Ақшаға бәрін сатып алуға бола ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ақшаға бәрін сатып алуға бола ма? Қазіргі нарық билеген заманда ақшаға бәрін де сатып алуға болады деген түсінік белең алды. Былай қарағанда, шынында да ақшаға көп нәрсені сатып алуға болады. Мысалы, көп ақшаңыз болса, қалаған жеріңізде, қалаған еліңізде, өзіңізге ұнгаған сәулетті де, жайлы үйде тұруыңызға, көңіліңіз қалаған іспен айналысуыңызға болады. Одан қалды, әлемдегі ең көрікті жерлерге саяхат жасап, жайлы демалыс орындарында демалуыңызға, өзіңізге ұнаған затты сатып алуыңызға мүмкіндік бар. Дегенмен де, ақшаға сатып алуға болмайтын нәрселер де бар…

Үнді миллиардерінің өлімі

Короновирус деген дерт әлемге таралғалы бері де бір жылдан астаму ақыт өтті. Жылдам таралатын және өте жұққыш дерт байсың ба, кедейсің бе, жассың ба, кәрісің бе – оған қарамайды. Индияда тұратын бір қалталы бай миллиардер қатерлі дерт тараған кезде өзін жарнамалағысы келді ме, әлде ақыл-ойының жеткен жері сол болды ма, таза алтыннан тұмылдырық (маска) жасатады. Алтыннан жасалған тұмылдырықтың арнайы демалатын орны бар. Оған шамамен 50  грамдай алтын жұмсалапты дейді. 1 грам алтынның бүгінгі бағамы 25 мың теңге екенін ескерсек, бір тұмылдырыққа 1 миллион 250 мың теңге жұмсалыпты.

Сонымен алтын маска таққан миллиардерді дегенмен, тағдырдың тәлкегі ме, короновирус дерті айналып өтпепті. Миллион теңге тұратын алтын тұмылдырық оны жұқпалы дерттен сақтап қала алмапты. Миллиардер де дертке шалдығады. Жәй шалдығып қоймай, бұл ару алпауыттың бойындағы басқа да дерттерді қоздырады. Сөйтіп, көп ұзамай алтын маска таққан алпауыт жантәсілім етеді. Осылайша, миллиардерді миллиардтаған ақшасы құтқарып қала алмайды.

Ақшаны ақылмен пайдаланбасаң, құрдымға құлатады

Мұсылмандарыдң арасында ақшаны Алла адамға сынақ үшін береді деген түсінік бар. Бұл шындығында солай сияқты. Жаратқан пенделеріне мол байлық беріп, « қандай мақсатта пайдаланады, нәпсісін қанағаттандыруды ойлап, күнәнің құрдымына құлай ма, әлде сауапты істерге жұмсап, игілікке кенеле ме?» -деп сынайтын секілді. Дегенмен, адамдардың 99 пайызы осы сынақтан өте алмай, омақасып құрдымға құлап жатады. Осыған қарап: байлық адамға бақыт әкеледі деген түсініктің жаңсақ екенін бағамдайсың.

Пакьяо деген тайландтық мықты боксшы бар. Миллиондаған доллар табыс тапқан әйгілі боксшы кеедй отбасында туып өскен екен. Кедейліктің тауқыметін тартқан ол, мол ақша тапқан соң жүздеген ауылдастарына  түстеріне де кірмейтін жайлы сәулетті коттедж сатып әпереді.  Жалғызбасты қарт әйелдің жайлы үйге кіргенде  тағдырдың бұл сыйына сене алмай, боксшының аяғын құшып еңіреп жылаған видеосы бар. Міне, осылайша, кедей отбасынан шыққан өз өнерімен әлемге танылып, мол байлыққа ие болған жігіт байлығын үлкен сауапты іске жұмсап, жұмаққа енгізетін мол сауап алды.

Ал біздің елімізде он рет пе, жиырма рет пе үйленіп, тоқал алудан рекордтық жетістікке жеткен, өз ақыл-ойымен емес, қызмет мансаптың арқасында арам жолмен байлыққа жеткен біреудің тоқалдарының интернетке бағасы миллиондаған доллар тұратын әшекейлерін салып, мақтаныш еткен ақпараттары көп. Алла берген байлықты қарақан басы, тойымсыз нәпсісі үшін ғана пайдаланып, аз күндік ғұмырында байлығынан сауап емес, тозақтың құрдымына құлататын күналарды молынан жинап жатқан байшыгештің әрекетіне қарап, Алланың сынағынан өте алмай омақасу деген осы екен ғой деген ойға қаласың.

Байлыққа бәрін сатып алуға болмайды. Үнді миллиардерінің өлімі ажал келген сәтте қап-қап ақшаңмен өміріңді бір секунд ұзарту да мүмкін болмайтынын айғақтайды. Ендеше, басыңызда шайнам ми болса, бес күндік ғұмырда нәпсінің құлы болып, Алла сынақ үшін берген ақшаны далаға шашпай, сауап алуға жұмсаңыз.  Әйтпесе, ертең бармағыңызды шайнап, қатты өкініште қаласыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика