Ақсақалдар азайып бара жатыр…

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

даналықПайғамбар жасынан асқан бір кісімен аздап сөзге келіп қалдым. Қызбаланып, дау десе семсерін жалақтатып шаба жөнелуге әзір тұратын жауынгердей қайтпас қайсар бейнесін көргенде райымнан қайтып, «жә, сіздікі дұрыс» деп қоя салдым. Өзінің пікірінің дұрыстығын дәлелдемек болып біраз сөйлеген ол содан кейін жұмысының ауырлығын, жүйкесін жұқартар жайлардың көптігін айтып, шағынды. Зейнет демалысына әлдеқашан шыққан оған жұмыс істе деп мәжбүрлеп жатқан ешкім жоқ. Ендеше жүйкесін жұқартып, көрінгенмен бақ-шақ десіп жүрудің қандай жөні бар?

Зейнетақысын беріп, жезөкшеге барады

Өкінішке орай, ажалды ойламайтын пенделер қашан кәрілік жеңіп, жүре алмайтын халге жеткенше жұмыс істейді немесе нәпсінің құлы болып, арақ-шарап ішіп, тіпті зина жасап жатады. Ондайлардың ажалды, өлімнен кейінгі жайды ойламайтыны қайран қалдырады. Кеңес заманында бір жетідей ет комбинатында іссапарда болып, жұмыс істегенім бар. Союға алып бара жатқан кезде шошқалар жанұшыра шыңғыратын, сиырлар өкіріп азан-қазан болатын, қасиетті жануар – жылқылардың үнсіз жанарларынан жас ағып жылап тұрғандарын көрдім. Ал қойлар ғана еш қаперсіз әлденеден құр қалатындай соятын жерге қарай топырласа таласа ұмтылатын.

Бүгінде адамдардың көбі сол қойлар сияқты, күнде көріп, тоқайласып жататын ажалдан мүлдем қаперсіз. Маңдайлары сәждеге тимеген, пайғамбар жасынан асқан қариялар көп. 31 телеарнадан жетпістен асқан қарияның зейнетақысын беріп, жезөкше қыздармен қыдыратындығы туралы хабар көрсетілді. Немерелерінің өзі біразға келіп қалған әлгі қарт жезөкше қыздармен қыдыратындығын кәдімгідей мақтанышпен баяндайды.

Даналықтың негізі — имандылық

Қарт адамды айналасына сүйкімді ететін жалғыз қасиет – даналық. Даналығы болмаған қария маймыл сияқты кім көрінгенге мазақ болмақ. Жастармен жағаласып, ауыздарына келгенін айтып жүретін шал-кемпірлер көп. Жастарына жараспайтын сондай қылықтарын көрген жастар ондайларды адам екен-ау деп сыйламайды. Ал даналық имандылық арқылы ғана келеді. Тек дін жолымен жүретін иманды адам ғана нәпсісін тиып, ақыл-сезімін ауыздықтай алады. Ақылын бақылауда ұстайтын адам әрдайым сабырлы, байыпты болмақ. Байыпты адамнан даналық шығатыны даусыз.

Көкше өңірінің абыз қариясы атанған бұрынғы партия қызметкері Баян Жанғаловты бір-ақ рет көрдім. Ақ сақалы күнмен шағылысқан, жүзінде иманы ұйып тұрған ақсақал әр сөзін ойланып, жұғымды сөйлейді екен. Бес уақыт намазын қаза жібермей, оразасын ұстайтын, имандылықты жүрегіне терең сіңірген ақсақалды ел-жұрт түгел аса қатты қадір тұтып, сыйлайтын.

Өкінішке орай, 70-80-ге келсе де жылмитып сақал-мұртын күзеп тастаған, екі ауыз мәнді сөз айта алмайтын «қариялар» көп. «Алдыңғы арба қай жолмен жүрсе, соңы арба сол жолмен жүреді» деген халық нақылын еске алып, бүгінгі жстардың арасында кездесетін келеңсіздіктердің көбейіп кетуі сол алдыңғы соқпақпен жүріп бара жатқан аға ұрпақтың соңынан ергендерге дұрыс өнеге көрсете алмауынан болар деген ойға қаласың…

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика