қажылыққа тегін жолдама алыпты.

-21 тамыз күні таңертең Құрбан айты намазының алдында жамағаттың қаражатына сатып алынған пәтердің кілтін тапсыру рәсімі өтеді, -дейді бас имам. Еске сала кетейік, биылғы жаңа жылдан бастап мешіт жанынан қайрымдылық қоры ашылып, Рамазан айының соңында жамағаттан жиналған қаржыға алғаш сатып алынған пәтер көп балалы отбасыға берілген болатын. Міне, сол жақсы бастама жалғасын тауып, енді Құрбан айты қарсаңында тағы бір отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелгелі тұр.

Үш күнге созылатын Құрбан айт мейрамы күндерінде мешіттің ұйымдастыруымен түрлі көпшілік-спорт шараларын өткізу  жоспарланыпты. Алғашқы күні еліміз бойынша қолға алынған «Мектепке жол» шарасы аясында «Мектеп сөмкесі» акциясы ұйымдастырылмақшы. Бұл күні «Уақып»  қоры есебінен 250-дей тұрмыстары төмен отбасыларының балаларына оқу құралдарымен сөмке тарту етіледі.

Баспасөз мәслихатының соңында бас имам журналистер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді.

Қалкөз ЖҮСІП.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика