Ағылшын тілін үйренгіңіз келсе

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

табандылык«Бір тілді үйренген адамның алдынан бір әлем ашылады» деген сөзі бар екен бір ғұламаның. Әрбір ұлт өз алдына бір әлем десек, сол ұлттың тілін меңгеру арқылы олардың әлеміне енуге мүмкіндік аласыз. Қазақстанда тұратын қазақтардың тоқсан пайыздан астамы қазақ және орыс тілдерін біледі. Ал, орыс ұлтының өкілдері керісінше, жалғыз орыс тілімен ғана шектелген. Осы арада мынадай сұрақ туады: екі тіл білетін адам мен бір тіл білетін адамның айырмасы бар ма?

Үш тұғырлы тіл саясаты

Иә, біздің Елбасымыздың ұстанып отырған үш тұғырлы тіл саясаты, яғни әр қазақстандық жас буын өкілдері қазақ, орыс және ағылшын тілін меңгеруі қажет деген ұстанымның дұрыстығын бүгінгі өмір анық көрсетіп отыр.

Қытайға барып келген бір танысым ондағы қытайлықтар саған алдымен қытайша сауал қояды, ал білмесең ағылшыншаға көшеді, оны да білмесең, мылқау адам сияқтанып шет қаласың дегенді айтты. Шетелге барғанда ең қажетті тіл – ағылшын тілі. Қазір әлем елдерінің 70 пайыздайы осы тілде сөйлейді екен. Оған қоса, ағылшын тілі – интернет тілі.

Ағылшын тілін білу тек шет елге барғанда ғана қажет емес, осы өз елімізде де ағылшын тіліне деген мұқтаждық жиі алдымыздан шығып жатады. Мәселен, таяуда Көкшетауда шығатын жергілікті жарнамалық газеттен қазақша, орысша және ағылшынша тіл білетін адамды жұмысқа шақырған жарнаманы оқыдым. Айлық жалақысы 300 мың теңге екен. Үш тіл білген адамға мұндай жоғары жалақысы бар жұмыс табу оншалықты қиын болмайды.

Тіл үйренудің кештігі жоқ

Өткен жазда облыс әкімі қатысқан білім қызметкерлерінің алқалы жиыны өтті. Сонда бір орта жастағы қазақ әйелі бірнеше айдың ішінде ағылшын тілін біршама сөйлеуді үйреніп алғандығын мінберге шығып айтты. Таяу жылдарда жаратылыс тану пәндері ағылшын тілінде өткізіле бастайтын болады. Егер қызметіңді сақтап қалғың келсе, онда мамандығыңмен қоса ағылшын тілін де үйренуге тура келмек. Осыған орай, жаратылыс тану пәндерінің мұғалімдері жатпай-тұрмай ағылшын тілін үйренуде.

Мен қазақша оқыдым, бірақ өмір талабы солай болғандықтан, амалсыз орыс тілін үйренуге тура келді. Енді міне, ағылшын тілін үйреніп жатқан жайым бар. Ағылшынша судай білетін болдым деп айта алмаймын, десе де аздап нан сұрап жерліктей деңгейде меңгеріп қалдым. Осылай үйрене берсем, ағылшын тіліндегі мәтіндерді оқитын дәрежеге де жететін түрім бар.

Ағылшын тілін үйренбек болып, Көкшетаудағы бір тіл үйрететін орталыққа барған едім. Ондағылар аты-жөнімді, телефонымды жазып алып, кейін хабарласамыз деп қалған, бірақ хабарласпады. Соған қарағанда, клиент жетерлік сияқты. Сағаты 1,5 мың теңге болса да, тәуекел деп үйренуге құлық танытқанмын, бірақ оным болмады.

Содан, қашықтан оқытатын курс сатып алдым.  Ағылшын тілін жеделдете оқытатын аудиокурс. Орысша-ағылшынша. 3 бөлімнен тұрады, әр бөлімде 30 сабақ, әр сабақ 30 минуттан. Оқу қайталану арқылы жүргізіледі және күнделікті қолданылатын сөөздерді үйретеді. Жалпы ауқымы 45 сағаттық курсты зейін қоя оқысаңыз, ағылшынша таза сөйлейтін дәрежеге жетуге болады.

Ағылшын тілін үйрететін курс туралы толымды ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика