Құрбан шалу қажет пе?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Үш күнге созылған құрбан айты мейрамы да өтті. Әлеуметтік желілерде далаға тастап кеткен құрбан шалған малдың ішек-қарны мен терісінің үйіліп жатқан суреттері берілді. Шашылып жатқан ішек-қарын мен мал терісі айналаның сәнін кетіргені өз алдына, ертең шіріп, исі шығатыны, түрлі ауру тарату қаупін туғызатыны тағы бар. Жалпы, осындай келеңсіздік жыл сайын құрбан айты кезінде айна қатесіз қайталанып жатады. Жұрт реніш білдіріп айтып, жазады, бірақ оған селт ететін пенде жоқ.

Құрбанды адамдар не үшін шалады?

Енді шындыққа тура қарап, мына сұраққа бүкпесіз жауап беріп көрейікші. «Құрбанды сіз не үшін шалдыңыз? Алланың разылығы үшін бе, әлде құрбан шалу арқылы Жаратқаннан пендешілік тілектеріңізді орындауды тілеу үшін бе, болмаса өзгелерге өзіңіздің қаншалықты діндар екендігіңізді көрсетіп, мақтану үшін бе? Ақиқаты мынау: адамдардың 99,9 пайызы құрбанды Жаратқаннан пендешілік тілектерін тілеу үшін және мақтаншылық үшін шалады. Алланы разы ету үшін шалатын бірлі-жарым тақуа адамдар бар шығар, оны теріске шығаруға болмас, дегенмен ондайлар өте аз.

Қазір құрбан шалу да намаз оқу, ораза ұстау, мешітке бару сияқты МОДАҒА АЙНАЛДЫ. Жұрттан қалмайын деп өзінше тақуа көрініп, намаз оқитын, қажыға баратын жандар көбейді. Енді мына ақиқатқа назар аударыңыз: дәстүрлі діндердің бәрінің жалғыз ғана мәні мен миссиясы – адамдардың жүрегін тазартып, бойындағы Аллаға деген сенімі мен үмітін арттыру, жүректеріндегі имани жақсы қасиеттерді көбейту. Сабынмен, жылы сумен тәніңізді жусаңыз қаласаңыз да, қаламасаңыз да ол тәніңіздегі кірді кетіріп, тазартады. Сол сияқты мұсылмандық парыздарды орындау адамның жүрегін тазартып, бойындағы имани қасиеттерін арттырады. Ал енді намаз оқып, ораза ұстайтын, қажыға барған, жыл сайын құрбан шалатын адамның бойында қандай имани қасиетінің көбейгенін көрдіңіз, Аллаға деген сенімінің қаншалықты артқанын, жүрегінің қаншалықты тазарғанын байқадыңыз?

Егер де мұсылманның бес парызының бірі саналатын садақа беру, құрбан шалуды орындаған пенденің бойында имани жақсы қасииеті көбейіп жатса, онда құрбанға шалған малдың ішек-қарны мен терісін, басын далаға қоқыс сияқты үйіп тастап кетпес еді  ғой. Бұндай әрекет, тіпті қарапайым адами этикаға жат, дөрекілік саналады және заң бұзушылық болып табылады. Құрбан шалып, мұсылмандық парызын орындаған адамның осындай дөрекі, заңсыз және тағылық әрекетке баруы оның бойында титімдей де ИМАНИ ҚАСИЕТТІҢ жоқтығын айғақтайды.

Құрбан шалу Алланың ашуын туғызады

Алланың бір сипаты, яғни есімі ХАЛЫҚ дейді. Алла әрбір пенденің жүрегінде, қасиетті Құранда Алланың адамға күре тамырынан да жақындығы туралы аят бар. Егер Жаратқан әрбір пенденің жүрегінде болса, сол пенделерден құралған ХАЛЫҚ Алланың бір сипаты екендігі дау туғызбас шындық. Ал  қарапайым халық құрбан шалуға қалай қарайды?

Жоғарыда айтқанымыздай, табиғатты ластаған құрбаншылардың әрекетін сынап, мінейтін пікірлердің көптігі олардың бұл әрекеті жұртшылыққа оншалықты ұнай қоймайтынын айғақтаса керек. Өзге діннің өкілдерін былай қойғанда, мұсылманбыз деп жүргендердің арасында құрбан шалуды айыптайтындар аз емес. Құрбан шалудың астарындағы ең басты қағида – бай-бақуатты адамдардың кедей-кепшікке көмектесуі емес пе. Ендеше бұл көмек тек құрбан малының еті арқылы ғана жасалуы тиіс пе?

Менің бір танысымның көршісі қоларбаға таңылған мүгедек. Діні христиан болса да соған мұсылмандар құрбан айты кезінде үйіп-төгіп ет әкеп береді екен. Астамсыған әлгі әйел тоңазтқышым етке толды, енді алмаймын деп кергитін көрінеді. Міне, осындай жағдайда мұндай «қайрымдылыққа» Алла разы болады деп кім айтты?

Қасиетті Құранда «Алла ысырапшылдықты ұнатпайды» деген аят бар. Ал малдың қанын суша ағызып, жүздеп, мыңдап мал сойып жасалған құрбан ЫСЫРАПШЫЛДЫҚТЫҢ көкесі емес пе. Осындай ысырапшылдықты Алла ұнатады деп кім айтты?

Мына ақиқатқа ақыл көзімен назар салыңыз: әлемде қатып қалған еш өзгермейтін не нәрсе бар? Ештеңе де. Діннің өзі өзгереді. Ислам дінінің пайда болғанына 1,5 мың жыл ғана өткен екен. Енді 10, 20, 100 мың жылдан кейін де ислам діні дәл қазіргідей өзгеріссіз сақталады деп бір мұсылман баласы қолын Құранға қойып ант іше ала ма? Айналдырған 1,5 мың жылдың ішінде сонша бұрмаланған Құранның енді 100 мың жылда несі қалады? Ақылға салып ойлап көріңізші. Ендеше, құрбан шалу деген де қатып қалған мәңгілік парыз емес. Заман ағымына, уақыт талабына сай ол да өзгеруі тиіс. Біз қаласақ та, қаламасақ та солай болады. Оның залалын көрген адамдар уақыты келгенде одан өздері-ақ  бас тартады.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика