Өткенді ойлаған адам өшеді, болашақты ойлаған адам өседі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Жасы жерортадан ауған адамдардың басым көпшілігі өткен шақтарын көп ойлап, сол кездер қайта айналып келсе деген арман-қиялмен өмір кешеді.  Әдетте ондай адамдар өмірде биік нәтижелерге қол жеткізбеген, яғни жолы болмаған жандар болып келеді.  Олар үшін бар жақсылық, бақыт – өткен өмірінде қалып қойған. Бұндай көзқарасты ұстанған жанды  өз болашағына өзі балта шапқан адам деп айтсақ, шындықтан алыс кетпейміз.

Өткенді аңсау құрдымға құлатады

Әлсіз адамдар әдетте «баяғыда өйткен едім, бүйткен едім» деп өткен өмірінде қол жеткен жетістіктерін үнемі тамсанып  еске алып отырады. Ондай пенденің қазір айналасынадғы жұртқа көрсететін жақсы істері мен жетістіктері, қабылет-дарыны жоқ. Сондықтан, өзін жұрттан төмен түсірмей, өзгелерге көрсету үшін жасайтын жалғыз айласы – өткен өмірінде қол жеткен жетістіктерін еске алу болып қалады.

Егер сіз осындай адамдар тобына жататын болсаңыз, онда болашағыңызды өз қолыңызбен жойып жатқан болып шығасыз. Оның мәнін ұғыну үшін мынадай мысалға назар аударайық. Екі көрші болды. Олардың есік алдында бақшасы бар еді. Жалқау көрші жерін өңдемеді, ешнәрсе екпеді, жанын бағып ұйқымен уақыт өткізді. Ал екінші көрші бақшасына картоп, көкөніс егіп, ала жаздай суарып, арам шөбін жұлып күтті. Күзде жалқау көрші бақшасынан қаулаған арамшөптен басқа ештеңе таппады, ал еңбекқор көрші қап-қап  картоп қазып алып, көкөніс жинады. Бұны кездейсоқтық, басқа бақыттың қонуы деп айтуға болмайды, бұл таза еңбекпен келген нәтиже.

Сол сияқты, болашағы үшін еш әрекет етпей, өткен өмірін ғана еске алумен күн кешетін адам  болашақта қандай игілік табуы мүмкін? Оның басына кездейсоқ бақ құсы өзі келіп қона кете ме? Жоқ, әрине. Нәтижеге жету үшін болашаққа жоспар жасап,  алдыңа нақты мақсат қойып және сол мақсатқа жететін нақты істерді жүзеге асыру  қажет. Сонда нақты нәтиже болады. Бұндай нәтиже кездейсоқтықпен  өздігінен келе салмайды.

Өткенін аңсап, болашаққа құлшынып әрекет етпейтін пенденің болашағы жарқын болмайтыны дау туғызбас шындық. Ертеңгі болашағын ойлаудың орнына өткен өмірін еске алумен күн кешетін адам құрдымға құлап бара жатқан адам.  

Болашақты болжау – биіктерге жол ашады

Енді бес-он жылдан кейін қазір өзіміз өмір кешіп жатқан қоғам қанадй өзгерістерге ұшырауы мүмкін? Сіз осы жайға ой жүгіртіп көрдіңіз бе? Егер олай жасамаған болсаңыз, әлі де кеш емес, он жылдан кейін қоғам қалай өзгеруі мүмкін деген сауалды өзіңізге қойып, соған ой жүгіртіп байқап көріңіз.

Осыдан он жыл бұрын, яғни, 2013 жылдың ақпа айында өзіміз өмір кешіп жатқан қоғам қандай еді? Есіңізге алып қараңызшы. Сол тұста смартфон дегендер енді ғана шығып жатқан. Ол телефондардың қуаттылығы онша жоғары емес еді. Адамдардың көбі қазіргідей интернет пен әлеуметтік желілерді онша көп пайдалана қоймайтын. Он жылдың ішінде қоғам қаншалықты өзгерді? Ақыл таразысына салып байқап қараңыз. Сонда алдағы онжылдықта қоғамымыз қандай өзгерістерге ұшырауы мүмкін екендігін толық болмаса да біршама бағамдап біле аласыз.

Өткен он жылдың ішінде смартфондардың жетілуі арқасында интернет қолжетімді болып, қазір адамдар интернетсіз өмірді көз алдына елестете алмайтын болды. Бүгінде адамдарыдң басым көпшілігі дүкендерден түрлі тауар алудан бастап, түрлі қызметтерге дейін ақшаны телефон арқылы төлейді. Бұл қолайлы және қауіпсіз. Қалтаңызға ақша салып жүрмейсіз. Он жыл бұрын осындай өзгерісті көз алдымызға да елестете алмас едік.

Енді он жылдан кейін не болады? Ендігі өзгеріс ақшаға байланысты болуы мүмкін. Қолма қол ақша азайып, орнын цифрлы электронды ақша басады. Оны енді құрылғыға саусағыңызды қою арқылы ғана төлей аласыз. Жасанды интеллектілердің жетілгені соншалықты олар көп салалардан адамдарды ығыстырып шығарады. Бұның өзі жұмыссыздық қаупін күшейте түсері анық. Ендігі уақытта бухгалтер, заңгер, даяшы, таксист, құрылысшы мамандықтары ақырындап жойылып, оларыдң орнын жасанды интеллект ауыстыра бастайды.

Бұдан не түйіндеуге болады? Алдағы онжылдықта қазіргі қолданыстағы біраз мамандықтар қажетсіз болып қалуы мүмкін. Осыған орай, заман ағымына сай жаңа мамандықтар алып алған жөн болады. Бұл әсіресе, ақпараттық технология саласына қатысты мамандықтар.  Блогер, маркетолог, дизайнер, смм менеджер сияқты мамандықтарға деген сұраныс арта түсері анық.  Жалпы, болашаққа ой жүгіртіп, заман ағымын ақылмен аңдап, соған бейімделе білген адам ұтады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика