Ақшаңызды құнсызданудан қорғаудың амалы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Осыдан бір айдай бұрын 1 АҚШ доллары 425 теңге еді, содан кейін теңге бағамы 525-ке жетіп, қазір аздап төмендеп, 515-тен сатылуда. Сөйтіп бір айдың ішінде теңге 100 пунктке бірден құлдырады. Өкініштісі сол, теңгенің құнсыздануынан ешкім қорғай алмайды және мемлекет тарапынан да ешқандай кепілдік жоқ. Сондықтан жинап жүрген азын-аулақ ақшасын құнсызданудан сақтау әркімнің өз жеке басының ісі болып табылады.

Құнсызданудан қорғанудың тәсілі – әртараптандыру

Ақшаның құнсыздануы нарықтық қоғамда болмай қоймайтын құбылыс және бұл әлемнің барлық елдерінде бар. Осыған орай, ақшаны құнсызданудан қорғаудың амалын да адамдар ерте кезден ойластырып, тәжірибе жүзінде сынақтан өткен амал-тәсілдерді іріктеп алып, қолданып жатады. Мен сіздің назарыңызға  өзім тәжірибе жүзінде қолданып жүрген сондай тәсілдердің бірін  ұсынамын.

Бұл тәсіл инвестициямен көп уақыттан бері айналысып келе жатқан тәжірибелі инвесторға емес, негізінен оны жаңа бастап жүрген адамға арналған. Оның қолайлылығы сонда: сіздің ақшаңыз ұдайы ақырындап болса да өсіп, көбейеді және ақшаңызды жоғалтып алу қаупі барынша азаяды. Яғни, ең қауіпсіз, сенімді және қолжетімді тәсіл.

Егер сіздің жинаған ақшаңыз 2 миллион теңге болсын делік (одан аз болса бұл тәсілді қолдану қиындау болады). Сіз оны сақтап, көбейту үшін мынадай инвестициялық папкалар ашып, соны пайдалануыңыз қажет болады. Ақшаңыздың кем дегенде 40 пайызын аса сенімді, бірақ өсім пайызы аздау жобаға саласыз. Бұл сіздің инвестицияңыздың ядросы, яғни негізі болып табылады. Оны жоғалтып алу қаупі жоқтың қасы.

Бар ақшаңыздың екінші 40 пайызын тәуекелі көбірек, соған орай өсім пайызы да біршама жоғары жобаға салуыңыз қажет. Бұл сіздің салымыңыздың негізгі өсімін қамтамасыз етеді. 10 пайыз сылымыңызға алтын және күміс монеталар алып қойғаныңыз жөн. Бұл да өте сенімді бірақ, өсімі жоқ. Өсімі мүлдем жоқ деуге болмайды, оның өсімі бағалы металдың қымбаттауына байланысты анықталады.

Жинаған ақшаңыздың 10 пайызына криптовалюта сатып алыңыз. Оның өсімі өте жоғары, сонымен бірге тәуекел деңгейі де жоғары. Енді осы тәсілді нақты қалай жүзеге асыруға болады, соған тоқталайын.

Уақыт өткен сайын ақшаңыз көбейіп, көңіліңізге қуаныш әкеледі

Мен назарыңызға ұсынған 40-40-10-10 тәсілін өз басым қалай жүзеге асырдым, соны назарыңызға ұсынғым келеді.  Менің барлық салымымның 40 пайыздайы отандық Хоумкредитбанктің «Қарапайым» (Простой) деп аталатын депозитінде сақталуда. Оның бұрын жылдық өсімі 9 пайыз еді, биыл наурыздан бастап 13 пайызға өсті. Назар аударарлығы: ақша күн сайын түсіп отырады және каптиализацияланады. Ең төменгі салым мөлшері 1000 теңге және ақшаңызды кез-келген уақытта оңай шығарып ала аласыз.

Салымның тағы бір артықшылығы: айдың кез келген күнінде салымыңызға қосымша ақша салуыңызға болады. Смартфоныңызға Хоумкредиттің қосымшасын жүктеп алсаңыз болды. Ақшаңызды шығарып алу үшін банк тегін беретін картаны пайдаланыңыз. Салымдағы ақшаңызды сол картағы аударасыз да, кез-келген банкоматтан қолма-қол ақшаға айналдырасыз.

Қарапайым депозитінде валюталық салым да бар. Оның өсімі жылына 1 пайыз. Жалпы, еліміздің барлық банктерінде валюталық салымның өсімі 1 пайыздан аспайды. Өсімі аз болғанымен, салымыңыздың бір бөлігін валютада ұстағаныңыз жөн. Менде доллармен депозит бар. Оны қосымшадағы кабинетіңізден ешқайда бармай-ақ онлайн тәсілмен аша аласыз және ақшаны да қосымша арқылы салуға болады. Валюта салымының ең төменгі сомасы 10 доллар.

Айта кетерлігі: бұл депозит мемлекеттік кепілдікпен қорғалған, 20 млн теңгеге дейінгі салымыңызды мемлекеттік епілдік бойынша, тіпті банк банкрот болғанның өзінде қайтарып ала аласыз. Яғни, өте сенімді. Сонымен сіз 2 млн жинаған ақшаңыздың 40 пайызын, яғни 800 мың теіңгені Хоумкредиттің Қарапайым депозитіне жартсын теңгемен, жартсын доллармен салып қойдыңыз. Осымен іс бітті деп санауға болады. Яғни, сіздің салымыңыздың сенімді ядросы, жоғалмайтын бөлшегі бар.

Енді тәуекелі біршама жоғарылау және соған орай түсімі де жоғары екінші пакетіңізді жасақтауыңыз қажет. Оған мен өзім пайдаланып жүрген Виста депозитін ұсынамын. Оның өсімі жылына 23-24 пайыз, валютамен. Депозит евромен жұмыс істейді. Ең төменгі салым мөлшері 1000 евро, теңгеге шаққанда 550 мыңның шамасы. Оған қоса, есепшотты ашу үшін 100 евро комиссия төлеуіңіз қажет. Соны қосқанда 1100 евромен депозитті ашуға болады. Түсім айына бір рет түсіп отырады. Айына орта есеппен 1,5-2 пайыз шамасында өсім түседі. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Депозит сіздің салымыңызды жедел көтеруге үлкен ықпалын тигізеді.

Ақшаңызды құнсызданудан сақтаудың тағы бір тәсілі ретінде ұсынған алтын және күміс монеталарды сіз екінші деңгейлі банктерден сатып алуыңызға болады. Оны сатып алу да, сату да онша қиын емес. Тағы бір назар аударатын жай: ақша құнсызданып, тіпті шетелдік валюталар да құнсызданып жатқанда алтын мен күміс бағасы керісінше өседі. Яғни, ақшаңызды құнсызданудан сақтаудың бұл да бір сенімді тәсілі. Сондықтан жинағыңыздың 10 пайызына, яғни 200 мың теңгеге алтын және күміс монеталар сатып алып қойсаңыз, сенімді болады.

Қалған ақшаңыздың 10 пайызына криптовалюта сатып алыңыз. Ол үшін https://www.blockchain.com/ru/ сайтына тіркеліңіз. Бұл криптовалютаны сатып алып сақтайтын өте сенімді сайт. Өсімі жоғары және жұртшылыққа кең танымал екі криптовалютаны алғаныңыз дұрыс, олар: биткоин және эфириум. Криптовалютаны отандық банктердің карталары арқылы сатып алуға болады. Мен халықбанктің картасы арқылы сатып алып жүрмін.

Міне, осылайша, сіз өзіңіздің жиған ақшаңызды 4 инвестициялық пакет ашып, соған орналастырдыңыз, содан кейін ақшаңыздың қалай өсіп жатқанын бақылап отырсаңыз жеткілікті. Әрине, салымыңыз жылдамырақ өссін десеңіз, ай сайын ақырындап қосып отырсаңыз болады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика