Үнемі ақша туралы ойлау денсаулыққа қауіпті

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Жасытарыны жоқ, адамдардың көбі ақша туралы көп ойлайды. Шіркін менде сонша ақша болса, мынау ісім оңғарылып, сонша ақша тапсам деген сияқты арман, жоспар түріндегі ойлар үнемі санамызға маза таптырмайтыны рас. Ақша туралы ойлаудың қаншалықты залалы бар? Шындығында оның денсаулығымызға айтарлықтай залалы болады екен.

Ақшаның арбауында.

Адамдардың көбі еңбек ете жүріп, өз еңбегінің нәтижесі өзгелерге қаншалықты игілік әкелетінін емес, сол жұмысына қанша ақша алатындығы туралы ойлайды. Неғұрлым көбірек алсам, соғұрлым жақсы болар еді деп армандаудың астарында өзімшілдік пиғылдың жататыны анық.
Ақшам көп болса, көбірек рахатқа батып, бақытты тірлік кешер едім деп ойлайтындар бар.

Шыныдғында бақыт ақшаның көп-аздығына байланысты емес. «Қайғысыз қара суға да семіреді» дейді халық нақылы. Керісінше, ақшаның көптігі адамдарға көптеген ауыртпалықтар мен бақытсыздықтар әкеліп жатады. Ол аз десеңіз, үнемі ақша туралы ойлау адамның денсаулығына да қауіпті дейді аюрвед дәрігер Олег Торсунов.

Ақша ашкөздікке ұрындырады.

Ақша – бұл өзіне қажеттіліктен артық игіліктер алуға деген құлшынысты туғызатын қуат. Яғни, мұның астарында ашкөздік, сараңдық деген жаман қасиеттер тұрғаны белгілі. Қазақ «кедей байға, бай құдайға жетсем дейді» деп текке айтпаған. Ақшасы көбейген сайын адамның мінезі тарылып, сараңдана бастайды және байлығымнан айрылып қаламын ба деген қорқыныш құрсауына түседі.

Сіз аса бай адамдардың тірлігіне назар аударып қараңызшы. Олар үйлерінің сыртын биік қоршаумен қоршап, күзетші немесе оққағар ұстайды. Кедей-кепшікпен араласпайтын байлар тек өздері сияқты байлармен ғана қарым-қатынас жасайды. Яғни, адамдардан оқшауланады.
Үнемі байлығымды қалай сақтаймын деп ойлап жүретіндіктен, сол байлығының қызығын да дұрыс көре алмайды. Бұл сырт көзге көрініп тұрған ақшаның адамға тигізер кері әсерлері. Ал, тікелей денсаулыққа қалай әсер етеді?

Адам өзінің қаржы жағдайын қалай жақсартамын деп үнемі ойлап жүрушілік ашаөздікті тудырады. Мұндай жағдайда жүйке жүйесі үнемі қозу жағдайында болады. Одан әрі адамды мазасыздық билеп, жүйкесіне салмақ мөлшерден тыс көп түседі. Мұның өзі адамның бойында түрлі ішімдік арқылы босаңсуға, яғни көңіл көтеруге деген ынтаны арттырады.

Бай-бизнесмендердің араққа салынатын жайлары жиі кезедсіп жататыны да осыдан болса керек. Арақ-шарап уақытша көңілді көтеріп, жүйкеге түскен салмақты азайтқандай болғанымен, түптің түбінде оның еш көмегі болмайды.

Ақшаға құмарлық денсаулыққа қандай залал тигізеді?

Олег Торсуновтың айтуынша, онан әрі ақшаға деген шектен тыс құмарлық ауруы адамның жүйкесіне түскен салмақтың салдарынан нәзік тәнін әлсіздендіріп, содан адамда қатты қарын ашушылық болады дейді. Тамақты шектен тыс көп жеу асқазанға салмақ түсіріп, артық салмақ қосуға итермелейді.

Егер ақшаға деген ашкөздік онан әрі жалғаса берсе, жүйкеге түскен салмақтан омыртқа, буын, ас қорыту жүйесі аурулары пайда болып, оған қоса иммундық қуат азаймақ және түрлі тұмау сияқты аурулар етек алмақ.

Көріп отырғанымыздай, ақшаға шектен тыс құштарлық адамның денсаулығына айтарлықтай залалын тигізеді екен. Әрине, ақша адамға тек жамандық әкеледі деп біржақты пікір айту жөн емес. Егер оны дұрыс пайдаланып, қарақан басың үшін емес, өзгелердің игілігі үшін жұмсайтын болсаң, ол үлкен сауап әкеліп, екі дүниенің де игілігіне кенелдірмек. Ең бастысы, ақшаны сіз қалай пайдаланасыз – бәрі соған байланысты болмақ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика